II H2S Cu2O
3.Валенттігі белгілі элементтіңваленттігіноныңатомыныңсанына көбейтіңдер (Ix2=2),(IIx1=2)
2 2 I II
H2S Cu2O
4.Алынған санды валентігі белгісіз элементіңатомдарыныңсанына бөліңдер. Алынғанжауап ізделінген валенттік болып табылады
(2:1=II),(2:2=I)
2 2
I II I II
H2S Cu2O
Қосылыстардағы элементтің валенттілігін анықтаңдар
1 нұсқа:
SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3
2. нұсқа:
HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3
Жауаптары
IV I VI II I II IV II II II VI II
нұсқа: SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3
I I V II VII II III I I II III II
нұсқа: HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3
Екі элементтен құралған қосылыстың формуласын құрастыру алгоритмі
1. Элементтердің символдарын жазу Р О
V-II
Элементтердің валенттілігін жазу
P O
Валенттілік сандарының ең кіші орта еселігін
VxII= 10
анықтау
4.Анықталған ЕКО санын элементтердің 10 : V = 2,
валенттілігіне бөліп элементтердің атомдарының10 : II = 5; қатынасын анықтау. Қатынасын білдіретін сандар P : О = 2 :
элементтердің индекстеріболып табылады 5
5. Элемент символдарының қасына индекстерін
жазу Р2О5
Қосылыстардың формулуларын құрастырыңдар
II I III I V II III II VII II
1нұсқа: CaCl PCl NO CrO ClO
VI II II I III I VII II III II
2-нұсқа: СrO BaCl AlH MnO PO
Жауаптары
1нұсқа:
CaCl2 PCl3 N2O5 Cr2O3
Cl2O7
2-нұсқа:
СrO3 BaCl2 AlH3 Mn2O7
P2O3
Қосылыстардың құрылымдық формулaлары
Құрылымдық формула – молекуладағы атомдардың байланысу тәртібін анықтайды. Атомдардың арасындағы байланыс саны сызықшамен белгіленеді.
III II IV II
Fe2О3 О=Fe-О-Fe=О SO2 O=S=O
VII II
Cl2O7 O=Cl-O-Cl=O
O O
Cабақты қорытындылау
Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу:
Біз сабақ барысында қандай мәселені шештік?
Қандай қорытындыға келдік?
Валенттілік ұғымына анықтама беріңдер.
Сутек атомының валенттілігі неге тең? Оттегінің валенттілігі?
Оқушылардың білімін бағалау.
Назарларынызға рахмет
3.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім:
|
7.3 С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула.
|
|
Сынып: 7
|
|
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың
Тақырыбы
|
Валенттлік. Химиялық формулалар
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.2.11 –элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстағы атомдық қатынастарын қолдана отырып бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс жаза білу .
|
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушы: Элементтердің атауларын және химиялық қосылыстардың формулаларын жазады.
|
|
Басым бөлігі: Қосылыстардың атомдық қатыныстарын түсінеді .
Индекстер бойынша формулаларды оқи алады.
|
|
Кейбірі:Бинарлы химиялық қосылыстарды ИЮПАК номенклатурасы бойынша оқып жіктейді . Кеңістіктегі моделін құрайды.
|
|
Бағалау критерийі
|
1.Элементтердің атаулары мен олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолданады.
2. Бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын анықтайды.
.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:Валенттілік,химилық формулалар туралы мағлұматтарды түсінеді,біледі, талдайды.
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Химиялық формула, коэфиц иенттер, индекстер,валенттілік, бинарлы қосылыстар, массалық қатыныстар т.с.с.
|
|
Сыныптағы диалог: 1.Молекула құрамы екі элемент атомынан тұратын қосылыстар қалай аталады? Элемент қосылыстарында айнымалы валенттілік көрсетсе, оның атауында элементтің валенттілігі ............ жақшаның ішінде көрсетіледі.
|
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, үздіксіз білім алу.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану,биология,тарих
|
|
Алдыңғы білім
|
5.3. 2.5-заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу.
|
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
Ұйымдастыру
(3 мин)
3 минут
|
Психологиялық ахуал орнату «Көрші-көрші»ойыны. 7сынып оқушыларына 25 элементтің таңбаларын карточкаға жазып әкелу тапсырылады .,.Бағыттаушы I-үйде тұратын элементтер бір қатарға жылдам тұрсын дейді.1-валентті элементтер жазылған карточкасы бар оқушылар алдыңғы қатарға шығады, 2-үйде тұратын II-валентті элементтер, 3-үйде тұратын III-валентті элементтер т.б.
Топқа бөлу:Химиялық элементтердің валенттіліктері бойынша шағын топтарға біріктіреді.
Миға шабуыл
Химиялық формулалардағы таңбалар, индекстер және коэфициенттер:
І. Таңбалар
11.Индекстер
111.Коэфициенттер
Жаңа сабақты түсіндіру
Сутек элементі басқа элементтермен мынадай қосылыстар түзеді :
Формуласы НСl H2O NH3 CH4
Атауы хлорсутек су аммиак метан
1:1 2:1, 3: 1 , 4: 1
Сутектің бір атомы басқа элементтің бір атомынан артық қоса алмайды.Сондықтан валенттіктің өлшемі ретінде сутектің валенттігі алынған, ол 1-ге тең.
|
Түрлі түсті қағаз қиындылары.
Химиялық элементтердің формулалары.
ХЭПЖ кестесі
Флипчарт
Үлестірме қағаздар
|
|
Сабақтың ортасы
15-минут
Тапсырма 1
Тапсырма 2
20минут
Тапсырма 4
Сабақтың
соңы
2-минут
|
ІІІ. «Топтық» жұмыс
« Ойлан, жұптас, бөліс » әдісін қолдану.
1топ Химиялық элементтер деген не? Оған қандай белгілер тән?
2топ: Химиялық формула дегеніміз не? Тақтадағы химиялық формулалар қалай оқылады?
CO 2, Cu, Fe, H, S, Al, Mg, Fe2 O3, CH4,
3топ: Валенттілік дегеніміз не? Валенттіліктің өзі неше түрге бөлінеді? Берілген химиялық формулалардың үстіне валенттілігін жаз? Валенттіліктері бойынша мына химиялық элементтерден формулалар құрастыр: I II IV III
II III II III I II II
NaO, CO, PH, HS, AlO, Mg Cl, MnO, CuO, AlS, FeO
Кальций
+
Көміртек
|
1,56 : 3,12
|
СаС2 (мысал)
|
Калий + Хлор
|
1,34 : 1,34
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Марганец
+
Оттек
|
1,15 : 2,3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Натрий
+
Фосфор
|
3 : 1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Темір + Оттек
|
1,25 : 1,875
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыныбы: 8
Пәні: Химия
Тақырыбы: Химиялық элементтердің валенттілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химиялық элементтердің валенттілігі туралы білімді қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру. Әрбір заттың химиялық формуласын дұрыс өрнектеу үшін элементтердің өзара қосылу заңдылықтарын ескеру қажет.
Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, өздігінен талданып, жауапкершілікті саналы сезінетін өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сонымен қатар, оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көзқарасын, білім-білік дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі, жаттығулар орындау, фронтальды әңгімелесу.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, периодтық жүйе, кестелер, қосымша мәлімет.
Пән аралық байланыс: Физика, математика
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
Үй тапсырмасын тексеру (15 минут)
Жаңа сабақ түсіндіру (20 минут)
Бекіту (3 минут)
Қорытындылау (3 минут)
Үйге тапсырма (1 минут)
Бағалау (1 минут)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
сабақты қалыпты жұмыс істеуге жағдай жасау;
оқушыларды психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу.
2. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту
Үйге берілген «Химиялық формулалар бойынша есептеулер» тақырыбына
есептер шығару. Химиялық формулаларды пайдаланып екі оқушы тақтаға бір есепті екі түрлі тәсілмен есептейді.
1. Күрделі заттардың молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.
1-тәсіл. Фосфор қышқылының H3PO4 формуласына сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығару.
Берілгені: Шешуі:
H2SO4 H, P, O
Ar(H) = 1 Ar(S) = 32 Ar(O) = 16
т/к: x:y:z m(H) : m(P) : m(O) = 2·1+32+16·4= 2:32:64=1:16:32
1+16+32= 49
1 массалық бөлігі сутекке
16 массалық бөлігі күкіртке
32 массалық бөлігі оттекке тиесілі.
Жауабы: m(H) : m(S) : (O) = 1:16:32
2-тәсіл. Күрделі заттардың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлесін табу.
Mr(H2SO4) = 2Ar(H) + Ar(S) + 4Ar(O) = 2+32+64=98
Әрі қарай әрбір элементтің қосылыстағы массалық үлесін есептейміз.
w(H) = 2Ar(H) / Mr(H2SO4) ·100% = 2/98·100= 2%
w(S) = Ar(S) / Mr(H2SO4) ·100% = 32/98·100% = 32,7%
w(S) = 4Ar(O) / Mr(H2SO4) ·100% = 64/98·100% = 65,3%
2%+32,7%+65,3%=100%
Жауабы: w(H) =2%
w(S) = 32,7%
w(O) = 65,3%
Үш қатарға үш түрлі есеп беру.
1-қатарға:
Мына заттардың химиялық формулаларын оқып, жазыңыздар.
HNO3, KOH, KMnO4, H2SO4, CO2.
HNO3 - азот қышқылы.
KOH – күйдіргіш калий.
KМnO4 - калий перманганаты.
H2SO4 - күкірт қышқылы.
CO2 - көмірқышқыл газы.
2-қатарға:
Құрамына сай мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңыздар:
а) мыстың 1 атомы мен хлордың 2 атомы. CuCl2
б) темірдің 2 атомы мен оттектің 3 атомы. Fe2O3
в) магнийдің 1 атомы мен оттектің 1 атомы. MgO
г) сутектің 2 атомы мен оттектің 1 атомы. H2O
д) фосфордың 2 атомы мен оттектің 5 атомы. P2O5
е) сутектің 2 атомы, күкірттің 1 атомы, оттектің 4 атомы. H2SO4
3-қатарға:
Мына қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массаларын есептеңіз:
CaSO4 Mr(CaSO4) = 136
KMnO4 Mr( KMnO4)=158
HNO3 Mr(HNO3)=63
N2O3 Mr(N2O3)=76
H3PO4 Mr(H3PO4)=98
NaOH Mr(NaOH)=40
Al2O3 Mr(Al2O3)=102
CO2 Mr(CO2)=44
3. Жаңа сабақ түсіндіру
Оқушылар, біз өткен тақырыпта химиялық формулалар және химиялық формула бойынша есептеуді үйрендік. Енді біз заттың химиялық формуласын дұрыс өрнектеу үшін, элементтердің өзара қосылу заңдылықтарын ескеру қажет. Бұл заңдылықты валенттілік ұғымымен байланыстырып түсіндірейік.
Заттардың химиялық формуласын жазу үшін оның құрамына кіретін элемент атомдарының санын, олардың өзара қатынасын білу керек. Мәселен, судың формуласы H2O сутектің екі атомы оттектің бір атомымен қосылатындығын көрсетсе, ал көмірқышқыл газының формуласы CO2 онда көміртектің бір атомына оттектің екі атомы сай келетіндігін байқатады. Әрбір заттың химиялық формуласын дұрыс өрнектеу үшін, элементтердің өзара қосылу заңдылықтарын ескеру қажет. Бұл заңдылықты валенттілік ұғымымен байланыстыра түсіндірейік.
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
Мәселен, сутек элементі басқа элементтермен мынадай қосылыстар түзеді:
Формуласы
|
HCl
|
H2O
|
NH3
|
CH4
|
Аталуы
|
хлорсутек
|
су
|
аммиак
|
метан
|
Бұл заттардағы сутек атомының басқа: хлор, оттек, азот, көміртек атомдарымен қосылатын сандарын анықтасақ, мынадай қатынастар шығады: 1:1, 2:1, 3:1, 4:1. Сутектің бір атомы басқа элементтің бір атомынан артық қоса алмайды. Сондықтан валенттіліктің өлшемі ретінде сутектің валенттілігі алынған, ол 1-ге тең. Валенттіліктің мәнін формуладағы элементтер таңбасының үстіне рим сандарымен көрсетеді. Сутектің валенттілігін 1-ге тең деп алғанда, екінші элементтің валенттілік мәндері 1-ден 4-ке дейін өседі. Мысалы, хлорсутек молекуласында бір валентті хлор атомы бір валентті сутектің бір атомын қосып алса, су молекуласында екі валентті оттек атомы сутектің екі атомын, аммиакта III валентті азот сутектің үш атомын, ал метандағы IV валентті көміртек сутектің төрт атомын қосып алады. Валенттілік мәндері – элемент таңбасының үстіне не оң жағына жақша ішіне рим сандарымен көрсетіп беріледі, мысалы: Cu(II) - «купрум-екі» деп оқылады.
Валенттілік мәндері жалпы алғанда берілген элемент атомының басқа бір валентті элементтің неше атомын қосып алатынын көрсететін сан болып шықты. Валенттілік ұғымын тереңірек түсіну үшін, жоғарыда келтірілген төрт заттың формуласын байланысқан атомдардың арасына сызықша қойып, былайша бейнелеуге болады:
H H
H – Cl , H – O – H, N – H, H – C – H
H H
Мұқият қарасаңдар, әрбір элемент таңбасының жанындағы сызықшалар саны валенттілік мәніне сай келіп тұр. Барлық қосылыстардағы сутек атомдары басқа атомдармен тек бір ғана сызықшамен байланысып тұр, өйткені оның валенттілігі I. Ал оттектің атомы екі сызықшамен өрнектеледі, себебі оның валенттілігі II.
Әдетте, химияда валенттілік деген терминді қысқартып валенттік деп те атайды. Біз де бұдан әрі қарай валенттік деген сөзді қолдана берейік.
Осы кезге дейін бірі сутек болып келген екі элементтен тұратын биэлементті қосылыстарды қарап келдік. Ал іс жүзінде қосылыстардағы элементтің белгісіз валенттігін анықтау үшін, жанындағы валенттігі белгілі элементтерді қолдана береді. Әдетте, ондай элементтің қатарына сутекпен қоса оттек те жатады, оның қосылыстардағы валенттігі II. Мысалы, көмірқышқыл газының CO2 құрамындағы көміртектің валенттігі IV, өйткені ол II валентті 2 оттек атомымен қосылып тұр.
Егер биэлементті заттың құрамына кіретін әр атомның саны бірден көп болса, олардың валенттігін анықтауды мынандай жолмен жүргізеді: мәселен, алюминийдің III валентті екенін біле отырып, оның оксидінің формуласын құрастырайық. Алдымен алюминий мен оттектің таңбаларын жазып, олардың
III II
үстіңгі жағына валенттігін көрсетеді: AlO. Алюминий және оттек атомдарының санын табу үшін, оттектің валенттігі II екенін ескере отырып, екеуіне ортақ ең кіші еселікті табады; ол 2·3=6. Еселік мәнін алюминийдің валенттігіне бөлсек 6:3=2 оның атомының саны, ал оттектікіне бөлсек 6:2=3 екіншісінің атом саны
III II
шығады. Сөйтіп, іздеп отырған алюминий оксидінің формуласы Al2O3 болады. Оның дұрыстығын тексеру үшін әрбір элементке тиісті валенттік бірліктерінің саны бірдей екендігін дәлелдесе жеткілікті. Қарастырылған мысалда алюминийдің екі атомына 2·3=6 валенттік, оттектің үш атомына 3·2=6 валенттік бірліктері сай келеді.
Кез келген биэлементті заттың формуласы бойынша элементтің белгісіз валенттігін анықтағанда, әрбір элементтің валенттік бірліктерінің саны өзара тең болатынын ескереді. Мысалы, күкіртсутектің H2S құрамындағы күкірт атомының валенттігін табу үшін, сутек атомының санын оның валенттігіне көбейтіп ең кіші ортақ еселікті табады: 2·1=2. Оны күкірт атомының санына бөліп, оның валенттігін анықтайды: 2:1=2 демек, күкіртсутектегі күкірт II валенттік көрсетеді.
Көптеген элементтер өздерінің қосылыстарында өзгермейтін бір ғана тұрақты валенттілік көрсетеді. Алайда, валенттіктер айнымалы болатын элементтер де аз емес (3-кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі).
Кейбір элементтердің химиялық қосылыстардағы валенттігі
Валенттік мәндері
|
Химиялық элементтер
|
Қосылыстарының формулалары
|
тұрақты
|
|
|
I
II
III
|
H, F, Li, Na, K
O, Be, Mg, Ca, Zn
B, Al
|
H2O, HF, Li2O, NaF, Kcl
BeO, CaO, BaCl2, ZnF2, MgO
Al2O3, BF3
|
айнымалы
|
|
|
I жәнеII
II жәнеIII
II жәнеIV
III жәнеV
II, III жәнеVI
II, IV жәнеVI
|
Cu
Fe, Co, Ni
C, Sn, Pb
P
Cr
S
|
Cu2O, CuO
FeO, Fe2O3, CoCl3, NiO, Ni2O3
CO, CO2, SnCl4, PbO, PbO2
P2O3, P2O5
CrO, Cr2O3, CrO3
H2S, SO2, SO3
|
Өзімізге таныс сутек, натрий, калий элементтері қосылыстарында тұрақты I валенттік көрсетеді, оттек, кальций, магний II валенттік көрсетеді. Ал мыс, темір тәрізді металдар бірнешеваленттік мәндеріне ие бола алады. Валенттігінің мәні өзгермелі болғандықтан, олар айнымалы валентті элементтер деп аталынады. Мұндай элементтердің валенттігі жанындағы екінші элементтің табиғатына, олармен қандай жағдайда қосылатынына тәуелді келеді. Мәселен, көмір жанғанда ауа жеткіліксіз болса көміртек монооксиді CO, ал жеткілікті болса көміртек диоксиді CO2 түзіледі. Мұнда көміртек атомы бірінші қосылыста II, ал екіншісінде IV валенттік көрсетіп тұр.
4. Бекіту бөлімі
«Сен – маған , мен – саған» сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту. Оқушылар бір-біріне жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. Валенттілік мәндері – элемент таңбасының үстіне не оң жағына жақша ішіне рим сандарымен
II II III
көрсетіп беріледі. Мысалы: H(I), F(I), O, Zn, B, т.б.
Валенттіліктің өлшемі ретінде сутектің валенттілігінің мәні алынған, ол 1-ге тең.
Биэлементті қосылыстың құрамындағы элементтің валенттілігін, жанындағы валенттігі белгілі элементтің атом санын ескере отырып есептейді.
Элементтердің валенттігі тұрақты да, айнымалы да болады. Олар бүтін сандармен өрнектеледі.
6. Үйге тапсырма
1) §11. Химиялық элементтердің валенттілігі;
2) 4,7,10-есептерді дәптерге орындау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, (оқушылармен біріге кеңесіп баға беру).
Қосымша материал
№1. 3,42 моль калий пермангатының (KMnO4) массасын есептеңіздер.
Mr (KMnO4) = 158
1 – 158
3,42 – x
x=540,36г
№2. Мына реакция теңдеуі бойынша 2K + Br2 → 2KBr 20г калий реакцияға түсті. Реакция нәтижесінде түзілген калий бромидінің массасын және зат мөлшерін табыңыздар.
20 Х
2K + Br2 → 2KBr
78 149
х = 20·149/20 = 38,2г
v= m/M = 38,2/149 = 0,26 моль
№3. Азот (III) оксидіндегі (N2O3) элементтердің массалық үлестерін анықтаңыздар.
Мr (N2O3) = 28+48=76
w (N) = Ar(N)·n/Mr(N2O3) · 100% =28/76 ·100% = 36,8 %
w(O) =Ar(O)·n/Mr(N2O3 ) · 100% = 48/76·100% = 63,1%
Достарыңызбен бөлісу: |