К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректері



Pdf көрінісі
бет143/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректері. Безноитиоз Қазақстанның Оңтүстік 
облыстарында ғана, атап айтқанда Шымкеңт, Жамбыл, Қызылорда және 
Алматы облысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Профессор Б. П. 
Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара етін зерттеп
одан ең алғаш паразит цисталарын тапты. 
Қазақстанда безноитиоз Сырдария, Шу, Талас, Асы өзендерінің 
алқаптарында және Іле , Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі. 
Клиникалық белгілері. Безноитиоздың жасырын кезеңі 6-10 күн, ал 
кейде 1-1,5 айға созылады. Аурудың жіті түрінде алдымен малдың дене 
қызбасы 40-41,5
0
С дейін көтеріледі. Бірақ 2-5 күннен соң қызба басылып, 
аздан соң қайта көтерілуі мүмкін. Ауру малдың тыныс алуы мен жүрек соғуы 
жиілейді. Бұл ауруға тән белгілерінің бірі - көз қарығуы. Көзі 
коньюнктивитке шалдығып, мал көзге сәуле түсуінен қорқады. Сондай-ақ 
ринит асқынып, танауларынан жалқаяқ сорғалайды. 
Ауру мал күйзеліп, тәбеті қашады. Кейбір клиникалыққы сөл бездері 
қабынады және ұлғаяды. Көздің қас қабағында үлкеңдігі тары дәніндей, ақ 
түсті (цисталар) түйірлер пайда болады. Танау іші қызарыңқы, онда ақ 
түйірлер орналасқан. Кейбір жануарлардың жұтқыншағында, қынабында да 
осындай ақ түйірлер кездеседі. Кейбір буаз сиырлардың іштастауы мүмкін. 
Кейде ауру малдың аяқтары және әукесі ісінеді. Сиырдың қынабы, ал 
бұқаның ені қабынады. Сондықтан безноитиоз бұқаларды белсіздікке душар 
етеді. Күтімі нашар болса, безноитиозға шалдыққан мал шығынға ұшырауы 
мүмкін. 
Безноитиоздың созылмалы түрінде мал сап-сау сияқты боп көрінеді, 
бірақ біртіндеп арықтай береді. Малдың ісінген терісі қатпарланады,
қалыңдайды, тіпті пілдің терісіне ұқсайды. Кейбір жерлерінің терісі 
жарылып, одан қан шығып тұрады, түгі түседі. 
Ауру мал ыстыққа шыдай алмай, тыпыршып көлеңкеге тығылады 
немесе суға түсіп тұрады. Шамамен безноитиозға шалдыққан малдың 10 % 


151 
шығынға ұшырайды. 
Балауы. Безноитиоздың Эпизоотологиялық деректерін, аурудың 
клиникалық белгілерін анықтайды. Ауру малдан алынған цисталарды 
(түйіршіктерді) екі шынының ортасын салып қысады да, ішіндегі 
трофозоиттарды шығарып, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сондай-ақ, 
биопсия жасап, теріден алынған кесіндіні гистологиялық әдіспен тексеріп
цисталардың бар-жоғын анықтауға болады. Безноитиозды анықтау үшін 
серологиялық әдістерін де қолдануға болады (КБР). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет