24
Дегельминтизация – ағзадағы гельминттерді клиникалыққа шығару
немесе клиникалыққы ортадағы гельминттерді (жұмырқаларды,
ересек
формалар мен дернәсілдерді) жоюға бағытталған кешенді шаралар.
Дегельминтизацияның 3 түрін ажыратады: емдік, алдын алу және
диагностикалық. Егер дефинитивті иенің ағзасында қоздырушы ұзақ уақыт
тіршілік ететін болса, ал жұмыртқа сатысы қысқа уақытта болса сол уақытта
дегельминтизация
әсерін көрсетеді;
Егер дегельминтизация жоспарлы, салмақты және міндетті, ал
антигельминтік препараттардың әсері жоғары болатын болса, олар адам мен
жануарларға улы емес және қол жетімді болады.
Л. А. Лосев преимагинальді дегельминтизация терминін ұсынды –
дефинитивті ие ағзасындағы гельминттердің
жыныстық жетілуіне дейін
шығарып жіберу. Дегельминтизация тек қана ересек паразитті құрттардың
жоюын ғана қарастырмай, сонымен қатар адам мен үй жануарлары
дегельминтизациясын, топырақ, су, қоршаған орта,
көкөністер, тұрмыстық
заттар мен т.б. нысандарды кешенді шаралар арқылы қарастыруы қажет.
Дегельминтизацияның қағидалары адам мен ауыл шаруашылық
жануарлардың гельминтоздарымен күресу шараларымен тығыз байланысты.
Академик К.И Скрябинмен табылған халық гельминтоздарымен күресу
шаралары, оның нұсқауларына негізделген. Кейін гельминтоздармен күресу
шараларының жиынтығын талдау жүргізгеннен кейін, К.И Скрябин сол
гельминтозды ликвидациялау үшін оның қоздырушысын жою қажет деп
қорытынды шығарды. Бұл жаңа қағиданы 1944 ж. К.И
Скрябин девастация
(лат. devastate - ойрандау, қыру) деп атады.
Девастация ауру қоздырушысының тез жойылуын және оның барлық
даму сатыларын қыруды, механикалық, физикалық,
химиялық және
биологиялық әдістермен жоюды талап етеді.
Ауру қоздырушыны жою шаралары сол аймақтағы талаптармен сәйкес
болуы қажет, яғни кейін бұл қоздырушылардың биологиялық тіршілік ету
мүмкіндігі болмауы қажет.
Девастация мақсатында паразиттік және мезгілінде гельминттердің
жойылу әдісі қолданылады, бұл әдістер гельминттердің клиникалыққы ортасын
өзгертеді (иенің ішінде және иенің клиникалықында), оның тіршілік етуіне
қолайсыз болады.
Сонымен қатар, инвазияның бөлек ошақтарында
девастационды кешенде барлық әдістер арқылы адам және жануар ағзасының
резистенттілігінің жоғарылау (толық азықтану, медикаментозды препараттар,
жасанды иммунизация т.б.) шараларын жүргізеді.
Резистенттілігі жоғары ағзада паразиттердің дамуына қолайсыз
талаптар
пайда болады, олардың көбісі имагинальді сатысына жетпей өліп қалады.
Кейбір жағдайда ауру малдардың карантинін немесе девастационды изоляция
шаралар кешенінде өткізілуі мүмкін, себебі олар паразиттердің дамуын
тоқтатады.
Девастация тек иесінің ағзасында онтогенезі бар және эпидемиология мен
эпизоотология ауруларында белгілі ерекшеліктері болатын гельминтоз
қоздырушыларында ғана болады. Девастациялық шаралар кешеніне ауруларды
25
емдеу, барлық сатыда өтетін сау қоздырушыларды алдын алу және
қоздырушыларды жою жатады, сондықтан девастацияны іске асыру үшін нақты
анықталған диагностика, емдеу және алдын алу шаралары болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: