180
V БӨЛІМ. МАЛ ДӘРІГЕРЛІК ЭНТОМОЛОГИЯ
Энтомология (грекше – entomon – шыбын-шіркей және iogos - ғылым)
шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым. Ол арнайы
бірқатар пәндерге бөлінеді, оған жалпы энтомология-теориялық ғылыми пән,
ауыл шаруашылық және орман энтомологиясы – ол пайдалы жәндіктерді
зерттеумен қатар, өсімдіктерге зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын
әдістерді зерттейді, сондай-ақ медициналық
және мал дәрігерлік
энтомологиясы болып бөләнеді. Жануарлар денсаулығына жәндіктер өз
зиянын бір жағынан паразиттер ретінде тигізсе, екінші жағынан жұқпалы
аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Кейбір
жәндіктер гельминттердің
дамуында аралық ие, ал басқа біреулері мал өнімдерін бүлдіреді. Жәндіктер
тудыратын аурулар-энтомоздар деп аталады.
Жәндіктердің дене құрылысы. Жәндіктер денесі 3 бөлімнен құралған,
оған бас, кеуде, және құрсақ жатады.
Басы кеуде бөлімімен қозғалмалы түрде тіркеседі, бунақталып келіп
клиникалықынан хитинді қабыршақпен жабылған.
Ауыз мүшелері бастың алдыңғы және астыңғы жағына орналасқан.
Олар
жоғарғы еріннен, 3 пар ауыз немесе жақтардан және жұтқыншақ
астынан құралған. Тамақтану түріне байланысты жәндіктердің ауыз
мүшелерінің кеміргіш, сорғыш немесе тікенекті сорғыш түрлері бар.
Басының екі жағында күрделі көздер орналасқан,
олар ұсақ көптеген
жай көздерден құралған. Сондықтан оларды торлы көздер деп те атайды.
Сонымен қатар кейбір жәндіктердің төбесінде 1-3 жай көздер де болады.
Кеуде бөлімі 3 буылтықтан құралған. Олардың әр қайсысына бір-бір
жұп аяқтар жалғасады. Ал екінші және үшінші буылтығында бір-бір жұп
қанаттары бар, кеуде бөліміне жалғасқан әрбір аяқ, жанбасша, ұршықбас,
спан, сирек және табан мүшелерінен құралады.
Қанаттары бір-біріне жабысқан
жұқа табақшалардан тұрады, ал
олардың
өзі-қабықша
бүйіріне
өсіп
шыққан
өсінділер.
Қанат
табақшаларының арасында кеңірдектер және жүйкелер орналасқан, олар
өткен жерлерінде хитин қалыңдап тарамданған, ал олардың орналасуы
жәндіктерді жіктеуде маңызы бар.
Құрсақ бөлімі 12
буылтықтан құралған, бірақ олардың бірқатары
жыныс мүшелерінің бөлшектеріне айналған, сондықтан әр түрлі
жәндіктердің көрініп тұратын құрсақ буылтықтары 5-тен 11 шамасында.
Ұрғашыларының жұмыртқа қалдықтары 8-9 буылтық бөлшектерден
құралған.
Достарыңызбен бөлісу: