К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет33/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгілері. Ауру белгiлерi әртүрлi болады, ол паразиттiн 
интенсивтiлiгiне, түрiне, жануардың жасына, азықтандыру жағдайына 
байланысты. 
Қой мен ешкiде фасциолез жiтi және созылмалы өтедi. Жас малда ересек 
малға қарағанда ауыр өтедi. 
Фасциолездiң жiтi өтуi адолескаридың көп саны организмге кiруiне 
байланысты, жiтi гепатит дамиды. Клиникалық белгiлер анық көрiнедi. 
Инвазиялық қойлардың конъюнктивасы бозарады, кейде сарғаюы да 
байқалады. Дене температурасы 41,2-41,6°С. Тәбеті төмен, қан аралас iш өту 
болады, iш қату мен тимпания болуы мүмкiн. 
Аурудың созылмалы түрiнде бастапқыда клиникалық белгiлер 
байқалмайды. 1-2 айдан кейiн қойлар әлсiрейді, отардан қалып қояды, жата 
бередi, арықтайды. 
Жүнi кеуiп, тез сынып түседi. Кеудеде, жақ асты аумақтарында, қабақ 
үстiнде iсiк байқалады. Гемоглобин процентi мен эритроцит саны азаяды. 
Бауыр аумағы ауырсынады, шекарасы iсiнген. Кейде ауру өте ауыр өтiп, 
бiрнеше айларға созылады.Iрi қара малда фасциолез созылмалы түрде өтедi, 


42 
көбiнесе 2 жастағы жас мал аурады. Қойларға қарағанда ауру белгiлерi дұрыс 
көрiнбейдi, өлуі өте болмайды, iсiктер байқалмайды. Жануардың қондылығы 
мен сүттiлiгi төмендейдi. Сауатын сиырларда іш тастау байқалады. 
Патологиялық -анатомиялық өзгерiстері. Жануарлар өлiгi арықтаған, 
құрсақ құысында түссiз сұйықтық бар. Бауыр мен лимфа түйiндерi ұлғайған. Өт 
жолдары үлкейген кiр-қоңыр түстi, өт сұйықтығымен толған. Фасциоланың көп 
санын көруге болады. Өт жолдарының қатары, интерстициальдi гепатит, бауыр 
циррозы байқалады. Егер фасциоланың саны аз болса, онда мекеңдеген 
жерлерде ғана өзгерiстер байқалады. 
Талақта, қарын асты безде, өкпеде капсуламен қапталған фасциолалар 
кездеседi. 
Фасциолез жiтi өткеңде бауыр үлкейiп, үстiңгi жағында қанға толған ұсақ 
қанталаулар, сары-қоныр түстi кiшкене ошақтар кездеседi. Дұрыстап 
зерттегенде ұзындығы 0,3-1,2 см жас фасциолаларды табуға болады. 
Балау. Балауды ауру белгiлерiне, Эпизоотологиялық деректерге, 
гельминтоовоскопия нәтижесiне, патологонатомиялық союға қарайды. 
Ауру белгiлерi тек осы ауруға тән болмағандықтан фасциолезге тек 
күдектенуiмiз мүмкiн. 
Тiрi кезiнде балауды гельминтоовоскопия әдiсi бойынша қоямыз. Ол үшiн 
күндiктi жануарлардың нәжiсiн жуу арқылы анықтаймыз. Демидов пен 
Вишняускас әдiстерiн кең қолданамыз. Фасциола жұмыртқасы сопақша 
пiшiнде, ашық-сары, сары-қоныр түстi. Клиникалықы тегiс. Жұмыртқаның бiр 
жақ шетiнде тегiс қақпағы бар, ал келесi жағында өте көзге көрiнбейтін 
төмпешiк бар. Жұмыртқа iшiнде сары клеткалары мен қоршаған сұйық массасы 
болып. Жұмыртқа ұзындығы 0,13-0,14 мм, енi 0,07-0,09 мм. гигианты 
фасциоланын жұмыртқасы үлкең, ұзындығы 0,125-0,157 мм, енi 0,06-0,10 мм. 
мөлшерi бойынша парамфистомата жұмыртқасынан ұсақ, олар мес қарында 
тiршiлiк етедi, олар ақшыл – сұр түстi, сары клеткалар жұмыртқасың 
жартысындағана болады. Фасциола жұмыртқаларын басқа жұмыртқалардан 
көлемi, түсi, iшкi құрылысы бойынша ажыратады. 
Жiтi өтетiн фасциолез ауруда жас фасциолаларды қарапайым әдiспен 
анықтауға келмейдi, гельминтологиялық ашып-қарау әдiсiмен балау қояды. 
Ашып қарағанда жiтi гепатит байқалады. Жас фасциолаларда бөлiп алу үшiн 
бауырды К. И. Скрябин әдiсiмен зерттейдi. 
Емі. Дегельминтизация жасау үшiн гексахлорпараксилол, тортхлорлы 
көмiртегi, гексахлорэтан, филиксан, битионол, ацемидофен және басқа шетел 
препараттарын қолданамыз. 
Гексахлорпараксилолды қойларға 1 рет дозасы 0,4 г/кг 0,5-1 кг 
комбикормен қосып бередi. Дегельминтизацияны таңертең, азықтандырғанға 
дейiн өткізеді. 2 күн бұрын рационнан тез ашитын азықтарды алып тастайды. 
Бұл дәрiге керi әсер туғанда екiқышқылды сода немесе сүт бередi.
Гексихол – гексахлорпараксилолдын жаңа түрi, ол өте эффекттi және 
токсикалық әсерi аз. Бұл препаратты iрi қара малға 0,3 г/кг, қойға 0,2 г/кг 
мөлшерiнде бередi. 


43 
Төртхлорлы көмiртегiн iрi қара малға бұлшықет iшiне 2-3 әсерге сауыр 
аумағында 50 ертiндiде, медициналық вазелин шайында дозасы 10 мл 100 кг-ға, 
1 рет. 
Қойларға препаратты терi астына салады 2 мл 10 кг-ға терiсiз жерге 
шынтақ буыны артында. Препарат салғаннан кейiн кейбiр малдар қозуы 
мүмкiн, жабырқайды. Жас малға 6 айдан 1 жасқа дейiн 1 мл, 2-3 мл желатиндi 
капсулада ауыз арқылы береді. 
Фасциолез ауруы жiтi өткеңде 1 жастан үлкең қойларға гексахлорэтан, 
дозасы 0,15-0,2 г/кг мен төртхлорлы көмiртегi мес қарынға дозасы 1 мл бередi. 
Дегельминтизация алдында қой мен ешкiлерге азық бермейдi. Жануарларды 
дегельминтизациядан 2-3 сағаттан кейiн азықтандырады. 
Бұл препараттарға қой мен ешкiлер өте сезiмтал, клиникалық белгiсi анық 
көрiнген жануарларға бұл препараттарды абайлап қолдану керек. 
Ешкiлер төртхлорлы көмiртегiге өте сезiмтал. 6-айға дейiн қозылар мен 
лақтарға дегельминтизация жасамайды. Емдеуден кейiн улану байқалса шiкi 
сүттi көп мөлшерде беруiмiз керек. 10% хлорлы калий ерiтiндiсiн 20 мл 
мөлшерде вена iшiне күнiне 3-4 рет салады. Дегельминтизация алдында 2 жетi 
бұрын қойлар рационына тұз бен витаминге бай азықтар берiледi. 
Жiтi фасциолезде ацемидофендiн дозасы 150 мг/кг мөлшерде бередi. 
Гексахлорэтанды тек қой мен ешкiге ғана бередi дозасы 0,3-0,4 г/кг мөлшерiнде 
қолданады. Препаратты ұнтақ түрiнде немесе суспензия түрiнде бередi. 
Суспензия өте эффектi және токсиндiлiгi аз, ақ глинамен араластыру арқылы; 
90 бөлектi ұнтақталған гексахлорэтанға 10 бөлiктi ақ глина араластырады оған 
75 мл су қосады. Бұл суспензияның ересек қойға беретiн дозасы 30 мг 1 рет. 
Тимпанияның алдын алу үшiн рационнан тез ашитын азықтарды 1 күн 
бұрын алып тастайды. Дегельминтизация алдындағы тұнде жануарларды 
азықтандырмайды, емдеуден кейңн 2-3 сағат кейiн азық бередi. 
Қойлардын фасциолезiнде филиксанның, 0,3-0,4 г/кг мөлшері өте 
эффектiвті. Ұнтақ немесе сулы ерiтiндi түрiнде iшке қолданады. Топтық 
азықтандыру әдiсiн қолданады. Емдеу алдында 10-12 сағат бұрын азықты 
берудi тоқтатады. 
Битионол, инструкцияға сәйкес жеке 0,15 г/кг мөлшерде берiледi, топтап 
0,2 г/кг концентраттармен аралыстырып. 
Дегельминтизациядан кейiн жануарларды 6 күн бөлек құрғақ жерлерде 
ұстайды, су қоймаларынан алыс жерлерде. Содан кейiн бұл жерлерде малды 
жаймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет