27
әдістерін екі топқа бөледі: тірі кезінде және
өлгеннен кейінгі кездегі, одан басқа
гельминтоздарды және инвазиондық жұқпалы
ауруларды ажырату балауын
білу керек.
Диагностиканың негізгі әдістері – зертханалық зерттеулер.
Жиі нәжісте, несепте, бөліндіде (өтте), ұлпаларда (қанда, бұлшық етте),
мүшелерде (тері кесігінде), пунктаттың
және абсцесстің сұйығында
гельминтоздардың
қоздырушыларын, жұмыртқаларын
және дернәсілдерін
табуға болады.
Маңызына
байланысты
зертханалық
зерттеулерді
гельминто-
овоскопиялық, гельминтоларвоскопиялық және
гельминтоскопиялық зерттеу
әдістеріне бөледі.
Гельминтоовоскопиялық зерттеу
әдістері арқылы экскретте, секретте
және қарында көп паразиттік құрттар жұмыртқаларын табуға болады.
Гельминттердің дернәсілдерін (диктиокаул, мюллерий және т.б.) табу
үшін гельминтоларвоскопиялық зерттеу әдістерін қолданады. Осы зерттеулерді
өткізу үшін Берман-Орлов және Вайда әдістерін пайдаланады.
Нәжісте гельминттерді немесе олардың мүшелерін табу үшін
гельминтологиялық зерттеулерді қолданады.
Бөлімді қайталауға арналған бақылау сурақтары:
1.Паразитологияға анықтама беріңіз?
2.Паразитизм дегеніміз не?
3.Паразиттердің қарым-қатынас түрлерің атап беріңіз?
4.Паразит дегеніміз не?
5.Паразиттің түрлерін атап беріңіз?
6.Инвазияның интенсивтігі және экстенсивтігі түралы түсінік.
7.Антропозооноз дегеніміз не және ол туралы түсінік.
8.Паразит иелерінің сипаттамасы.
9.Паразитологияның негізгі қалаушысы кім?
10.Дегельминтизация деген не? Девастация деген не? Оның түрлерің
атаныз?
11.Гельминттерді зерттеу түрлерін айтып беріңіз?
12.Гельминтоздарды диагностикалау әдістерін атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: