26
облыстын бір шаруашылығында жылқылардың қышымасы). Табиғи ошақты
аурулар
жиі жазда, кенелердің және қансорғыш жәндіктердің (мерзімді)
белсенді кезенінде пайда болады және таралады. Үй жануарлары мен адамдар
табиғи ошаққа түскең кезде трансмиссивтіқ аурулармен зақымдалуы мүмкін.
Тағыда мүмкіндік жұқтыруының бастапқысы синантроптық ошағынан табиғи
ошаққа циркуляция жасауы. Уақытында аурудың табиғи ошағын айқындау
қажет.
Трансмиссивтіқ аурулардың табиғи ошағы
тұралы оқу ветеринарияға
және медицинаға өте манызды. Көп жұқпалы және инвазиялық ауруларына
қарсы тиімді алдын-алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру және
практикада жұзеге асыру. Ол теориялық негізі болып саналады.
1.15 Гельминтоздардың диагностикасы
Жануарладың мүшелерінде және ұлпаларында
гельминттер табылған
кезде ауруға нақты балау қою негізі болып саналмайды. Өйтrені паразиттердің
әртүрлерімен зақымдалмаған «абсолютты таза» тірі организмдер табиғатта
болмайды. Басқа жағынан, жануарлардың
ауру және өлім болған
жағдайларында гельминттер табылмайды, неге десеніз олар өз – өзімен
организмнен шығады де немесе иенің мүшелерінде
және ұлпаларында өліп
қалады.
Сондықтан,
гельминттерді
анықтау
үшін
клиникалық,
паразитологиялық, патоморфологиялық және Эпизоотологиялық – критерийдің
толық кешенің назарға алу керек.
Гельминттердің көбісінде, ереже түрінде, клиникалық белгілері мінессіз
өтеді. Өте жиі тыныс алу және асқорыту жолының қызметі бұзылуы, өсіп–өну
тоқталуы, жүдеу, өнімділігі төмендеу байқалады.
Бірақта, кейбір гельминтоздар, осындай: тауық сингамозы мен
простогонимозы,
қоян пассалурозы, шошқа аскаридозы сияқтылар кезінде,
клиникалық белгілері жақсы білінеді. Сондықтан гельминтоздарға соңғы балау
лабораторлық зерттеулеріне негізделінеді және ашып сою нәтиже арқылы
қойылады.
Паразитологиялық деректер малдың организмінде гельминттерін, немесе
олардын бөліктерін, жұмыртқаларын және бөліндіде (нәжісте, қанда, кілегейде)
дернәсілдерін табуына негізделінеді. Паразитологиялық деректерін алу үшін
әртүрлі әдістерді қолданады:
тірі және өлген, ларвоскопиялық және
овоскопиялық (сандық және сапалық). Гельминтозға балау қою кезінде
паразитологиялық деректерінің маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: