12
және жұқпалы емес
ауруларының жеке патологиясы, ветеринариялық-
санитарлық
сараптау, малдәрiгерлiк iс ұйымдастыруы мен экономикасымен,
тағы да
басқа клиникалық, зоотехникалық және агрономиялық пәндермен өте
тығыз қатысады.
1.3 Организмдердiң қарым-қатынас түрлерi
Жер жүзiндегi бүкiл жануарлар мен өсiмдiктер бiр-бiрiмен эволюциялық
даму процесi бойы тығыз қатынасуда, сол нәтиже арқылы организмдер әртүрлi
қоғамды құрайды және келесi қарым-қатынастарды туғызады.
Индифференттiк қарым-қатынас, тiрi организмдер бiр-бiрiнен тәуелсiз
көрiнедi, бiрақта бүкiл толы ұжым өмiрiмен тығыз байланыста болады.
Мысалы, қарағайлы орман. Үстiнгi
қабаты бормен көмкерілген, олардын
астында бұталар өседi, содан кейiн шөп өсiмдiктердiң қабаты, ал ең төменгiсi –
қалың мүк төсенiшiн құрайтын әртүрлi споралы формалары.
Осындай өсiмдiк
байланысы ғасырлар бойы әр түрлi факторлар әсерiнен қиылыстырылып, ең
бiрiншiден ауа райы және топырақ әсерiнен жиналған.
Достық қарым-қатынас (симбиоз – sin - бiрге, bios - өмiр)
екi жақты
немесе бiр жақты болады.Бұл қарым-қатынастар бiр-бiрiмен тығыз байланыса
болады. Симбиоз – кездей
соқтық қарым-қатынас емес, ол өмiр сүру
принципiне негiзделген зандылық, реттiк қайталау байланысы.
Екi жақты симбиоз (мутуализм) екi организм бiр-бiрiмен өмiр сүрiп, бiр-
бiрiнен пайда алады.
Бiр жақты симбиоз, немесе
синойкия, екi организмнiң қарым-
қатынасын айтады, одан бiреуi өзiне пайда келтiредi, ал екiншiсi алмайды.
Синойкияның түрлерi –
пәтерлiк және
комменсализм.
Пәтерлiк – өмiр сүру түрі, сол кезде бiр жануар екiншiнi уақытша түрақ
жайында пайдаланады (мысалы, горчак
балығы уылдырығын дұшпаннан
қорғау үшiн тiссiз ұлының мантия қуысына салады).
Комменсализм – өмiр сүру түрі, сол кезде бiр жануар екiншiнiң азық
қалдықтармен коректенедi және оған ешқандай зиян келтiрмейдi, мысалы, ұсақ
буылтық құрттар су – шаянның азық қалдықтарымен қоректенедi.
Достарыңызбен бөлісу: