8
I БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ПАРАЗИТОЛОГИЯ
1.1 Паразитология ғылымының даму тарихы және ғылымды
дамытуға үлес қосқан ғалымдардың еңбегі
Паразиттер туралы алғашқы деректер ертедегі тарихи көне
ескерткіштерде сақталынған.
Эберестің (б.д.д. VI ғ.) папирусында аскаридалар
мен тениидалар туралы деректер бар.
Гиппократ (460-370 ж б.д.д.) адамның тениидозар,
эхинококкоз,
аскаридоз ауруларын білген және бірінші болып
"Helmints" (гельминт) атауын
(термин) ендірген.
Аристотель (382-342 ж б.д.д.) аскариданы, тенияны және
ішек
құрттарды
(острица)
білген,
шошқаның
финнозы
туралы
жазып,
"гельминтоз",
"диптера",
"акарус" атауларын енгізген.
Ғалым, табиғатты зерттеуші (натуралист), философ және дәрігер
Ибн
Сина өзгертілген есімі Авиценна (980-1037)
ритша және ішек құрт, цестода,
аскарида құрттарымен таныс болған, гельминтоздардың патологиясы туралы
ілімді дамытқан.
Ф.Реди (1626-1698) бірінші рет барлық омыртқалар тобының
және олардың денелеріндегі гельминттер түрлеріне шолу жасаған.
К.Рудольфи
(1771-1832) гельминтология ғылымының атасы болып саналады. Ол әртүрлі
756 жануарлардан паразиттердің 981 түрін тауып, құрттар жөнінде жинақ
жазған.
XX ғасырдың 20 жылдарына дейін дүние жүзінде
паразитология жеке
ғылым ретінде қалыптаспаған. Паразитология мәселелерімен шұғылданатын
бірде-бір институт болмаған. Жоғары және орта дәрежелі мал дәрігерлік-
медициналық оқу орындарында, сондай-ақ дәрігерлердің
білімін жетілдіру
курсында паразитология пәні оқылмаған. Бірақ, зоология, малдәрігерлік және
медицина саласындағы кейбір ғалымдар (И.И.Мечников, К.А.Рудольфи,
Р.Лейкарт, Г.Ф.Кукеңмейстер, Г.С.Паллас, Э.А.Островский, Л.Ф.Боровский,
Д.А.Романовский, Н.А.Холодовский және т.б.) басқа мәселелермен қоса,
паразитология мәселелеріменде шұғылданған. Ол кезде Ресейде де
паразиттерді
зерттейтін мамандар болмады. Іс жүзінде малдәрігерлері мен медициналық
мамандар паразитарлық ауруларға көңіл бөлмеді, себебі оқу орындарын
бітірген мамандардың инвазиялық аурулар жөнінде дайындықтары жоқ еді.
1910 ж. Бүкілресейлік
малдәрігерлері құрылтайында Константин
Достарыңызбен бөлісу: