К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет21/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
 
 


28 
II БӨЛІМ. ЖЕКЕ ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯ 
 
2.1 Паразитология зертханасында жұмыс iстеу кезiндегi қауіпсіздік 
шаралары 
Паразитологиялық зертханада әртүрлi ауру жануарлардың нәжiсiн 
зерттейдi. Ашып сойғаннан кейiн шошқа мен iрi қараның эхинококк 
дернәсілдерін, таспа құрттарын, аскаридаларды, описторхтармен және басқа 
гельминтердi табуға болады. Жуылмаған қолдармен тамақ жегенде зақымдалуы
байқалады. Ең қауiптi – ит, мысық, түлкi және терiсi бағалы аңдардың 
гельминттерлерi. Оқулы паразитологиялық зертханасында жұмыс iстеу кезiнде 
қауiпсiздiк шарттарды қамтамасыз ету мақсатымен әр бiр студент келесi 
талаптарды орындау қажет: 

халат пен колпак киiп жұмыс iстеу, қажет еткеңде алжапқыш пен 
резеңке қолғап кию керек. 

зертханалық жануарлармен жұмыс iстегенде тынымды фиксация 
немесе қозғалыссыздандыруға көңiл бөлу керек. 

зертханалық жануарларда тәжiрибе iстегенде, жұмыс орнын және 
жеке гигиена ережесiн тазалықта сақтау керек. Тәжiрибе аяқталғаннан соң, 
жұмыс орнында дымқыл жинастыруды әлсiз дезинфектант ерiтiндiсiмен 
(хлораминнiң, көмiрқышқыл натриi және тағы басқа), ыдыс аяқ пен құралдарды 
жуғыш затпен жылы суда жуу, таза суда шаю және кептiру. Жануармен 
контактте болғасын қолды дұрыстап жуу. 

зертханалық жұмыс жасағанда, химиялық заттар ауыз үңгiрi мен 
киiмге тимеу керегiн сақтау. Жеке қолдану тамызғышын, жартылай автомат 
мөлшерлеуiшiн, бюретканы алдын-ала нұсқауын оқып, содан кейiн қолдану 
керек. 

электрлi құрал-жабдықтар мен аспаптарды қолдану кезiнде қатаң 
қауiпсiздiк ережесiн сақтау. 

сәуле микроскөпымен жұмыс iстегенде зерттеушiнiң көзiне 
фокустiк сәуле түспеу керегiн сақтау. 

паразитологиялық зертханада жұмыс iстер алдында арнайы 
журналда қауiпсiздiк техникасы нұсқауының тiркеуiнен өту керек. 

зертхананың шегiнен арнайы киiмiмен шықпау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет