Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Терінің іш жағынан жақсы
байқалатын сұр заты бар тығыз ошақтар табылады. Терінің гистологиялық
кесінділерін зерттегенде түк баданалары мен май бездерінің кенейгендігі
және қабырғаларының зақымданғандығы, сондай-ақ эозинофилдерден,
лимфоциттерден және гистиоциттерден құралған ошақты инфильтраттар
кездеседі.
Балауды клиникалық және Эпизоотологиялық деректер негізінде
қояды. Оны анықтай түсу үшін төмпешіктерді қан алғыш инемен тесіп,
ішіндегісін микроскөп арқылы зерттеу қажет. Ол үшін алынған жадығатқа екі
есе керосин немесе вазелин майын, олар болмаса 10% ас тұзы ерітіндісін
қосып, мұқият араластырады да, "езілген тамшыларын" микроскөп арқылы
кіші немесе орташа үлкейткішімен қарайды. Тірі кенелерді өлгендерінен
ажырату үшін төсеніш шыныны аздап жылжыту шарт.
Емі. Қоздырғышқа дәрі тікелей дарыса, олар тез өліп қалады, бірақ
қоздырғыштың тері ішіне мекеңдеуі оны химиялық заттардан қорғайды.
Сондықтан демодекозбен ауырған жануарларды емдеу өте қиынға соғады.
Демодекоз шыққан шаруашылықтарда жануарларды бүрку әдісімен
немесе дәріні шашамен жағып емдейді. Емдік мақсатымен 0,5 %-ды дикрезил
эмульсиясын, 1 %-ды хлорофос ерітіндісін қолданады. Жануарларды әрбір 4-
5 күн сайын 5-6 рет дәрілеу қажет. Сонда ғана Клиникалық белгілері бірте-
бірте жоғалады. Клиникалықтан қолдануға 0,5 % корал, 1,5 % карбофос, 0,2
% этафос және 5 % гордон эмульсиялары тиімді. Сондай-ақ 0,2 % г/кг
мөлшерінде тері астына егілетін ивомек те жақсы нәтиже береді.
Жоғарыда аталған эмульсиялар мен ерітінділер әр жануарға 2-3 л
есебінен қолданылады. Жануарларды осындай дәрілеу олардың организмінде
ешбір жанама құбылыстарды туғызбайды. Қандағы холинэстеразаның
дарынсыздығы 30-38 %-дан аспай және әрбір дәрілеуден кейін 3 - 4 тәуліктен
соң қалпына келеді. Ауруға шалдыққан жерге жергілікті ем де қолдануға
болады. Демодекоз колониялары шоғырланған жерге арасына 4-5 күн салып,
3-4 рет “Акродекс” және дерматозоль аэрозольдары қолданылады, бірақ
мұндайда бүкіл тері жабынын дәрілеуді де естен шығармау шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |