Эпизоотологиялық деректер. Ценуроз ауруы кең таралған. өте жиi
солтүстiк Кавказда, Оралда, Қазақстанда, Орта Азияда, сирек Украинада
кездеседі. Ценурозбен 2 жаска толған малдар ауырады, жиi қойлар. Ценуроздан
малдар жылдың әрбiр мерзiмiнде өледi. Негiзгi ценурозбен зақымдану көз-
шопандардың иттерi. Азықтандыру жақсы болса қойлар және бұзаулар
ценурозға бейiмдi болмайды.
Патогенезі. Паразиттер капиллярдан шыққан кезiнде және миға енгенде
механикалық зақымдайды, тағы өскең ценурлар миды және бас сүйектерiн
қысады. Ларвоцисталар көбейгенде қабыну процессi дамиды, ал алғашқыда
мидың атрофиясы байқалады. Ми жарты шары үстiнде орналасқан ценурлар
бас сүйегiн атрофияға келтiредi. Ценур сұйықтығында болады, олар қанға енiп
улануды шақырады. Бас сүйектiң iшкi қысымы көтерiледi, ол ценурозға
байланысты. Сол себептi ценурды алып тастаса қойдың жағдайы жақсарады.
Иммунитет. Ценурозда иммунитет жасқа байланысты, сондай-ақ
қойларда жеке иммунитет болады, сол себептi M. multiceps жұмыртқаларын
жыртқан қойлар барлығы зақымданып ауруы мүмкүн емес. Қозылар ауруға өте
бейiмдi.
Клиникалық белгiлер. Көпiршiк мидың қандай бөлiгiнде тiршiлiк
еткеңiн, көпiршiктiң санынан және олардың мөлшерiнен, тағы да малдың
физиологиялық жағдайынан тұрады. Ценуроздың 3 сатысы бар:
1 сатысы. 6 iлгектi ұрығы қой iшегiнен миға түседi. Қойлар кейбір
жағдайда қөзғыш немесе жабырқайлы болады.
2 сатысы. Ценур өте баяу өседi, ол 6-айға созылады. Клиникалық
белгiлері көрiнбейдi.
3 сатысы. Жалпы жағдайы нашарланады, малдардың тәбетi төмендейдi,
қозғалу координациясы бұзылады. Кейбiр қойларда толық немесе жартылай
көру бұзылады. Бас терiсiнiң сезiмдiлiгі жоғалады, мал азықтанудан қалады,
жүдейдi, әлсiзденедi, 1-2 айдан соң өледi. Мида бiр ценур болса, осындай
клиникалық белгiлер болады. Жұлын зақымдалған кезде мал тәлтiректеп
жүредi, артқы аяқтардың толық салдануы пайда болады, ал терiсi сезiмдiлiгін
жоғалтады.
Достарыңызбен бөлісу: |