Екінші аналитикалық топ катиондары
Екінші аналитикалық топ катиондарына Ag+, Pb2+, Hg22+иондары жатады. Катиондардың тұздары суда нашар ериді. Бұл топтың катиондарының нитраттары ғана жақсы ериді, сол сияқты қорғасын, күміс ацетаттары. Күміс және сынап (І) гидроксидтері тұрақсыз және пайда болған сәттен бастап оксид пен суға ыдырайды. Қорғасын гидроксиді қиын еритін әлсіз электролитке жатады және амфотерлі қасиеттерге ие. Екінші топ катиондарының тұздары гидролизге ұшырайды және олардың ерітінділері қышқылдық ортаны көрсетеді. Бұл катиондар комплексті қосылыс түзуге қабілетті. Топтық реагенті хлорсутек қышқылы немесе суда еритін оның тұздары жатады. Топтық реагентпен әсер еткенде ірімшік тәрізді тұнбалар түзіледі PbCl2, AgCl, Hg2Cl2.
Қорғасын мен сынаптың барлық еритін қосылыстары улы.
ІІ топ катиондарының қосылыстары медицина мен фармацияда қолдануды тапты. Күміс иондары өте төмен концентрацияда суды зарарсыздандырады және бактерияның дамуын басады. Күміс нитратын көз ауруларын емдеу кезінде қолданады. Колларгол (коллоидті күміс) іріңді жарақатты, қуықты және көздің кілегей қабығының қабыну кезінде жуу үшін қолданылады. Протаргол – күміс препараты-тұтқыр антисептикалық зат ретінде, тынысалу жолдарының шырышты қабықшасын майлау үшін қолданады. Қорғасын ацетаты дәріленген дәкені басу үшін, ал қорғасын оксидін-қорғасын пластырін жасау үшін қолданады.
Pb2+ қорғасын катионның реакциялары.
1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер орташа концентрациялы қорғасын тұздарын тұнбаға түсіреді. Қорғасын хлоридінің тұнбасы ақ түсті, мақта тәрізді және ыстық суда оңай ериді:
Pb(NO3)2 + 2HCl = PbCl2↓ + 2HNO3
2. Сілтілер қорғасын (ІІ) тұздарының ерітінділерінен амфотерлі қасиеттер көрсететін ақ түсті қорғасын гидроксиді тұнбасын түзеді. Ол азот немесе сірке қышқылында және сілтінің артық мөлшерінде ериді:
Pb(NO3)2 + 2KOH = Pb(OH)2↓ + 2KNO3
Достарыңызбен бөлісу: |