К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Патологиялық-анатомиялық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет144/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлген малдың өлексесі 
тым арық, терісі өте қалың, терінің беті кедір-бұдыр, кей жерінің түгі түскең. 
Тері астының шелінде және бұлшық шандырында көптеген цисталар 
байқалады. Сондай-ақ, цисталар көзде, танауда, көмекейде, кеңірдекте, сиыр 
қынабында, бұқаның ені мен күпегінде де көп кездеседі. Бауыры үлкейген, 
сары балшық түстес, әр жері нүкте тәрізденіп қанталаған. 
Емі. Безноитиоздың нақты емі әлі табылған жоқ. 
Алдын-алу және күресу шаралары. Ауру малды дер кезінде 
табыннан бөліп оқшаулап, жарамсыз топқа шығарып, етке пайдалану керек. 
Қан сорғыш жәндіктермен инсектицид және репеллент дәрілерін қолданып 
күресу керек. Мал қораларын уақытында қидан тазалап, жиналған көңді 
биотермиялық әдіспен өңдейді. Мал қорасына мысық жібермеген жөн. 
Жазда шөлейт аймақтарда, өзен алқаптарында, қамысты көл 
жағалауында жайылған малды күзде міндетті түрде клиникалық байқаудан 
өткізу қажет. Бұл жұмыс басқа мал дәрігерлік шаралармен қоса, бір мезгілде 
жүргізіледі. 
 
3.13 Шошқа балантидиозы 
 
Шошқа балантидиозы - жіті немесе созылмалы түрде өтетін 
Balantіdіum colі деп аталатын кірпікті қарапайымдылар қоздыратын, колит 
немесе гастроэнтерит түрінде байқалатын жас торайлардың ауруы. 
Қоздырғышы. Ауру қоздырғышы тоқ ішектеің кілегей қабығында 
мекеңдейді. Балантидиялар сопақ не жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 47-120 
мкм, ені 27-85 мкм. Денесінің клиникалықында кірпікшелері бар. Олардың 
көмегімен балантидиялар қозғалып, тіпті ішектің қырына да еніп кетеді. 
Паразиттің цитоплазмасында үлкең (макронуклеус) және кіші ядросы 
(микронуклеус) болады. Балантидиоз шошқадан адамға және атжалмандарға
(хомяк) жұғуы мүмкін. Ал атжалмандар (хомяк)
ауру қоздырғышын ұзақ 
уақыт сақтап қалады. 
Шошқа ішегіндегі балантидиялар дәл ортасынан көлденеңінен екіге 
бөлініп көбейеді. Сонан соң жыныссыз көбею коньюгациямен яғни көбеюдің 
жынысты түрімен ауысады. 
Шошқа 
нәжісімен 
клиникалыққа 
шыққан 
балантидиялар 
клиникалықына қабықша (циста) түзіп, денесі дөңгеленеді. Дене тұрқы 
мұндайда 58-88 мкм-ге дейін кішірейеді. Циста ішіндегі паразиттер қоршаған 


152 
26 сурет. Balantіdіum colі. 1, 2-микро және макронуклеус; 5 -ас қорыту 
көпіршігі; 3, 4 – жиырылмалы көпіршік; 6 - ауыз қуысы. 
ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді. Олар бір жылға дейін тіршілігін 
сақтай алады. Балантидиялар ішектегі микроорганизмдер және крахмалмен 
қоректенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет