Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет60/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

5. Өрттік байланыс және дабыл қағу
Өрт дабылын берудің автоматты қондырғылары өртті бастапқы кезең-інде бақылауға, оның пайда болу орнын хабарлауға, қажет болған жағдайда автоматты өртсөндіргіш қондырғыларды іске қосуға және түтінді аластауға арналған.
Өрттік байланысты қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құралдарға телефондық байланыс, радиобайланыс және түрлі электрлік өрттік белгі беру жүйелері жатады. Өрттік белгі беру үшін қолданылатын хабарлауыштар түр-леріне байланысты температураның көтерілуіне, түтінге, ашық отқа әсерлі хабарлағыштары бар немесе қолмен қосылатын жылулық, түтіндік және қол-дық болуы мүмкін.
Автоматты өрт дабылын бергіштер былайша жіктеледі:
а) әсер қабылдау факторы бойынша: жылулық; түтіндік; жарықтық; құрама;
б) әрекет ету принципі бойынша: максималды; дифференциалды; максималды-диференциалды.
ДИ-1 дабылбергіші сезгіш элемент ретінде иондаушы камера қолданылатын тиратрондық реледен, атқарушы органы суық катодты титатроннан тұрады. Иондаушы ретінде радиоактивті плутоний-239 қызмет атқарады. Түтін камераға енгенде иондалған ток азаяды, титатронның басқа-рымдағы торындағы кернеу артады да, ол жанады. Соның нәтижесінде тізбектегі анодтық ток қабылдау станциясындағы дабыл белгісінің қосылуын шақыра отырып өседі.
Түтіндік дабылбергіштерді ауа температурасы -30 0С-тан төмен және +60 0С-тан жоғары, ал салыстырмалы ылғалдылығы 80% жоғары жайларда, сондай-ақ қышқылдар мен сілтілердің булары болуы мүмкін және қатты шаңдалған жайларда орнатуға болмайды. Жайдың 50-100 м2 еденіне арнап жану болуы және түтін жиналуы мүмкін орындарда 6-10 м биіктікте 1 хабар-лағыш орнатады.
КИ-1 құрама дабылбергіші қоршаған орта температурасы шекті мөлшер-ден асқан кезде немесе түтін пайда болғанда өрт туралы белгі беруге арналған. Радиоактивті көздері бар иондаушы камера және термосезімтал элементтер осы хабарлағыштың сезгіш элементтері болып табылады.
СИ-1 жарықтық дабылбергіші ашық жалын пайда болған кезде өрт тура-лы белгі беруге арналған. Жалынның ультракүлгін сәулелеріне әсер ететін СФУ-2 фотон есептегіші дабылбергіштің сезгіш элементі болып табылады. СИ-1 дабылбергішінде инерттілік төмен және салыстырмалы түрде бақылау ауданы үлкен (600 м2 дейін), есептеуіштің қызмет мерзімінің қысқалығы (1 жыл) – оның басты кемшілігі.
ТИ типтес жылулық дабылбергіші температураның артуына әсер көрсете-тін термосезімтал приборлар түрінде болады. Температура әсерімен сыртқа бүгіліп, белгі қосқышты қосатын немесе ажырататын биметалдық табақша сезгіш элемент болып табылады. Дабылбергіштердің ТИ-1 және ТИ-3 секілді екі түрі белгілі. Олар тек ТИ типті шығудағы белгімен ғана ерекшеленеді: ТИ-1 дабылбергіші түйіспелерді қоса отырып, ал ТИ-3 дабылбергіші түйіспелерді ажырата отырып іскеқосылады. Температура төмендеген кезде биметалдық табақша бастапқы жағдайына оралып, дабылбергішті көп мәрте қолдануға мүм-кіндік береді. Көрсеткіштің (датчиктің) іске қосылу температурасы 60-1000С, бақылау ауданы – 15м2, түйіспелер арқылы ең жоғарғы шекті ток 0,2 А.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет