Катиондардың бірінші аналитикалық тобы



бет8/33
Дата21.10.2023
өлшемі286.5 Kb.
#481338
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
ПОСОБИЕ АХ (2)

3. K2CrO4 калий хроматы сынап (І) тұздарымен қыздырғанда қызыл-қоңыр түсті Hg2CrO4 тұнбасы түзіледі:

Hg2 (NO3)2 + K2CrO4 = Hg2CrO4 ↓+ KNO3


Тұнба сілтілерде және сұйылтылған сірке қышқылында ерімейді.


Екінші аналитикалық топ катиондар қоспасының анализі.



  1. Екінші топ катиондарын тұндыру. Анализденетін 2 мл ерітіндіге тамшылатып НСІ (1: 3) ерітіндісін тұнба түсуі тоқтағанға дейін қосады және артық екі тамшы енгізіледі. Қосылған әр мөлшерден кейін ерітіндіні мұқият араластырады. Тұнбаның шөгуіне уақыт береді және ерітіндінің тұнбаға толық түскені бақыланады.

Центрифугаланған ерітіндіден тұнбаны бөледі. Центрифугатты шеттетеді. Тұнба құрамында күміс, қорғасын және сынап хлоридтері болады.

  1. Тұнбаны зерттеу.

а) Қорғасын иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. Хлоридтер тұнбасына 1мл қайнаған суды қосады, қоспаны шыны таяқшамен үйкейді және су моншасына қояды. Осы кезде қорғасын (ІІ) хлориді ерітіндіге ауысады.
Таза пробиркаларға бірнеше тамшыдан алады. Бірінші пробиркаға 2 тамшы калий иодиді ерітіндісін, екіншісіне екі тамшы калий хроматының ерітіндісін қосады. Екі пробиркада тұнбаның түзілуі қорғасын иондарының барын дәлелдейді. Егер қорғасын ионы байқалса, оны тұнбадан бөліп алу қажет. Ол үшін 1,5-2 мл ыстық суды қосады, араластырып және қайнаған су моншасында 2 мин қыздырады. Ыстық ерітіндіні бөліп алады. Бұл операцияны қорғасын ионына калий хроматының ерітіндісімен оң реакция беруін тоқтағанға дейін қайталайды.
б) Сынап (I) иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. Тұнбаға 1мл шамасында концентрацияланған аммиак ерітіндісін қосады және мұқият араластырады. Бұл кезде күміс хлориді [Ag (NH3)2]Cl комплексті тұздар түрінде ерітіндіге өтеді. Аммиак ерітіндісімен өңдеу кезінде тұнбаның тез қараюы сынаптың (І) қатысын көрсетеді. Тұнбаны бөліп алады да түссіз ерітіндіні басқа пробиркаға ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет