интенсивтiгi
Инвазиялық аурулардың барысы көптеген факторларға – паразиттiң
түрiне, биологиясына, инвазияның интенсивтiгiне, жануардың физиологиялық
жағдайына тәуелдi болады. Сондықтан, осы көрсетiлген себебтерге байланысты
паразитарлық аурулардың жiтi айқын клиникалық белгілерін және
субклиникалық (белгiлерi айқын көрiнбейтiн) Клиникалық белгілерін
анықтауға қиын.
Күйiстiлердiң iшек нематодоздары кезiнде инвазияның латенттiк (latentis
- жасырын) түрі орналасқан. Осылай, семiздiгi жақсы қозылардың күзде
диктиокаулюс дернәсілдерімен зақымдалуы шажырқай, сөл бездерiнде
паразиттiң тоқтауымен аяқталады. Бiрақта, ерте көктемде сапалы азықтың
жоқтығынан, өтпе желдің әсерінен және тағыда басқа терiс факторлардың
дернәсілдер иесiнің нақты барьерлері арқылы еркiн өкпеге өтiп диктиокаулез
ауруын тудырады.
Биязы жүндi қойларда қышыма күз-қыс кезеңiнде жiтi түрде дененiң
үлкен бөлiктерiн зақымдаумен өтедi, бiрақта жазда жақсы жайлау болғаннан
және күн сәулесi молшылығынан бұл инвазия жасырын өтеді.
Көптеген паразиттарлық аурулар айқын емес, клиникасы белгiсiз,
созылмалы түрде өтедi. Жануарлардың паразиттермен зақымдалуы туа біткен
немесе жүре пайда болған иммунитетке, табиғи резистенттiлігiне, түрiне,
тұқымына, жасына, бағу және азықтандыру жағдайына байланысты болады.
Жануарлар бiр жайлауда әрбiр мерзiмде паразиттiк организмдерiмен бiрдей
емес және солардың түрiмен зақымдалады. Сол үшiн паразитологияда келесi
тусiнiктердi қолданады.
Инвазияның экстенсивтiгi (ИЭ) – бүкiл зерттелген мал басынан
зақымдалған жеке организм санын пайзбен есептеп көрсету, мысалы,
гельминтокопрология кезiнде 100 мегежiннiң онында ғана аскарида
жұмыртқалары табылады, ендеше ИЭ 10 % тен болады.
Инвазия интенсивтiгi (ИИ) жануарды сойып ашып паразиттiң белгiлi
түрiнің санын айқындау және данамен бағалау. Осылай, iрi қараның бауырын
сойып ашып қарағанда 10 фасциола табылса, ИИ 10 % болады.
Достарыңызбен бөлісу: |