40
2 сурет. F. hepatica
Қолайлы жағдайда екi
жетiден кейiн мирацидий дамиды, бұл дернәсіл
ұзындығы 0,15 мм, ұзынша пiшiндi. Дененiң алдынғы шетiнде қозғалмалы
бұлшықеттi iлмек, өт торшалары орналасқан, олардың секретi аралық
иеге мирацидийдiң кiруiне көмектеседi. Мирацидий
денесi кiрпiкшелермен
қапталған, сол арқылы олар суда еркiн жүзедi. Мирацидийдiң өмiр сүру уақыты
бiрнеше сағаттан 2-3 күнге дейiн. Аралық ие денесiне кiргенде мирацидий
кiрпiкшелерiн тастап, iшкi мүшелерге, бауырға енедi. Онда ол ұршық тәрiздi
болады, бiрнеше сағаттан кейiн аналық спороцистаға айналады.
Спороцистада ұрықтық торшалар болғандықтан жыныссыз жолмен
ұрпақтын келесi сатысы редия, одан церкарий шығады.
Церкариларда ауыз және құрсақ сорғыштары,
жұтқыншақ, iшектерi
жақсы дамыған. Бүйiрлерiнде цистогендi, терiлi бездер орналасқан. Дернәсіл
денесiнiң алдыңғы жағынан екi есе ұзын құйрықтары бар. Дене ұзындығы
құйрықсыз 0,3 мм. Моллюска денесiнен церкарий
клиникалыққы ортаға
шығады. Негiзiнен бiр моллюскадан бiрнеше жүз церкарий шығады.
Мирацидий моллюскаға кiргеннен церкарий
қалыптасқанға дейiн 2-3 ай өтедi.
Церкарий моллюскадан шыққаннан кейiн
бiрнеше уақыт еркiн жүзiп жүреді. Қатты затқа
жабысады немесе жүзiп жүредi, цистогендi
бездер ерекше секрет бөледi де қабыршақтанады.
Цистамен оралған
церкарийді адолескарий деп
атайды. Жануалар шөп, өсiмдiк және соны жеу
арқылы,
фасциолез
дернәсілдері
бар
су
қоймаларынан су iшкеңде жұғады. Дефинитивтiк
ие iшегiнде адолескарий қабыршағын түсiрiп,
құрсақ құысына енедi, бауыр капсуласы мен
паренхимасын бұзады,
жас фасциолалар өт
жолдарына кiредi. Кейде адолескарий iшек
кiлегей қабатын бұзады гематогендi жолмен iшек
венасы арқылы бауырдың өт жолына өтедi.
Адолескаридiң бауырға түскеңнен толық дамыған
сатысына дейiн 2,5-4 ай өтедi. Бауырда фасциола
бiрнеше жыл өмiр сүредi.
Достарыңызбен бөлісу: