Кафедра: Тарих



бет12/13
Дата18.04.2024
өлшемі92.16 Kb.
#499200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
есеп Женисова

МІНЕЗДЕМЕ
Алматы қаласы білім басқармасының «181 жалпы білім беретін мектебінің 9 «г» сыныбында 30 оқушы бар, оның 16-ы ұл, 14-і қыз. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Төрехан Нұрислам (оқуға қабілетті, ашық мінезді, белсенді), сынып белсенділері Ауез Айару, Құттыбай Мухсин, Дүйсенбай Бағлан, Оспан Мариям,Тілек Нұрзат. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға,сабақтарға белсене қатысады. Сынып белсенділері – оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және редколегия мүшелері де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы.Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды. Қосымша сабақтардың өздерінде қалдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Түсінбеген сұрақтарын біліп алуға тырысады. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі.


9 «Г» сынып оқушылары туралы мәлімет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет