Бақылау сұрақтары:
Желдету түрлерін атаңыз
Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Желдеткіштің қажетті өндірімділігін есептеу формуласы
Ауа алмасу формуласы
Өндірістік үй-жайларды жылыту
№7 практикалық сабақтың тақырыбы: Еңбек шарттары бойынша өндірістік обьектілерді аттестациялау
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз
Өндірістік факторлардың қауіпті жəне зиянды өлшемдерінің тəсілдерін, өндірістік қауіпті жəне зиянды факторлардың тізімін;
Жұмысшылардың еңбек жағдайлары;
Еңбек қорғау бойынша нормативтік құжаттар.
7-СОӨЖ тақырыбы: Микроклимат көрсеткіштері
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
7-СӨЖ тапсырмалары: Сертификацияның маңыздылығы мен мəні
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]
СЕГІЗІНШІ АПТА
№ 8 дəріс
Тақырып: Өндірістік жарықтандыру
Дәріс мазмұны:
1. Өндірістік жарықтандыруға қойылатын жалпы талаптар.
2. Өндірістік жарықтандырудың түрлері.
3. Табиғи жарықтандыру, оны мөлшерлеу және есептеу.
1. Өндірістік жарықтандыруға қойылатын жалпы талаптар
Өндірістік жарықтану – еңбек гигиенасының аса маңызды көрсеткіші, сыртқы әлем туралы, адам миына көз арқылы келіп түсетін ақпарат сапасының маңызды факторы. Тиімді орналастырылған жарықтану шаршауды төмендетеді, еңбекке қабілеттілікті және жоғары еңбек өнімділігін сақтайды, еңбек процес-терін орындау қауіпсіздігін арттырады, жұмыскердің психологиялық жағдай-ына қолайлы әсер етеді.
Өндірістік орындарды жарықтандырудың маңызы өте зор. Зерттеулер өн-дірістік орындарда жарықтың қанағаттанарлықсыз жағдайы өндірістік көрсет-кіштердің төмендеуіне, көз ауруларына, жарақат алуға соқтырады. Талдау тең-дік жағдайында жылдың ашық күндері жалпы жарықтанудың төмендейтінін көрсетеді. Көрудің нашарлауы, көз аурулары жарық қондырғыларын пайда-лануда нормалық талаптарды сақтауда елеулі бұзушылықтар жіберілген кәсіп-орындарда жиі кездеседі.
Жұмыс орнын жарықтандыру – қолайлы еңбек жағдайларын жасаудың маңызды факторы. Табиғи жарық (күн сәулесі) тәуліктің күндізгі уақыты және ол ғимараттардың терезе, шатыр ойықтарынан түседі. Жасанды жарық үшін жасанды сәуле шығаратын қондырғылар пайдаланылады.
Табиғи жарық өзінің спектрлік құрамы бойынша ең ыңғайлы болып табылады. Ал жасанды жарық керісінше адамның көру органы – көзімен қабылдауда салыстырмалы күрделігімен ерекшеленеді. Бұл жағдай табиғи жа-рық ағынының күндіз жоғары, түнде төмен қарқынында аз жиілікті, ал жасанды жарықтың үлкен жиілікте болуына байланысты. Осы себепті жасанды жарықта жарық жағдайларының жиі ауысымы көру процестерінің тұрақсыздығына келтіреді, бұл өз кезегінде көздің бейімделіп отыруын ауырлатады. Бейімделу жүктемесінің артуынан көз шаршайды, нәтижесінде адам шаршайды.
Сөйтсе де, жасанды жарық түнгі еңбекті күндізгі еңбекке жақындату үшін аса қажетті фактор болып табылады. Түнгі еңбек жағдайында жарық жұмыс істеушілердің барлығына біркелкі тарамайды. Жарықтың жеткіліксіз жағдайы адам ағзасына ынталылық сезімін азайтады, сондықтан қашан да түнгі еңбек ауыр болады. Дегенмен табиғи және жасанды жарықтың негізі бір. Олардың айырымы тек жарық спектрі мен қарқындылығында. Табиғи жарық, әдетте, көбіне адамдардың бөлмелерде тұрақты болуына байланысты қарастырылады. Жасанды жарық өндірістік, тұрғын үй, қоғамдық орындарды, қойма және қосалқы ғимараттарды, мекеме алаңдарын, жұмыс өндірістік ғимараттардан тыс: көшелер, жолдар, қала, ауыл, тұрғылықты пункттардың алаңдарын жарық-тандыруды қарастырады.
Жеткіліксіз жарықтандыру көру қабілетін төмендетеді (көздің ұсақ бөл-шектерді көру қабілетін), заттарды байқау жылдамдығын нашарлатады.
Өндірістік жарықтандыру сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталады.
Сандық көрсеткіштер:
жарық ағыны – Ф;
жарық күші – І;
жарықтану – Е;
беттің жарықтылығы – Я;
шағылу коэффициенті – ρ.
Сапалық көрсеткіштер:
Достарыңызбен бөлісу: |