К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Емi. Малдың эхинококкозын дәрi-дәрмекпен немесе оташылдық жолмен  емдеудiң әдiс-тәсiлдерi бүгiнгi таңда әлi табылған жоқ.  Алдын – алу шаралары



Pdf көрінісі
бет67/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Емi. Малдың эхинококкозын дәрi-дәрмекпен немесе оташылдық жолмен 
емдеудiң әдiс-тәсiлдерi бүгiнгi таңда әлi табылған жоқ. 
Алдын – алу шаралары. Соңғы жылдары иммунопрофилактикалау 
мақсатында қолданылған Н-ПОЛИВАК (РФ ДМ-мен бірлесе ВИГИС-тің 
ұсынған) препараты өндірістік жағдайда эхинококкозға қарсы 85%, ценурозға – 
100% және тенуиколды (қылмойынды) цистицеркозға қарсы 59% тиімділік 
көрсеткен. 
Жаңа Зеландияда эхинококк онкосферасынан дайындалған вакцинаны 
тері астына екі мәрте егу арқылы қойды алиментарлық жолмен шалдығуынан 
ұзақ уақыт сақтандырады. 
 
 
 
 
 
 
2.22 Аңдар альвеококкозы 
 
Альвеококкоз немесе көп камералы эхинококкоз – табиғи ошақты 
гельминтоз, онымен көбнесе кеміргіштер және жабайы етқоректілер ауырады. 
Гельминтоз қоздырғышы ақтық және аралық иелердiң қатысуымен дамиды. 
Ересек құрттар ақтық иелерiнiң - түлкiнiң, қарсақтың, иттiң, мысықтың (өте 
сирек) - ащы iшегiн мекеңдейдi. Ал, балаңқұрт сатысы-көпiршiктер ондатра, 
құмтышқан, соқыр, сауыр, сұр тышқан, алақоржын, дала мен орман 
тышқандарының бауыры мен басқа iшкi мүшелерiн мекеңдейді. Альвеококоз 
адамға өте қауіпті гельминтоз. 
Қоздырғышы. Имаго- Alveococcus multilocularis - эхинококк таспасына 
ұқсас, бiрақ одан сәл-пәл кiшiлеу-ұзындығы 2-3 мм, және соңғы бунағындағы 
жатыры домалақ, шар тәрiздi. Ларвоцисталық альвеококк көпiршiктерi өте ұсақ, 
клиникалықынан жүзім шоғындай боп көрiнедi, iшi протосколекстерге толы 
көптеген камералардан құралады. 
Қоздырғышының даму биологиясы. Ет қоректiлердiң нәжiсiмен бiрге 
клиникалыққы ортаға іші жұмыртқаға толы құрт бунақтары бөлiнiп шығады. 
Жұмыртқалары клиникалыққы ортаға өте төзiмдi, ұзақ уақыт тіршілігiн сақтай 
алады. Кемiргiштер бұларды жем-шөппен, сумен бiрге жұтып ауру жұқтырады. 
Олардың асқорыту ағзаларында жұмыртқа қабығы ерiп, босап шыққан 
онкосфера iшектiң кiлегей қабаты арқылы қан тамырларына енiп, қанмен бiрге 
бауырға және басқа мүшелерге тарайды. Олардың орналасқан жерiнде көптеген 
көпiршiктер пайда болады. Ит т.б. жыртқыштар альвеококкозға шалдыққан 


79 
кемiргiштердi жеп зақымданады. Бұлардың iшегiнде гельминттер 1-1,5 ай 
шамасында жынысы жетiлген сатысына жетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет