1.14 Академик Е. Н. Павловскийдің трансмиссивтік ауруларының
табиғи ошақтығы туралы ілімі
Инвазиялық және жұқпалы аурулардың қоздырушылары ауру малдан сау
малға тасымалдаушылармен (бунақ аяқтылармен) жұқтырылады, сондықтан
трансмиссивтік (трансмиссия - беру) деп айтылады. 1939 жылы академик Е. Н.
Павловский трансмиссивтік аурулардың табиғи ошағы туралы оқу дайындады.
Е.Н.Павловский (1939) анықтамасы бойынша трансмиссивтік аурулардың
табиғи ошақтылығы деп ауру қоздырушысымен оның арнайы тасымалдаушысы
және паразиттің өзіне тән иелері (қоздырушысының резервуары, сақталатын
иесі, қоры) эволюциялық үрдіс бойы және осы шаққа дейін шектеуі белгісіз
ұзақ уақыт бойы ұрпақтары алмасып, табиғи ортада тіршілік ету құбылысын
атайды. Табиғи ошақты ауруларға жатады: кенелік энцефалит, лейшманиоз,
туляремия, трихинеллез, альвеококкоз және тағыда басқа аурулар, олар
адамдарға және ауыл шаруашылық жануарларға қауіп төндіреді.
Табиғи және синантропты ошағының және инвазиялық аурулардың
ошағы таралуын анық ажырату қажет.
Аурудың табиғи ошағы - табиғи ошақ қоздырушысының эволюциялық
үрдісінде пайда болған және адамның қатысынсыз табиғатта белгілі бір
климатта, өсімдік пен топырақтың, қолайлы микроклиматтың қолдағанында
сақталады. Аталған жағдай ну орман, құмды ыстық шөл, дала тағы басқа
географиялық ландшафтарға тән және биогельминтоценоздарға жатады.
Табиғи ошақтың құрамы 3 немесе 2 буынды болуы мүмкін. Үшбуынды
ауруларда: а) донор (қоздырушыны денесінде алып жүруші - жабайы жануар),
б) тасымалдаушы (қан сорғыш жәндіктер, кенелер) және в) реципиент (сау
ауруға бейім мал). Екібуынды табиғи ошақта: а) донор (резервуар, қоры) мен
қоздырушы немесе тасымалдаушы және б) ауруға бейім мал.
Табиғи ошақта ауру қоздырушылары тасымалдаушылардың көпшілігінде
өмір бойы сақталады, ал кейбір жылықандыларда антиденелер түзілуі себебінен
қоздырушы ұзақ сақталмайды. Бүл жағдайды былай деп түсіндіруге болады:
кейбір сүтқоректілердің және құстардың түрлері – табиғи ошақтық аурулардың
қоздырушы тасымалдаушылары – жануарлармен адамдардың түратын жерінде
мекеңдейді, мысалы, торғайлар, тышқан сияқты кеміргіштер. Осындай
жануарларды синантроптық деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |