Кафедра: Тарих


Тәжірибе жетекшісінің сипаттамасы



бет11/13
Дата18.04.2024
өлшемі92.16 Kb.
#499200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
есеп Женисова

7. Тәжірибе жетекшісінің сипаттамасы
Іс тәжірибе барысында Женисова Назым өзін білімді, теориялық білімді жақсы меңгергені байқалды. Мекеме ұжымымен тез тіл табысып, іс тәжірибенің алғашқы күнінен бастап базаның құжаттарымен танысып, психолог, дефектолог мамандардың жалпы жұмыс барысымен танысты. Барлық жұмысын тиянақтылықпен атқарды. Педагогикалық іс- тәжірибесінен өту кезінде Назым өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен қатар мектеп ұжымымен танысып, тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап-ақ өз ісіне ұқыптылығымен,жауаптылығымен, тиянақтылығымен көзге түсті. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Мектептегі, сыныптан тыс өткен іс-шараларға белсене қатысып, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болды.Женисова Назым тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Методикасы мықты педагог біле білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Женисова Назым Муратхановна болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз.


Психологиялық педагогикалық іс тәжірибенің жетекшісі
вид практики)
________________________________ А.Капалбаева


(непосредственный руководитель от базы практики)

Білім беру ұйымы басшысының қолы _________ Ж.Сатаева


«____»____________20___г.

Алматы қаласы білім басқармасының «181 жалпы білім беретін мектеп»


КММ-нің 9«г» - сынып оқушысы

МІНЕЗДЕМЕ
Аман Жантөре Бейбітұлы 2009 жылдың 22-мамырда, Алматы қаласында дүниеге келді. 2015 жылы 1-сыныпқа барды. Жантөре осы мектепке 2023 жылдың жаз айында 9– сыныпқа келді. Толық, көпбалалы отбасында тәрбиеленеді. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Білімі орташа. Сабақтардан себепсіз қалмайды, Сабақ үлгерімі орташа. Жантөренің мінезі ашық, жайдарлы, көпшіл, сыныптастарының арасында сыйлы. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола біледі.
Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды тез шеше біліп, қолдау көрсетуге дайын тұрады. Оқу барысында білім деңгейі орташа, себебі көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.
Ата-анасымен, бауырларымен қарым-қатынасы өзара сыйластыққа негізделген, оларға ерекше құрметпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен де, мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас орната біледі. Ұстаздарын сыйлайды. Мінезі ашық, ұстамды, сабырлы, толерантты, кішіпейіл. Өзге адамдармен тез тіл табысады. Қамқор, көмегі қажет болған адамдарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Оның ашуланған сәттері сирек байқалады. Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді. Мектептің ішкі ережесі талаптарын сақтайды. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. Сыныпта туындаған қиындықтарды жеңуде дұрыс шешім қабылдайды. Шығармашылық қиялы дамыған.

Алматы қаласы білім басқармасының «181 жалпы білім беретін мектеп»


КММ-нің 9«г» сыныбына




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет