К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет34/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу шаралары. Шаруашылықта фасциолездi толық жою үшiн 
комплекстi шаралар ұйымдастырады, жынысты жетiлген гельминттер сатысын 
жояды. Аурудан таза емес шаруашылықтарда алдын алу шараларын жылына 2 
рет жүргiзедi. Байлап ұстағаннан кейiн 2-2,5 айдан кейiн өндеу жасайды
өйткеңi бауырдағы фасциолалар осы кезде жынысты жетiледi. Iрi қара малды да 
байлап ұстағанда өндейдi. К.О-да бiрiншi дегельминтизация желтоқсанда, ал 
екiншi рет қаңтардың екiншi жартысында өткізеді.
Алты айдан жасы жоғары жануарларды төртхлорлы көміртегiмен, 


44 
гексахлорэтан мен емдеу кезiнде сияқты дегельминтизация жасайды. Нәжiстi 
жинап, залалсыздандырады. 
Фасциолезде жайылымды 2-2,5 ай сайын өзгертiп отырады. 
Шаруашылыққа қайта әкелiнген жануарларды карантиндеу кезiнде қарайды
нәжiстi зерттейдi. Фасциолезбен ауырған жануарларды дегельминтизациядан 
кейiн ғана табынға қосады. Моллюскаларды жою үшiн медный купоросты сулы 
ерiтiндi түрiнде қолданады 1:5000 10 л 1 м. Ерiтiндiнi ағаш ыдыста 
дайындайды, гидропульт арқылы зақымданған жерге шашыратады. Су 
қоймасында балық өсiрiлсе препаратты қолданбайды. 
Моллюскаларға қарсы 5,4 дихлорсалициланилид препараты да жақсы 
нәтиже бередi (1:1000). Ерiтiндiнi көктемде және жазда қолданады. Оны 
абайлап қолданады мал мен адамға зиян келтiрмеу үшiн. Химизациядан кейiн 
бiрнеше күн жануарларды өнделген жерге жаймайды. Балық шаруашылықты су 
қоймаларына препарат түспеу керек. 
Жайлауды моллюскоциттi өндеудi жылына 1 рет көктемде немесе күзде 
моллюскалар белсендi болғанда жүргiзедi. 
Мелиорация моллюскаларды жоюда үлкең роль атқарады. Қаз бен 
үйректер моллюскаларды жеп, кiшкене су қоймалар мен көлді аралық иеден 
тазартады. 
Фасциола жұмыртқалары клиникалыққа нәжiспен бiрге шыққанда 
биотермикалық өндеуде жойылады. Клиникалыққы ортаның зақымдануы ауру 
малдың фасциолезбен зақымдалған бауыры да болуы мүмкiн. Бұндай бауырды 
жегенде адам абай болу керек, ветеринариялық санитарлық бақылау қажет. 
Бауыр қатты зақымданғанда утилге жiберiледi, онша зақымдалмаған бауырды 
тазартып шектеусiз шығарады. 
Мирацидий күн жылы кезенде болады, оларды жоюға арнайы шаралар 
қолданбайды. Фасциолезге қарсы шараларда ауыл шаруашылығындығы 
малдарға бiрдей қолданады. Ал адамның жеке гигиенасына келетiн болсақ 
болоталы су қоймаларынан су iшпеу керек. Сол су қоймалардағы сумен 
өсiрiлген көкөнiстердi iндеттi түрде пiсiрiп жеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет