Натрий катионның (Na+) реакциялары.
1. Жалынның боялу реакциясы. Натрий тұздары жалында сары түске бояйды. Реакция өте сезгіш және тән, фармакопеялыққа жатады.
2. K[Sb(OH)6] калий гексагидроксистибиаты (V) натрий тұздарымен бейтарап және әлсіз сілтілік ортада баяу түзілетін ақ кристалды тұнба береді.
NaCl + K[Sb(OH)6] = Na[Sb(OH)6]↓ + KCl
Реакцияны қышқылдық немесе күшті сілтілік ерітіндіде жүргізуге болмайды. Қыздыру кезінде тұнба ерігіштігі жоғары болғандықтан, реакцияны салқындату кезінде жүргізіледі, пробирка қабырғасын шыны таяқшамен үйкеу арқылы. Кедергі жасаушы иондар аммоний ионы балып табылады.
3. Микрокристаллоскопиялық реакция UO2(CH3COO)2 уранилацетаты натрий тұздары ерітіндісінде сарғыш кристалды натрий уранилацетатын Na[UO2(CH3COO)3] түзеді. Реакция фармакопеялыққа жатады.
NaCl + UO2(CH3COO)2 + CH3COOH = Na[UO2(CH3COO)3] + HCl
Аммоний ионның (NH4+) реакциялары
1. NaOH және КOH сілтілерді аммоний тұздарының сулы ерітіндісіне қосқанда, аммиак бөлінеді:
NH4+ + NaOH = NaCl + NH3↑ + H2O
Ерітіндіні қыздыру кезінде ұшқыш аммиак бөлінеді. Бөлінген аммиакты лакмус қағазы көмегімен байқауға болады. Ол лакмус қағазын көк түске бояйды. Реакция фармакопеялық.
2. Несслер реактиві (K2[HgI4] пен KOH қоспасы) аммоний тұздарымен қызыл-қоңыр түсті тұнба береді:
2K2[HgI4] + 4KOH + NH4Cl = [Hg2ONH2]I↓ + 3H2O + 7KI + KCl
Реакцияны реактивтің артық мөлшерінде жүргізу шарт, себебі тұнба аммоний тұздарында ериді. Реакция өте сезімтал. Ерітіндінің қанық боялуы аммоний ионның концентрациясына байланысты.
Бірінші аналитикалық топ катиондар қоспасының анализі
Достарыңызбен бөлісу: |