6
КІРІСПЕ
Паразитология (гр.
сөзінен аударғанда parasitos – арамтамақ, тоғышар
logos – ғылым, ілім, паразит = para – жанында, sitos – қоректену) –
паразиттердің
пайда болу жолдарын, паразит пен иесінің өзара қарым-
қатынасын, паразиттердің құрылысын,
биологиясын, таралуын, сондай-ақ
адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің
паразиттік ауруларын, олардан
босатылу жолдарын және паразиттік ауруларға қарсы күресу және алдын-алу
шараларын зерттейтін ғылым.
Академик К.И.Скрябин паразитологиялық пәндерді осылай бөлді:
а) паразиттік организмдер алғаш пайда болуына қарай:
- зоопаразитология – жануарлар туандаған паразиттерді (гельминттерді,
өрмекші
тәрізділерді, жәндіктер мен бір торшалы қарапайымдыларды
)
және
олармен тудыратын
паразиттік немесе инвазиялық
аурулар деп аталатын
ауруларды
зерттейтін ғылым.
- фитопаразитология – өсімдіктер туандаған паразиттерді (бактерийларды,
бациллаларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды, риккетсияларды
)
және
олармен тудыратын ауруларды инфекциялық
немесе індетті аурулар деп
атайды.
б)
паразиттердің иелері немесе қоздырушыларының паразиттік объектісі
бойынша:
- медициналық зоопаразитология – адам
паразиттерің және солармен
тудыратын ауруларды зерттейді;
- ветеринариялық зоопаразитология – жануарлар паразиттерің және солармен
тудыратын ауруларды зерттейді;
- агрономиялық зоопаразитология – ауылшаруашылық өсімдіктер паразиттерің
және солармен тудыратын ауруларды зерттейді;
- ормандық зоопаразитология – орман ағаштар паразиттерің және солармен
тудыратын ауруларды зерттейді.
Паразиттердің алуан түрлерін зерттей отырып, олардың құрылыс
ерекшеліктеріне, Қоздырғышының даму биологиясыне және әртүрлі
зерттеу
мақсаттарына, әдістеріне қарай паразитология бірнеше салаларға бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: