Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет28/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

3. Ауаны кондиционирлеу
Кондиционирлеу – ауа температурасы, ылғалдылығы және тазалығын өндірістік үйжайларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес ұстап тұру процесі. Ауаны кондиционирлеу жүйесіне қойылатын негізгі талап- тардың біреуі – төрт айнымалы шаманың (ауа температурасы; қоршаманың (қабырға, еден, төбе) ішкі беттері температурасының ортамөлшерлік мәні; ауа ылғалдылығы; үйжай ішіндегі ауаның орташа жылдамдығы және бірқалыпты қозғалысы) арасындағы белгілі бір арақатынастарды реттеу.
Сонымен қатар, ауаны кондиционирлеу жүйесімен үйжайдағы газ, бу және шаң концентрациясы реттелуге тиіс. Егер жүйе адамдарға комфортты жағдайлар жасауға арналса, онда мұндай жүйе адам денесі шығаратын иісті де төмендетуге тиіс.
Кондиционер деп автоматты реттеу аспаптарының көмегімен үйжайдағы ауа ортасының белгіленген параметрлерін ұстап тұратын техникалық құрыл-ғыны атайды. Үйжайдағы ауаның қажетті күйін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға байланысты кондиционердің екі типі болады: толымды кондицио-нирлеуші (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа тазалығы мен оның қозғалысы жылдамдығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді) және толымсыз кондиционирлеуші (параметрлердің тек бір бөлігін немесе олардың біреуін – көбінесе температураның тұрақтылығын ұстап тұрады).
Суықпен жабдықтау тәсілі бойынша кондиционерлерді автономды және бейавтономды деп ажыратады. Автономды кондиционерлерге ауаны салқын-датуға арналған тоңазытқыш агрегаттар біріктірілген, ал бейавтономды конди-ционерлерді суықтасығышпен орталықтандырылған түрде жабдықтайды.
Ауаны дайындау және тарату тәсілі бойынша кондиционерлерді орталық және жергілікті деп жіктейді.
Орталық кондиционердің конструкциясы ауаны қызмет көрсетілетін үй-жайлардан тысқары жерде дайындауды және оны ауа түтіктері жүйелерімен таратуды қарастырады. Оларды көлемі үлкен үйжайларда қолданады, себебі мұндай кондиционерлердің ауа бойынша өнімділігі өте жоғары және 30...250 мың м3/сағ-ты құрайды.
Жергілікті кондиционерлер ауаны тікелей қызмет көрсетілетін үйжай-ларда дайындайды және оны белгіленген аймаққа шоғырланған түрде береді. Оларды көлемі үлкен емес (5003-ге дейін) үйжайларда қолданады. Мұндай кон-диционерлердің ауа бойынша өнімділігі 1,5...20 мың м3/сағатты құрайды.
Ауаны кондиционирлеу желдетумен салыстырғанда үлкен күрделі қар-жыны және эксплуатациялық шығындарды қажет етеді, алайда жұмсалған қар-жы еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнім сапасының артуы, жұмыскерлер-дің ауруы және ақаулы бұйымдар пайызының төмендеуі есебінен өтеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет