Катиондардың бірінші аналитикалық тобы



бет4/33
Дата21.10.2023
өлшемі286.5 Kb.
#481338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
ПОСОБИЕ АХ (2)

NH4+ ионның қатысын зерттеу. Бірінші зерттеу аммоний ионына жүргізіледі, себебі K+ және Na+ иондарын ашуға кедергі жасайды.

Пробиркаға 1-2 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 3-4 тамшы Несслер реактивін қосады. Қызыл-қоңыр тұнба түсуі ерітіндіде аммоний тұздарының қатысын көрсетеді. Дымқыл қызыл лакмус қағазда көк түстің пайда болуы аммиак қатысын көрсетеді.
Анализдің жүру барысы ерітіндіде аммоний тұздарының қатысына байланысты.
Аммоний тұздары жоқ

Егер аммоний тұздары болмаса, ерітіндідегі K+ және Na+ иондарының қатысына зерттеулер жүргізуге болады.



  1. Na+ иондарының қатысына жүргізілетін зерттеулер. Пробиркаға 3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіні енгізеді және лакмус бойынша ортасын анықтайды. Ол үшін шыны таяқша көмегімен зерттелетін ерітінді тамшысын лакмус қағазына (күлгін болса тіпті жақсы) енгізеді. Егер орта қышқылдық болса, онда сұйылтылған КОН ерітіндісін әлсіз сілті реакциясына дейін тамшылатып қосады. Әр қосылған тамшы КОН ерітіндісінен кейін, лакмус бойынша ерітіндінің ортасын анықтап отыру қажет. Зерттелетін ерітіндіні қажетті әлсіз сілтілік ортаға жеткенен кейін, оған 5 тамшы калий гексогидроксистибиаты (V) К[Sb(OH)6 ] ерітіндісін қосады. Реакцияны салқын ағынды судың астында, шыны таяқшамен пробирка қабырғасын үйкеу арқылы жүргізеді. Ақ кристалды тұнбаның әсіресе оның пробирка қабырғасында тұну ерекшелігі, натрий иондарының қатысын көрсетеді.

  2. К+ иондарының қатысына жүргізілетін зерттеулер. Пробиркаға 3 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 2-3 тамшы натрий гексанитрокобальтатын (III) қосады. Сары түсті кристалды тұнбаның түзілуі калий ионның қатысын көрсетеді.



Аммоний тұздары бар.

Егер аммоний тұздары қатысатын болса, онда оларды жою қажет себебі Na+ және К+ иондарын анықтауға кедергі жасайды. Ол үшін 1 мл зерттелетін ерітіндіні кішірек фарфор ыдысына құяды, абайлап буландырады және әуелі жай содан соң қатты отында аммоний тұздары толық ыдырағанша қыздырады. Бұл операцияны тартпа астында жүргізу керек. Ақ түсті будың бөлінуі тоқтағаннан кейін ыдыс ішіндегі қалдықты тағы 10-15 мин күйдіреді, салқындатады және жуғышпен ыдыстың қабырғасын шаймалай отырып, дистиллденген су қосады. Ерітіндіні пробиркаға енгізеді оған 3-4 тамшы Несслер реактивін қосады. Қызыл-қоңыр тұнбаның болмауы аммоний тұздарының толығымен жоқ екендігін көрсетеді. Егер аммоний тұздары толық жойылмаса, онда ерітіндіні қайтадан булайды және күйдіреді. Бұл операция сынама Несслер реактивімен аммоний тұздарының қатысы жоқтығы дәлелденгенше қайталанады.


Ерітіндіде аммоний тұздары толық жойылған кезде ғана К+ және Nа+ иондарының қатысына зерттеулер жүргізуге болады. Натрий иондарын анықтау кезінде ерітіндінің ортасын анықтаудың қажеті жоқ, өйткені ұзақ уақыт күйдіру нәтижесінде бос қышқыл болмайды.
Бақылау анализі барысында жүргізілген нәтижелерді келесі таблица түрінде толтыру ұсынылады (2 кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет