Казахский государственный женский педагогический



бет10/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#17822
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада қазақ халқының тарихы, мәдениеті, этнографиясы, әдеттік құқының орыс, қазақ және шетел ғалымдары тарапынан зерттелуі нақтылы деректер негізінде көрсетілген. Қазақстанды зерттеумен шұғылданған орыс, қазақ және кейбір шетелдік ғалымдар туралы өмірбаяндық және библиографиялық мәліметтерде берілген.


Кіші жүз тайпаларының хіх ғасырдағы қоныстануына қатысты зерттеулер
Картаева Т.Е. - т.ғ.к., доцент м.а.,

Басшыбаева А. - оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Қазақ халқының этникалық тарихы мәселелерін жан-жақты зерделеу үшін, оның этникалық-тайпалық құрамын анықтаудың, қоныстанған аймағын ғылыми тұрғыда анықтаудың маңызы зор.

Тайпалардың этникалық территориясын, этногеографиясы мәселесін қаузағанда, алдымен сол тайпалардың шаруашылықты жүргізу ерекшеліктерін ескеру қажет. Қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты өтті. Қазақ халқының үш жүзге бөлінуінің өзі алдымен экономикалық себептерге байланысты болғандығын ескермеске болмайды, үш жүздік аймақ қазақ тайпаларының қыстаудан көктеуге, одан жайлауға, күздеуге көшуіне, әр тайпалық бірлестіктердің жайылымдық жерлерді иеленуіне байланысты қалыптасты. Жетісу өңірінде қыстап, жазда Алатау бөктерінде жайлап, Шу жағалауынан Сырдарияның бас жағына дейінгі аралықта көшіп қонатын тайпалар - Ұлы жүз бірлестігін; Ертіс пен Есіл жағалауындағы далаларда және Зайсан сайларынан Алтай, Тарбағатай тауларына дейінгі көшіп-қонатын тайпалар - Орта жүз бірлестігін; Сырдария жағалауынан Сарысуға, Торғайға, одан әрі Қостанайға, Ырғыздан - Тобылға, Үстірттен Ұя және Обаған өзендерінің бойына, одан әрі Жайық, Елек, Есет, Сақмар, Бұлтырты, т.б. өзен сулардың бойында көшіп-қонатын тайпалар - Кіші жүз бірлестігін құрады.

Біз зерттеп отырған Кіші жүз тайпалары оңтүстікте Сырдария мен Үстірт қыраттарын, Каспийдің шығыс жағалауларынан басталып, солтүстікте Жайық, Ырғыз, Ембі, Тобыл өзендерінің алқаптарын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі алқабын алып жатты.

Елші Мәмет Тевкелевтің 1748 жылы құрастырған жазбаларында Кіші жүз рулары Борсық құмдарында, Ор, Елек, Ембі, Жайық бойларында, Гурьевтен Каспий теңізіне дейінгі өңірде көшіп жүретіндігін айтқан /1/.

М.Тевкелев 1748 жылы құрастырған тайпалар тізбегін негізге алған автордың бірі А.И.Левшин. Алексей Ираклевич Левшин (1797-1879) қазақтардың тарихы мен этнографиясына қатысты құнды мәліметтерді 1820-1822 жылдары Орынбор және Орал қалаларында қызмет ете жүріп жинақтаған /2/. А.И.Левшин Кіші жүз тайпаларының қонысы жайында: “Кіші Жүз қазақ жерінің батыс аймағында: Оңтүстік-батыс бөлігінде Жайық, Ембі өзендерінің төменгі ағысы, Сам және Маңғышлақ жарты аралы, солтүстік-батысында Жайық өзенінің орта ағысы, Қобда, Елек, Ор өзендерінің аңғары, Мұғалжар тауларының етегін, шығысында Ырғыз, Торғай өзендері, Шалқар көлі, Кіші және Үлкен Борсық құмдары, Қарақұм құмдары мен Сырдарияның төменгі ағысы бойын мекендеген”, -деп нақтылаған /3/. Елші Тевкелев құрастырған тізімге сүйенген келесі бір автор И.И.Крафт. Крафт құрастырған “Сборник узаконении о киргизах степных областей” атты еңбегі сондай-ақ Кіші жүз тайпалары қоныстанған аймақтардағы әкімшілік Ережелердің жүргізілуін анықтауға бағдар болды /4/. Бұл еңбегінде Крафт қазақ халқының шығу тегі жайындағы аңызды А.Харузин жазбаларына сүйене отырып келтірген /5/.

ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ руларының көшіп-қону аймағы мен санын анықтауда Орынбор әскери губернаторы Г.С.Волконскийдің тапсыруымен старшындар Көбек Шүкірұлы мен Қазан татары Ғалии Шахмұратов жайындаған мәліметке бой ұсынбай болмайды. Бұл қазақ руларының мерзімдік қонысын нақты көрсеткен бірден-бір маңызды құжат. Бұл құжатта Кіші жүз тайпаларының  217 атасынан 165 700 шаңырақ болғандығын көрсеткен /6/.

Н.А.Аристов жазған “Заметки об этническом составе и сведения об их численности” атты еңбегінде Кіші жүз тайпаларының санын нақтылау мақсатында Волконский нұсқанысына сүйенгенге ұқсайды. Н.А.Аристов жазбалары да Кіші жүз тайпаларының санын, орналасуын, ұранын, таңбасын нақтылауға негіз болады /7/.

Кіші жүз қазақтарының этногеографиясы мен этнодемографиясын қамтыған ірі еңбектің бірі әскери шенеунік Л.Мейер құрастырған 1865 жылы жарық көрген “Материалы для географии и статистики России. Киргизская степь Оренбургского ведомства” деп аталатын еңбекте бірқатар Кіші жүз рулары қамтылған /8/. Әскери зерттеушілер қорыта келе 1860 жылдары Орынбор өлкесінің батыс бөлігінде 65 000 шаңырақ –325 000 адам; орта бөлігінде – 55 000 шаңырақ – 275 000 адам; шығыс бөлігінде – 25 000 шаңырақ -125 000 адам; Сырдария бөлігінде 15 000 шаңырақ – 75 000 адам; Орынбор өлкесінде 160 000 шаңырақ – 800 000 адам болған, - деген /9/.

Орынбор ведомостволығының қазақ даласы солтүстігінде Орынбор губерниясымен, батысында Орал казактары әскері жерлерімен және Каспий теңізімен, шығысында Сібір қазақтары облысымен, оңтүстігінде Түркістан облысымен шектесіп Арал теңізі аймағын алып жатты. Орынбор даласын негізінен Кіші жүз тайпалары мекендеді.

М.Галкин “Этнографические и исторические материалы по Средней Азии и Оренбургском краю” атты еңбегі Орынбор өлкесін мекендеген Кіші жүз ру-тайпаларының қыстық және жаздық қоныстарын анықтауда жол сілтеуші десек болады /10/.

Ресей ғылым Академиясының бірінші корреспондент мүшесі П.И.Рычков (1712-1777) Орынбор өлкесінің тұрғындары мен сол өлкені мекендеген қазақ халқының этногеографиясы мен тіршілігін жан-жақты зерттеуден өткізіп, қағазға түсірген ғалымдардың бірі. Ол Орынбор өлкесінде түрлі әкімшілік қызмет атқара жүріп жазған құнды ғылыми еңбектерінің бірі “Топография Оренбургская” кітабында Орынбор өлкесін мекен еткен халықтарға қатысты тарихи-этнографиялық сипаттамалар бере отырып, Орта жүз бен Кіші жүз руларын құрамы жағынан күрделі рулар қатарына жатқызып, Кіші жүздің бірқатар руларын атап кетеді /11/.

П.И.Рычков 1756 жылы “Сочинения и переводы, к пользе и увеселению служащия” атты журналда “История Оренбургская” атты еңбегін жариялады. Кейін бұл журнал материалдары академик Г.Ф.Миллер құрастырған төрт томдық “История Сибири ” атты жинаққа енді /12/. Сондай-ақ П.И.Рычковтың “История Оренбургская по учреждению Оренбургской губерний” деген атпен жарық көрген шығармасында Кіші жүздің бірқатар рулары аталады. Бұл еңбектердің Орынбор өлкесін мекендеген этникалық топтардың тарихын зерделеудегі маңызы зор /13/.

Орынбор өлкесін мекен еткен тайпалардың тыныс-тіршілігін қамтыған еңбектер арасында әрине экспедиция материалдары маңызды орын алады. 1738-1740 жылдар аралығында Орынбор экспедициясының жетекшісі болған Василии Никитич Татищевтің (1686-1780) экспедициялық материалдары Кіші жүз қазақтарын құрылымына, шекараларына қатысты құнды мәліметтер береді. Ол, Кіші жүз қазақтарының қыстауларын Сырдария және Орынбор губернияларының жерлерін қамтып жатқан, - деп көрсеткен /14/.

1768-1774 жылдары Қазақстанның көптеген территориясын қамтыған экспедицияға қатысқан П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.И.Лепехин, И.Г.Георгилар жазбаларының да маңызы зор. Неміс ғалымы П.С.Паллас (1741-1811) 1768 жылғы қазақ даласында болған сапар нәтижелерін бес томдық “Путешествия по разным провинциям Росийской империи” атты еңбегінде жариялады. Бұл еңбекте Кіші жүз қазақтарының қоныстары қамтылды /15/.

1768-1769 жылдары жүргізілген “Орынбор экспедициясы” материалдары И.И.Лепехиннің еңбектерінде жазылып, Еділ, Жайық бойын және Орынбор даласын қоныстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігін қамтыған /16/.

1785-1786 жылдары жүргізілген Орынбор экспедициясының жетекшісі болған швед ғалымы И.Фальк (1727-1774 ) Орынбор даласындағы қазақ ауылдары жайында жинаған мәліметтерін, осы экспедиция мүшесі болған И.Г.Георги жинақтап шығарған /17/. Швед ғалымы И.Г.Георги (1729-1802) Орынбор экспедициясы кезінде жинақтаған тарихи-этнографиялық деректерінің “О киргизах” атты бөлімінде Кіші жүздің тайпаларына сипаттама берілген /18/. Орынбор экспедициясы зерттеушілердің бірі Н.П.Рычков та қазақ халқының үш жүздік құрылымына, олардың қоныстанған аймақтарына тоқталып өтеді /19/.

Кіші жүздің этногеографиясын анықтауға басты бағдар болған еңбектің қатарында “Географическо-статистический словарь Российской империй» атты сөздіктің маңызы ерекше. Онда: “Жетіру тайпалары Троицк, Звериноголовск бекінісі, Торғай, Тобыл, Ембі, Жайық бойларында көшіп жүрген, бір бөлігі Бөкей Ордасы құрамында болған”, - деген /20/. 1818 жылы “Сибирский вестник” журналында жарық көрген М.Поспелов пен Т.Бурнашевтың материалдарында Кіші жүз тайпалары Орынбор шекарасынан бастап Бұхараға дейінгі аумақты алып жатыр, - деп көрсеткен /21/. Осы журнал беттерінде қазақ халқының үш жүздік құрылымы жайында қалам тербеген автордың бірі Г.И.Спасский /22/.

Қазақтардың үш жүздік құрылымына анықтама бере отырып, олардың қоныстанған аймағын көрсеткен еңбектің бірі - “Народы России” атты этнографиялық очерктер жинағы. Бұл еңбекте: “Қазақтар Орта Азия аймағында, Жайық өзені және Каспий теңізінен Алтай, Алатау, Тянь-Шань тауларынан Батыс Сібірдің оңтүстік шекарасынан Сырдария, Әмудария өзендері бойларында көшіп-қонды. Қазақ даласы 40 000 млн кв жерді алып жатыр. Қазақтардың жалпы саны 2 000 000. ...Кіші жүз тайпалары Жайық өзені мен Арал теңізі аралығын мекендеген, - деп көрсетілген. Бұл жинақта Кіші жүз тайпаларының қоныстану шекарасы тарылтып көрсетілген, дегенмен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жайлы анағұрлым толық мәліметті беретін құнды еңбек болып табылады /23/. Қазақстанның батыс бөлігі мен Орынбор өлкесі халқының этнодемографиясына қатысты құнды мәліметтер П.Кеппеннің зерттеулерінен орын алған. Еңбектің сол кезеңдегі Кіші жүз тайпалары санын анықтауға үлес қосары сөзсіз /24/.

Орал экспедициясының материалдарында Орал облысында мекен еткен Кіші жүздің табын, кердері, масқар, қызылқұрт, таз, шекті, руларының қоныстарын қамтыған /25/.

“Материалы для статистики Туркестанского края” атты жинақтың Сыр өңіріндегі халықтардың этнодемографиясы мен көшу жолдарын анықтаудағы маңызының ерекше екендігі даусыз /26/.

Кіші жүз ру-тайпаларының статистикалық көрсеткіші, қыстаулық, жайлаулық қоныстары, малды суару көздері, егін шаруашылығының түсімі, салық жүйесі сияқты өзекті мәселелерін айқындауда, ХІХ – ХХ ғ.ғ. бас кезінде ауыл шаруашылығы негізінде жүргізілген статистикалық санақ нәтижелерін басшылыққа алуға болады. 1897 жылдан басталған ауыл шаруашылығы санағы кітаптарының парақтары Кіші жүз тайпаларының мерзімдік қоныстары жайында маңызды құжат болып табылады /27/.

Кіші жүз тайпаларының дәстүрлі шаруашылығы, көші-қон бағыты, тұрмыс-тіршілігі мәселесін жан-жақты қаузаған көлемді еңбектің бірі В.П.Семенов-Тянь-Шанъскийдің редакциялығымен жарық көрген “Россия полное географическое описание нашего отечества” атты жинақтың Түркістан өлкесі бөлімі. Түркістан өлкесі тарихына арналған ХҮІІІ томындағы деректер жүйесі байырғы қазақ ауылының дәстүрлі құрылымы мәселесін қамтуға негіз болады /28/. Ал, осы жинақтың ХІХ томында 1897 жылғы Бүкіл Ресейлік санақ мәліметін негізге ала отырып: “қазақтардың жалпы саны 1 884 192 болып, оның 794 815 - Жетісу, 952 061 - Сырдария 63 091 - Самарқант, 74 225 - Закасспий облысында тұрған. Ал, 17 000 қазақ Хиуа хандығынан тіркеуге алынған” – дейді /29/.

П.Небольсин, Н.И.Гродеков және И. Добросмыслов еңбектері Кіші жүз ру-тайпалық бірлестігінің таңбаларын нақтылауда маңызды дерек бола алады /30/.

Кіші жүз ру-тайпаларының өзбек, қарақалпақ, башқұрт халықтарының арасында кездесетіндігі белгілі. Жаугершілік замандарда көрші халықтың тайпаларына кіру тарихы мен олардың тұрмыс-тіршілігі жайындағы деректер К.Ш.Шаниязов, Р.Г.Кузеев, Т.А.Жданко еңбектерінен көрініс тапқан. Еңбек деректері құнды материал ретінде Кіші жүз қазақтары қоғамының әлеуметтік қатынастарын сипаттауға да арқау болады /31/.

Кіші жүз тайпаларына қатысты құнды мәліметтердің бірқатарын А.Хорошхин жазбаларынан таптық. А.Хорошхин жариялаған “Тамды или Тамлы” атты мақала Қарақалпақ жеріндегі Тамды өңіріндегі қазақ руларының рухани мәдениетінен, “По кочевьям киргизов на северо-восток от Тамды” атты мақалада Қоңырат өлкесіндегі тайпалардың көшу бағытын және көшке байланысты салт-дәстүрлерден хабар береді. Сондай-ақ осы автордың “Низовья Аму-дарьи до Кунграда”, атты зерттеуі Сырдария облысының Амудария бөліміндегі Табындардың этношаруашылығын сипаттауға негіз болды. Осы автордың “Кызыл-кум (историки-этнографический очерк)” атты мақаласында Қызылқұм құмдарында көшіп жүрген Кіші жүз тайпаларының құрамын келесідей анықтайды: “Қызылқұм құмдарына Алшындар осыдан 40 жыл бұрын келген (1830 жылдарды айтып тұр), елде болған жағдайға байланысты, олар өздерінің бұрынғы қоныстарын тастап, Сырдың сол жақ жағалауына қоныс аударған. Олар Бұқан тауларының етегінен жайылымдық жер тапты. Кіші жүзден Алшын руы, Балхы, Қаратамыр, Келдібай, Аспан тармақтарымен Арыстанды тау, Тамды тау, Ақтау және оңтүстікте Бұхарға дейінгі аймақта; Керейіт, Жаппас, Алтын, Алаша, Таздар рулары Тохта тауының оң жақ сілімдерінде; Тама, Табын, Жағалбайлы, Кердері жоғарыда аталған жерлердің оң жақ беттерінде көшіп-қонып жүр”, - дей келе Орта жүз, Ұлы жүзден Қызылқұмды қоныс еткен Арғын, Қаңлы, Жалайыр, Қоңырат руларын атайды. А.Хорошхин Қызылқұмға көшпелі тайпалардың ығысуын, 1867 жылғы Әкімшілік Ережемен байланысты екендігін айта отырып, Кіші жүз тайпаларын көшпелі шаруашылықты жүргізуге қолайлы болу үшін Сыр бойынан қоныс аударған дейді. А.Хорошхин Қызылқұм тайпаларының көшпелі болуына байланысты олардың нақты санын анықтау қиын екендігін ескертіп, “шамамен олардың саны 3000 шаңырақ, 15 000 адам”, - деп көрсеткен /32/.

Қазақ қауымының басына төнген түрлі қауіп-қатер, шапқыншылықтар нәтижесінде (Жоңғарлардың қазақ жерлерін басып алуы Қоқан, Хиуа хандықтарының Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстандағы билігі, орыс әскерлерінің келуі т.б.) жүздердің территориялық бірлестігі ыдырап, рулардың өзара араласуы басталды. Қоқан, Хиуа хандықтарының тарихына қатысты мұрағаттық құжаттарда Кіші жүз тайпаларының аттары кездесуі осының дәлелі /33/. Қазақ даласына жүргізілген әкімшілік ережелер нәтижесінде болыстық, әкімшілік ауылдар құрылып, рулардың бір орынға нақтылап бекітілуі де бірте-бірте көшпеліліктің әлсіреуін тудыртты.



Жоғарыдағы зерттеулер Кіші жүз тайпаларының ата-қонысы Қазақстанның батыс өңірі, Еділ, Жайық арасы, Арал-Касспий өңірі, Үстірт, Сырдария өзенінің төменгі ағысынан орта ағысына дейінгі аймақ екендігін дәлелдейді.
әдебиеттер

  1. Русско-казахские отношения в ХҮІ–ХҮІІІ вв. -Алма-Ата. 1961. –406-407б; Тевкелев А.И. Разные бумаги генерал-майора Тевкелева об Оренбургском крае и о киргиз-кайсацких ордах 1762 года. // Временник Московского общества статистики и древностей Российских. Кн 3. Отд.3. 1852. -15-19бб.

  2. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Ч.3. Спб. 1932. 7-9 бб.; Қайта басылымы: - Алматы. Санат. 1996. – 290 б.

  3. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Қайта басылымы: - Алматы. 1996. – 491 б.

  4. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. Оренбург. 1898. – С.17.

  5. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. 15-16 с.; Харузин А.Н. К вопросу о приосхождении киргизского народа. Этнографи-ческие обозрение. Кн. ХХҮІ.

  6. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1825 гг). ІҮ Том. – М., 1940. - 513-515 с.

  7. Аристов Н.А. “Заметки об этническом составе и сведения об их численности”. - Спб. 1897. - 118 б.

  8. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Ч.1. Киргизская степь Оренбургского ведомства.- Спб. 1865. - 90-91 с.

  9. Сонда, - 86-87 с.

  10. Галкин М. Этнографические и исторические материалы по Средней Азии и Оренбургскому краю. - Спб. 1869. - 331, 333-334 с.

  11. Рычков П.И. Топография Оренбургская. – Спб., 1762; Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. 2-ое изд. –Оренбург, 1887. –99-100с.

  12. Миллер Г. История Сибири. Т.1. – М., 1937. –. 314 с.

  13. Рычков П.И. История Оренбургская по учреждению Оренбургской губернии. Оренбург, 1896.-С.71.

  14. Татищев В.Н. Избранные труды по географии. – М. 1950. – 178 б.

  15. Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. Ч.1-3. – С-Пб., 1773-1776.

  16. Лепехин И. Дневные записки путеществия по провинциям Российского государства. Ч.1. – Спб. 1894.

  17. Полное собрание ученых путеществии по России. Т. ҮІІ. – С-Пб. 1825.

  18. Георги И.Г. Описание всех в Российском государстве обитающих народов, так же их житейских обрядов, вер, обыкновений, жилищ, одежд и прочих достопамятностей. Ч. 1-3. – Спб., 1776-1777.; Ч 1.- 115-142 бб.

  19. Рычков Н.П. Дневные записки путешествия капитана Николая Рычкова в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году. – С-Пб. 1772.

  20. Географическо-статистический словарь Российской империй. Том ІҮ. 1872. - 557 с.

  21. Казахско-русские отношения в ХҮІІІ-ХІХ веках (1771-1867). / Сборник документов и материалов. Док. №85. Алма-Ата, 1964. - 85 с.

  22. Спасский Г.И. Киргиз-кайсаки Большой Средней и Малой Орды // Сибирский вестник. Спб. 1820. №9-11

  23. Народы России. Этнографические очерки. Спб. 1880. - 145, 148 с.

  24. Кеппен Л. Девятая ревизия. Исследование о числе жителей в 1851 г. – Спб. 1857.

  25. Секретная экспедиция Уральских казаков. 1903. Уральск. 6-7 с.

  26. Материалы для статистики Туркестанского края. Вып. 1. – Ташкент. 1872.

  27. Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные статистической партией Тургайско-Уральского переселенческого района Тургайский обл. Кустанайский уезд. Воронеж. 1903.; Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Тургайская область. Т.VII. Актюбинский уезд. Общий очерк Актюбинского уезда. -Воронеж, 1903.; Киргизский уезд. Оренбург. 1913.; Семипалатинская обл. Каркаралинский уезд. Том ҮІ. – Спб. 1905.; Зайсанский уезд. Т.ҮІІІ. – Спб. 1909; Перовский уезд. Ташкент. 1911; Казалинский уезд. Ташкент. 1912; Темирский уезд. Оренбург. 1910; Лбещинский уезд. Оренбург. 1909; Уральский уезд. Оренбург. 1908; Материалы по обследованию кочевого и оседлого туземного хозяйства и землепользования в Амударьинском отделе Сырдаринской области. Вып.2. Ташкент, 1915. Вып.2.

  28. Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Под. ред. В.П.Семенова–Тянь-Шаньского. Том ХҮІІІ. Туркестанский край. Спб.1903.

  29. Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Под. ред. В.П.Семенова–Тянь-Шаньского. Том. ХІХ. Туркестанский край. Спб. 1913.

  30. Небольсин П. Рассказы проезжего. СПб. 1854. 299-300 бб.; Гродеков Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-дарьинской области. Таш., 1899. Приложение; Добросмыслов И. Скотоводство в Тургайской области. – Оренбург, 1895. – 103-105 с..

  31. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа (историко-этнографическое исследование на материалах кипчакского компонента. Таш. Фан. 1974.; Кузеев Р.Г. Происхождение Башкирского народа. Этнический состав, история расселения. М.,1974.; Жданко Т.А. Очерки исторической этнографии каракалпаков. Родо-племенная структура и расселения в ХІХ – нач. ХХ века. М. 1950.

  32. Хорошхин А. Тамды или Тамлы (из походного дневника, казахские предания об урочище Тамды). // Туркестанские ведомости (бұдан әрі ТВ – Т.К.). 1872, №35; Хорошхин А. По кочевьям киргизов на северо-восток от Тамды // ТВ. 1872. №46. Хорошхин А. Низовья Аму-дарьи до Кунграда // ТВ. 1873. №3.; Хорошкин А. Кызыл-кум (историко-этнографический очерк). // ТВ. 1873. №18. - 70-71 с.

  33. Иванов П.П. Архив Хивинских ханов ХІХ в. Исследование и описание документов с историческим введением. -Л. 1940. Гл. Каракалпаки и казахи.

РЕЗЮМЕ


Статья посвящена исследованию расселения родов младшего жуза в ХІХ веке.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақала ХІХ ғ. Кіші жүз руларының орналасу мәселесіне арналған.

А р х е о л о г и я ж ә н е э т н о л о г и я

Оңтүстік Қазақстан қазақтарының тұрғын үйге байланысты әдет – ғұрыптары, ырымдары мен нанымдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет