Казахский государственный женский педагогический



бет15/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#17822
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Грач А.Д. Древние кочевники в центре Азии. -М., 1980. С. 45.

  2. Неихорд А.А. Скифский рассказ Геродота в Отечественной историографии. -М., 1970. С. 163.

  3. Артамонов М.И. Сокровища скифов. М., 1973. С. 36.

  4. Граков Б.Н. Скифы. М., 1971. С. 30.

  5. Граков Б.Н. Скифский Геракл. М., 1950. С. 7.

  6. Хазанов А.М. Социальная история скифов. М., 1975.

  7. Тереножкин А.А. Общественный строй скифов. М., 1977.

  8. Артамонов М.И. Сокровища скифских курганов. Л., 1966. С. 102.

  9. Акишев К.А. Саки азиатские и скифы европейские // Археологические исследования в Казахстане. А., 1973. С. 10.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматривается историография сакской государственности: общественный строй, государственность, управление, общественная система и военная тактика.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақала сақтардың қоғамдық құрылысы мен мемлекет тарихының зерттелу жағдайына арналған. Қазан төңкерісіне дейінгі және кеңестік кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасай отырып, автор сақтардың өз мемлекеті, өзіндік басқару жүйесі және әскери әдіс тәсілі болған деп қорытындылайды.



Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдерімен салыстырғандағы демографиялық жағдайы
Қуатбекова М.А. - магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
  Бүгінгі таңда демографиялық ахуал жақсармай қандай да болсын мемлекет өзіндік даму дәрежесіне жете алмайды. Себебі халқы неғұрлым көп болса, ну ормандай тұтасып, қалың отырса, ел мен жердің мүддесіне ешкім қол сұға алмас...

Халық санын өсіру - мемлекеттік міндет, сондықтан Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған жолдауында халық санын көбейтуді басты мақсаттың бірі деп алды. Әрине, Қазақстанның этникалық өзегі болып табылатын қазақ халқы саны жағынан да, сапасы жағынан да өсуді қажет етеді. Сол себепті де мемлекет тууды өсіру, өлім-жетімді азайту және кезінде түрлі себептерге байланысты кетуге мәжбүр болған қазақстандықтарды қайтаруды үдету үшін түрлі шаралар жүргізіліп жатқанына баршамыз куәміз.

Орта Азия мен Қазақстан жері қазіргі бүкіл Евразия алып құрылығына кең жайылып кеткен түркі тілдес халықтардың ежелгі этникалық қалыптасқан ошағы және біртұтас аймақ ретінде 4 миллион шаршы шақырым жерді алып жатыр.

Орта Азия мен Қазақстан ұзақ жылдар бойы әлеуметтік-экономикалық мешеулікте қалып келді және олардың демографиялық өсуі де ұзақ уақыт тежелу жағдайында болды. Ал, қазіргі уақытта әрбір елді-мекен өз ұлтының даму деңгейін, яғни өсу қарқындылығын арттырып отыруға тырысуда. Бұл аса маңызды күрделі мәселе. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстандағы халықтың өсуіне ежелгі ұлттық дәстүрлері көбірек септігін тигізуде. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарамастан, ұрпақ өсіруге қатты көңіл бөлуде.

Орталық Азия халықтарының қатарына қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз және қарақалпақ жатады. Олардың ішінде тек қазақтар ғана демографиялық кезеңнің орташа сатысынан өтті, соның салдарынан табиғи өсу қарқыны тез баяулайтын болады. Ал басқа ортазиялық халықтарға келетін болсақ, олардың мол демографиялық потенциалы түбінде міндетті түрде Өзбекстан мен Тәжікстанның Ферғана жазығы, Ташкент (агломерация), Заравшан, Вахш Гиссар, Хорезм, Мары сияқты оазистерін халықтың тығыз шоғырланған аймақтарына айналдырады. Бұл оазистер қазірдің өзінде әлем бойынша халық көп шоғырланған аудандарға (1 шаршы шақырым 800-900 адамға дейін келеді) жатады /1/.

Атақты демограф М. Тәтімов барлық Орта Азия халықтары 2000 жылы 57 миллионға жетті, соның ішінде қазақтар 12,5 миллион, Орта Азия халықтары 44,5 миллионды құрайтынын атап көрсетті. Демек, осы жылдағы барлық өткен кезеңдегі өсімнің орташа жылдық қарқыны 2,7% құрап отырғанын айғақтайды.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 2015 жылы Орталық Азияның аймақтық халқы 1,5 есеге, яғни 2000 жылдағы 57 миллионнан 75 миллионға дейін жетеді екен. Осының ішінде тек Өзбекстан тұрғын халқының саны 22,3-тен 33,2 миллионға артады деп болжайды /2/.

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың басында барлық Орта Азия халықтарының бестен екісін құраса, бүгінгі таңда және келешекте, ХХІ ғасырдың аяғына таман көршілес туысқандардың арасында бестен бір бөлігін құрайды. Жинақталған әлемдік өсім тәжірибесі мен халықтың дамуы анық көрсеткеніндей біздің Қазақстан өзінің демографиялық сипатында Орта Азия жағдайынан Ресей Федерациясы жағдайына өтпелі кезеңді бастан кешіруде.

Орта Азия мен Қазақстанды жайлаған туысқан елдердің 1997-1998 жылдардағы жалпы тұрақты халық саны төмендегі кесте бойынша сипатталады /3/ .
Кесте.





Қазақстан

Өзбекстан

Қырғызстан

Тәжікстан

Түрікменстан

1998

Халық саны (жыл басында; мың адам)



15 641,9


23 873


4 666


6 065


4 688


1997

Ерлер (%)


Әйелдер (%)

49
51


50
50


49
51


50
50


50
50



1998

Халық тығыздығы (1км²)


5,8

50,4

23,3

42,4

9,3


1997

Жас мөлшер үлесі 0-14 жас %

65 жас және одан жоғары %

30
7


40
4


37
6


44
4


40
4



1991 жылы Қазақстан Респубпикасы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін, трансформациялық үдіріс басталып, бөлек этностық топтар тарихи Отанына оралу мүмкіндігі ашылған сайын, Орта Азиянын басқа елдеріндегідей, Қазақстанда да халықтың санында және құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды.

Туу деңгейі төмендеп және өлім-жітімнің көбеюінің, сонымен қатар халық санының табиғи өсімінен асатын көші-қонның айтарлықтай жағымсыз сальдосының нәтижесінде 1992 жылдан бастап республикадағы халық санында 2001 жылдың соңына дейін төмендеу беталысы болды. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтардың туу өсімінің, көшіп келушілер ағымының өсімі мен көшіп кетушілер ағымының төмендеуі нәтижесінде халық санының өсуі байқалды.

Қазақстан Республикасында 1999 жылы бірінші Ұлттық халық санағы жүргізу жұмысы аяқталды. Халықтың жынысы, қалалық және селолық мекендерде тұруы бойынша, сондай-ақ, байырғы ұлт-қазақтардың саны жөнінде мәліметтер алынды.

1999 жылғы халық санағы нақты 15 049,1 мың халықтың, 14 952,7 мың тұрақты халықтың, соның ішінде 7 984,3 мың қазақтың бар екенін немесе оның тұрақты халықтың 53,4 % екенін көрсетті. /4/

Халықтың жалпы санының өзгеруіне, бірінші кезекте, халықтың туу және өлім-жітім деңгейі өзгеруі әсерінен қалыптасатын табиғи өсім әсер етеді.

Тәжікстан Республикасында берілген мәліметтер бойынша табиғи өсім 1991 жылы 32,6 %, 1995 жылы 22,7 % көрсетті./5/

1991-2005 жылдары ішінде жалпы республика бойынша халықтың табиғи өсімі 1 687,7 мың адамды, соның ішінде қалалық мекендерде 572,7 мың адамды (33,9 %), ауылдық жерде 1 115 мың адамды (66,1%) құрады/6/

Американ демографы Бернштам шығыс халықтарының оның ішінде Өзбекстан мен Тәжікстанның болашақта 4-5 есе өсе алатынын айта келе, әрбір халықтың саны туралы жаңсақ болжам келтіреді. Оның пайымдауынша 2050 жылы Қазақстан халықтарының саны күрт кемиді. Алайда қазақтар бала санын әрі қарай шектеп, екі баланың әдетте біржола көшкенінің өзінде, ғалымдардың болжауы бойынша, өсіміміз кем дегенде 2,5 немесе 3 есе көбейе алатынын дәлелдейді.

Алайда, демография мәселесі бойынша проблема көп. Қазақстан Үкіметі таяу жылдарда жергілікті халықтың жалпы санын 20 миллионға жеткізуді көздеп отыр. Бұлай етпесе де болмайтын сияқты. Себебі, жыл сайын қазақ халқының санының 70 мың адамға азаюы кімді де болса алаңдатады. (Сәбилер өлімі, елде таралған түрлі жұқпалы аурулардың көбюі т.с.с.). Қазақстанды қазақтандыру мәселесі шетелдердегі қандастарымызды атамекендеріне қайтармайынша өз шешімін таба алмас. Сондықтан жақын арада 500 мың қандас бауырларымызды алыс шетелдерден өз елімізге қоныс аудару мақсатын жедел түрде жүзеге асыруымыз қажет. Өйткені, атажұртқа жарты миллион қазақты қайтару Елбасымыздың өзі қойған межесі емес пе?

«Тегіміз бір түрікмен, өз ағамыз өзбек және бір туған қырғыз бауырларымыз болашақта өз бетімен жерімізге келіп, біздің санымызға сан қоспаса, олардан келетін тілімізге де, дінімізге де, елдігімізге де еш зиян жоқ. Бірақ саны тез өсіп, түбінде алпыс миллионды алқымдай алатын өзбектің өз жеріне сыймай кетуден мүмкін болатын сан өктемдігін алдын алған жөн», - деп көрсетті атақты демограф-ғалым Мақаш Тәтімов.

Сонымен Орта Азия халықтарының өсу қарқыны біркелкі және жоғары деңгейде жүріп жатса, ал қазақтар жері кең, табиғи байлығы мол бола тұра, олардан 1,5 есе баяу өсуде. Қазақ халқы қазір өз туыстарынан баяу өскенімен, жерінің кеңдігі нәтижесінде және ұшан-теңіз байлығы арқасында ұзақ уақыт бойы өсе алары анық. Ал қазіргі демографиялық жағдайымыз неғұрлым тез өсуді қажет етеді.

әдебиеттер


  1. Мақаш Тәтімов. Демографиялық болжам – келешекке көзқарас. // Қазақстан. Заман. – 2002. 19 сәуір. – 13 б.

  2. Садовская Е.Ю. Основные тенденции миграционных движений в Казахстане на рубеже ХХ века. // Казахстан и современный мир. – 2003. – № 1 (4). – С. 61.

  3. // Казахстан и страны СНГ. – 1998. - № 17 – С. 6.

  4. // Қазақстан және оның аймақтары. – 1999. – № 3 – 8 б.

  5. С точки зрения демографии. – http: // www. mirror. kiev. ua/index.htm

  6. Демографический ежегодник Казахстана: Статический сборник. –А., 2005.

РЕЗЮМЕ


В статье дается сравнительный анализ демографического развития Республики Казахстан с некоторыми государствами Центральной Азии.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Қазақстан Республикасының көрші Орталық Азия елдерімен салыстырмалы демографиялық ахуалі көрсетілген.



Монғолиядағы қазақ диаспорасы: кеше және бүгін
Қыпшақбаев Қ. - оқытушы (Қызылорда қ., Агротех.колледж)
Қазіргі кезде Қазақстаннан тыс жерлерде 5 миллионнан аса қандастарымыз тұрады. Сырттағы қазақтар бұрынғы КСРО құрамындағы 14 мемлекет пен әлемнің 25 елінде өмір сүріп жатыр. Олардың миллиондайы диаспораны, қалған 4 млн-нан астамы Қазақстанмен жапсарлас елдердегі ирредиенттерді құрайды.

Монғолиядан қазақтардың репатриациялануы Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси істерінің күрделі мәселелері болып табылады. Монғол қазақтарының жаппай репартриациясының басталуы 1991 жыл дың ақпанда 97 қазақтың келуінен басталады. Олар Талдықорған облысындағы Сарыөзек мекеніне орналасты. Олардың ішінде атақты МХР құрылыс министрлігінің орынбасары, ақсақал Зуха, инженерлер институтын Польшада тамамдаған Тоқтар, Белоруссияда ЖОО оқыған Жәлелбек т.б. бар. МХР Баян Өлгий аймағына ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институты социологиялық сұрау ізденістерін 1992 жылы жүргізгенде, ондағы қазақтардың 80,5% еліне қайтқысы келген.

Монғолия қазақтары өз Отанына қайту себептерін былайша көрсеткен:


  • 29,6 % өз балдарына жоғары сапалы білім бергісі келген;

  • 20,3% өз ата-бабалары Отанында тұрғысы келген;

  • 14,4% ұлт мәселесіне орай;

  • 8,2% кәсіби жұмыс табу үшін;

  • 3,1% өз туыстарымен араласу үшін;

  • 4,0% ауылдық жерде тұру үшін.

Келуге кедергілерді айта отырып, оның себептерін былай көрсеткен:

  • материалдық қиыншылық 28%;

  • заң орындарының қыспағы 23,5%;

  • Қазақстандағы саяси жағдайлар-15,0%.

Сонымен монғол қазақтарының Қазақстанға қайту себептерін топтастырсақ 2 арнаға саяды: ұлы мәдениетін сақтау мен дамытуға кедергі; қазақтардың тұрмысының төмендігі, әлеуметтік инфракструктура төмендігі.

1991-1994 жылдары Монғолиядан Қазақстанға 60 722 адам келген. Оралмандар алдында азаматтық алу, тұрғын үй, жұмыс табу мәселелері бірден шешіле қоймаған. Кейбір отбасылар қайтып кеткен. (11 адам). 1996 жылы 12 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанға келген отандастардан 60 қазақ жанұясы Қазақстан азаматтығын алмаған.

1991-1997 жылдары Қазақстанға 64 мың қазақ репатрацияланды. Олар негізінен Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарына орналасқан /1/. Бұл елдердегі қандастарымызды қай жағынан алып қарасақ та шет елдік қазақтар деп айтуға ауыз бармайды. Олар өздері тұрып жатқан жерлерінде сан, сапа, тарихи тұрғыдан да сол мемлекеттің ішкі саясатына әсер ете алады /2/. Монғолия қазақтары бір кездері саны жағынан халхалардан кейінгі 2-ші орынға шығып, қазақтардың зиялы қауымы қазақ тілін монғол тілімен тең дәрежеге көтермек болған.

Шетелдердегі қазақтар ұзын саны 40-тан астам мемлекетте тұрады /3/. Бүгінгі республикамызды олардың елу, жүз жылдардан кейінгі тағдыры ойлантады.

Монғолия қазақтарының ұлттық рухани өсіп-өркендеуі белгілі бір дәрежеде жүріп жатыр. Монғолияның қазақтары тұратын Баян-Өлгей аймағының құрылғанына 60 жылдан асты. Бұл өңір ана тілін, салт-дәстүрін таза сақтаған аймақтың бірі. Бұл өңірден 60 мыңнан астам ағайынымыздың қоныс аударуы еліміздің ұлттық үрдісіне өз ықпалын тигізеді.

Бүгінгі Қазақстанға келгендер монғол қазақтарының 40% жуығын құрайды /4/. Бәріміз мойындауға тиіс даусыз бір шындық бар - қазіргі тәуелсіз қазақ елі мен шетелдегі сан миллиондаған қазақтарды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Қазақтардың әл-ауқатын, рухани құндылықтарын шетелде көтеру үшін елімізде біршама қомақты шаралар жасалды:

- шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасың;


  • халықтың көші-қоны туралы заң.

Осы заңдардың жүзеге асуы үшін міндеттелген арнайы Қауымдастық дүниеге келіп, оралман сөзі енгізілді. Осы қауымдастықтың Монғолияда жүргізген зерттеулерінде мына мәселелердің бауырластар арасында туындап отырғаны айқындалды:

  • тіл мәселесі;

  • мектеп және оқыту мәселесі;

  • ақпарат мәселесі:

  • әдебиет, өнер мәселесі;

  • ұлттық рух, менталитетті сақтау мәселесі /5/.

Атамекенге ХХ ғасырдағы көштің басы 1955 жылы және 1962 жылы басталып еді. Оралмандардың өсімі жақсы, 1955 жылы 10.04-01.05 аралығында, небәрі 20 күн ішінде ғана өткен 200 мың қазақ, бүгінде 1 млн-ға жетті /4/ . Соңғы мәлімет бойынша, 2002 жылдың өзінде елімізге 34 мыңнан астам оралман келген.

Шетелдегі қазақтардың атамекенге қоныс аударуы - Қазақстан мемлекетінің даму стратегиясының маңызы зор басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақ ұлтының өкілдері қай елде өмір сүрмесін, тарихи Отаны- Тәуелсіз Қазақстанға бет бұрып, келешек өмір-тірлігін ұлттық ортада жалғастыруға ұмтылуы керек.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры: происхождение и развитие. -А., 1997.

  2. Жомарт Женіс. Диаспора жайлы жаңаша ойлау. //Жас алаш, 22.10.2002ж.

  3. Назарбаев Н. Бұл құрылтай қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі. // Сыр бойы, 31.10.2002ж.

  4. Тәтімов М. Қазақтың жиынтық саны қанша. //Шетелдегі қазақ диаспросы және ана тілді сақтау мәселелері. -Алматы, 2000. Халықаралық конференция материалдары.

  5. Шетелдегі қазақтардың мәдениеті мен әдебиеті. ҚРО Мұрағат көрме ұйымдастырған мәліметтерінен және экспонаттарынан. //Шетелдегі қазақ диаспросы және ана тілді сақтау мәселелері. -Алматы, 2000. Халықаралық конференция материалдары.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Монғолия қазақтарының қазақ жеріне оралу мәселелері қарастырылған. Шетелдердегі қазақтардың елімізге оралуына жағдай жасау қажеттігі айтылған.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются проблемы казахов-оралманов из Монголии, говорится о необходимости создания благоприятных условий для возвращения казахов, живущих за границей.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛЬШЕВИКТІК ПАРТИЯЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Сатбаева С. – магистрант (Қызылорда қ., ҚМУ)
Большевиктер билік басына келгеннен кейін мемлекет басқаруындағы лауазымды қызметке сенімді адамдарды тағайындау науқаны басталады. 1923ж. ұйымдастыру - есептеу басқармалары өндірістің салалық жоғары басқару орындарының пікірлеріне қарама-қайшы, мемлекеттік және қоғамдық қызметке тағайындауда номенклатуралық принципті күштеп енгізген болатын.

1923 жылдың 12 маусымында бұрын қабылданған құжаттар негізінде РК(б)П ОК кеңейтілген «Тағайындау туралы» келесі қаулысын қабылдайды. Осы жылдың қазан айында ОК есептеу-әміршілдік қызметтегі адамдардың негізгі міндеттері туралы шешімді бекітті. ОК ұйымдастыру бюросы 1925 жылдың 16 қарашасында «Кадрларды таңдау және қызметкерлерді тағайындаудың тәртібі туралы» жаңа, кеңейтілген ереже және номенклатураның жеке құрамын бекітті. Бұдан былай біртіндеп ондай құжаттар баспасөзде жарияланбайтын болды. 1917 ж. кейін пайда болып өз маңызын 1920-шы жылдарға дейін сақтаған сайлау принципіндегі мемлекеттік аппаратқа тағайындауды өз бақылауында ұстаған. Оған сол кездегі құжаттар айғақ. Мысалы, 1925ж. 16 қарашасындағы ОК-нің Ұйымдастыру бюросының партиялық тағайындауға ұсынған номенклатураға КСРО Орталық Атқару Комитеті, Комиссарлар Кеңесі /923/, РКЛЖО ОК /51/, Кәсіподақтар Бүкілодақтық Орталық Кеңесінің /425/, барлығы сайланатын органдар бойынша 1590 үміткерлер тізімі енгізілген /1/.

Билік биігіндегі топтың алғашқы сатысына (ата-анасының әлеуметтік, кәсіптік) - 1924 жылы әлеуметтік тегіне қарай партия қатарына 1917 жылда кірген революционерлердің пайыздық көрсеткіші - 92% құраған. Келесілері: мамандығы жоқ қызметкерлер және орта білімділер - 29,6%; маманданған және жоғары дәрежедегі жұмысшылар 25,4%; шаруалар - 12,6%; мамандығы жоқ жұмысшылар - 9% болған, 1930-шы жылдың аяғында ОК қатарында 1924ж. революционерлердің тек 6% сақталып, 94% номенклатура өкілдері құраған, ондағы шаруалар құрамы 1,5 есе өсіп, әр түрлі дәрежедегі интеллигенция өкілдері екі есеге азайды.

1920 жылдан бастап Қазақстан Республикасында коммунистік партиясының құрылуы мен оған мүшелікке қазақ азаматтары тартыла бастады, 1937 жылға дейін өмір сүрген жергілікті партия Қазақстан Компартиясына айналып, мүшелері 16 578 - ден 51 881 адамға жетіп, 3 есе өскен. Олардың алдында шешуді қажет ететін көптеген міндеттер тұрды.

Бұл міндеттердің маңыздылары - пролетариат қатарын көбейту және көп ұлттық коммунистік партияны біріктіру жаңадан құрылған Кеңес үкіметінің алғашқы өзекті мәселелерін шешу. Қазан жеңісі мен азамат соғысынан кейін партияның құрамы қарқынды өсті. РКП/б/-ның ІІІ съезіне дейін партия қатарында 313 766 коммунист болса, РКП/б/-ның Х съезіне дейін 732 321–ге өсті. Бұл партияның халық арасындағы беделінің өскендігін көрсет еді. Әсіресе, 1920-1921ж.ж. партияға мүшелікке ұсыныс бергендер саны артты. Бұл жағдай Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарына тән еді, сонымен бірге Қазақстанның партия ұйымында да орын алды. Айталық, өлкені ақ гвардияшылдардан тазарту, партия ұйымының әлсіреуіне әкелді, 5,5 млн. тұрғыны бар өлкеде, коммунистер қатары 5-6 мың адамды құрады. Сондықтан, Қазақстан партия ұйымының алдында:


  • біріншіден жергілікті партия ұйымын біріктіру;

  • екіншіден партия ұйымына осы партияға сенімді адамдарды тарту;

  • үшіншіден қазақ шаруаларының арасында үгіт жұмыстарын күшейту қажет болды;

Жаппай партияға кіргізу науқаны лениндік принциптерге сай келмеді, партияға дұрыс іріктеу жүргізу үшін текетірес басталды. Бұл іс-шаралар 1919-20ж.ж. аралығында Петроградтан қолға алынып, бүкіл елде үлкен белең алды. Ал, Қазақстанда бірінші болып Орал губерниясының коммунистері ат салысты, себебі олар 1919 ж. ақ гвардияшылардан азат етілген еді. Партия ұйымында ол кезде 10 адам болды. Олардың саны аз болса да олар әр түрлі деңгейде кездесулер өзкізіп, РКП/б/-ның бағдарламалары мен жарлықтарымен таныстырды, сонымен бірге дәйекті дәлелдермен партияның саясатын түсіндірді. Нәтижесінде қалада партия мүшелері 4 есеге өсті. Қазақстанның басқа қалалары мен ауылдарында партия апталықтары өтті. Жергілікті халықтың партия мүшелігіне тарту мақсатында айтарлықтай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан халқының өмір сүру ерекшелігін ескере отырып олар «Қызыл керуендер» ұйымдастырды, жәрмеңкелерде үгіт насихаттарын жүргізді, соның арқасында көптеген шаруалар, кедейлер, батрактар және зиялы қауым өкілдері партия қатарына мүшелікке кірді. 1920жылы ортасына қарай Сырдария, Жетісу, Бөкей губерниясының көпшілігі коммунистер қатарында еді. Партия апталығында 6599 адам мүшелікке қабылданды. Қазақстанның партия ұйымы 2 есеге өсті. Партияның мүшелігіне жаппай қабылдау - 1920 жылдың маусым айынан 1921 жылға дейін созылды. Қазақстанның партия ұйымдарының саны уақыт өткен сайын толықтырылды (26 677). Партия мүшелерінің санының өскені шаруалардың соншалықты мүддесін жақтаған әлеуметтік- экономикалық іс-шаралар өткізілді. Субьективті факторда орын алды, атап айтатын болсақ партияны өз жеке басының пайдасы үшін пайдаланғандар да табылды. Жаппай партияға қабылдау Лениндік принципті жойды. Себебі, қабылдау кезінде кеткен қателіктер ескерілмеді және оның есебі тіркелмеді. Мұндай жағдай тек Қазақстан партия ұйымдарына ғана емес, бүкіл Кеңес үкіметіне тән болған еді.

1917-1920 ж.ж. бастап 57% - 27% дейін пролетариат саны азайса, керісінше 19% - 49% дейін шаруалар саны өсті. Бұл партияның құрамындағы шаруалардың санын кемітті, партияның саясатына кедергі келтірді. Әсіресе бұл жағдай Қазақстан партия ұйымдарына қатысты еді, шаруалар 45% болса, қазақтардың партия мүшелерінің 74,4% болды, жұмысшылар саны 13,1% құрады /2/. Партия мүшелерінің әлсіздігі байқалды. Партияның құрамында бай ұлтшылдар, кулактар да болды. Сөйтіп әр түрлі ұлтшыл топтар мен таптар орын алды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан халқына өте ауыр болды, сол жылдары ашаршылық, жұт белең алды. ЖЭС – жүргізілуі, нарықтық қатынастарыдың дамуы ауқаттылардың көбеюіне жол ашып, партияның әлсіреуіне әкеп соқтырды. Аталған топтардың партия құрамынан шығару байқалды. 1921 жылы маусымынан қыркүйекке дейін Қазақстан партия ұйымының саны 2 мың адамға азайды.

Партия ұйымы жіберген қателіктерге мынадай жағдай әсер етті: 1920-1921 жылы аралығында талапқа сай ұйымдастырылмаған партия ұйымдары кездесті және жекелеген коммунистер (одиночник) саны көбейді, олар мүшелік билеттің жарнасын төлемегендіктен, олар бірден партия қатарынан шығарылды. Алайда, олар партия тізімінде қалуы партияның нақты есебін және коммунистердің тізімін жасауды қиындатып жіберді, бұл жағдай кейбір партия ұйымдары санының азаюына алып келді. Осыған орай Торғай губерниясының хатшысы: «РКП/б/ мүшелігіне кандидаттар саны жазға дейін 120 болса, ал есептеу кезінде кандидаттар саны 36 адам ғана болды. Ленин РКП/б/ ОК партия ішілік жағдайларды мұқият қадағалады. Мұқият ғылыми талдау жүргізу арқылы осы келеңсіз жағдайларды жою жолдары анықталды. Аталған талдау жұмыстары Х съездің құжаттарында көрсетілді» /3/ .

Съезд өткен соң Орталық Комитет тағы да жергілікті партия ұйымының назарын ЖЭС-қа аударды. Съезд: РКП/б/ мүшелерінің жеке тізімін және партия саясатын шаруалар мүддесі үшін өзгертуді және коммунистік емес элементтерді партия қатарынан жоюды талап етті. Біздің қатарымыз партияға шын берілген коммунистермен толықтырылуы керек деп атап көрсетті /4/. Съезд шешімдеріне орай 1921 жылы партияның құрамын тазарту жүргізілді. Ал, 1922 жылы партия құжаттарын (партия билеттері) алмастыру санағы жүргізілді. Қазақстан партия ұйымының нақты саны есептелінді.




Партия ұйымдары

Тазартуға дейін

Тазартудан кейін

1922ж.

сынақтан кейін

Семей

7 844

6 627

4 995

Ақмола

6 913

5 614

4 489

Орынбор

5 134

4 228

3 562

Қостанай

2 127

1 476

1 498

Орал

1 504

1 305

1 018

Ақтөбе

728

617

585

Бөкей

485

180

459

Адай

59

59

101

Барлығы ҚАКСР

24 794

20 406

16 707

Тазарту, сынақ және партияның құжаттарын айырбастау Республиканың Киробком, Кирбюро және РКП/б/ ОК-не бірінші рет партияның жағдайын жан-жақты, терең көрсетіп берді. Осы іс- шаралар партия ұйымының кемшілігін айқындады және одан қалай шығу жолдарын нақты анықтап, осы жұмыстарды жақсартудың шешімін шығарды. Өткізілген шаралардан Қазақстан партия ұйымының мүшелерінің басым бөлігі шаруалар екені байқалды. Мысалы, 16,2% (2 697) өзінің әлеуметтік жағдайына байланысты жұмысшылар болды. Кәсіпорындар да жұмыс істегендері 9,7% немесе 1 615-ке кем адам. Коммунистер қатарында шаруалар пайызының аздығы. Олардың дені ауыл шаруашылығында істеді. Олардың ішінде небары 3 876 адам немесе 23,3% ғана партия ұйымында болды. 1930-шы жылдары партия қызметкерлерінің саны артты. 1937 жылы олардың пайыздық көрсеткіші 60% құрады. Тағы да бір маңыздысы - бюрократтану мәселесі мен партиялық номенклатура мәселесі еді. 1921 жылғы Киробком, РКП/б/-ның есебінде 84 жұмысшы республика көлемінде болды. Республикалық партия комитеті аппаратында 1921 жылы 150 адам, ал 1937 жылы шамамен 200-ге жуық жұмысшылар болды /5/.

Сталин 1927 жылғы мәліметтерінде партия құрамында, басқарушы қызметкерлердің саны 3-4 мыңға жетті. Бұл, олар партияның генералитеті болса, әрі қарай 30-40 мың адам - орта офицерлерден тұрды. Одан әрі 100-150 жуығы партия құрамының төменгі жігін құрады. Партияда генералдар мен унтерлердің көптігі - партияның алдына жаңа міндеттер жүктеді: біріншіден, олардың санын қысқарту, екіншіден, номенклатуралық жүйені қайта қарау қажеттілігі туды. Аталған мәселелердің көтерілуі - КОКП-ның ХІХ конференциясында қоғамның қолдауына ие болды. Қазақстандағы партия қатарында 1 481 немесе 8,9% коммунист – қазақ ұлтының өкілдері. Партия құрамында аз болуын, әлеуметтік негіздің әлсіздігін түсіндіруге болады. Коммунистер санының аздығы жағынан Кеңес үкіметі ішінде алдыңғы қатарда Қазақстан Республикасы тұрды. Қазақстан партия ұйымының күн тәртібінен түспеген мәселе - олардың әлеуметтік құрамын жақсарту еді. Сондықтан халық арасында жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде - келеңсіз жағдайлар көрініс берді Айталық, халықтың сауаттығының төмендігінің, тіпті сол кездегі коммунистердің де сауатсыздығы анықталды. Қазақстандық партия ұйымы құрамында жоғары білімділер саны небары 21 адамды құраған. Бұл республикалардың ішіндегі ең төменгі көрсеткіш еді. Орта білімділері - 83, ал қалғандары сауатсыз болған. Осы проблеманы шешуге РКП/б/ ХІ съезі ықпал етті. Съезде Партия Жарғысына өзгертулер енгізілді. Жарғы бойынша жұмысшылар мен шаруалардың партия қатарындағы ролін күшейту талабы қойылды.

Партия тарапынан жүргізілген санақтан кейін Қазақстандағы партия ұйымында 16 707 коммунист болса, санақтан кейін 1923 жылға қарай 14 042 партия мүшесі болды, яғни 12% азайған. Дегенмен, партия құрамының толықтырылуы баяу жүрді. Сонымен қатар партия мүшелігіне кіруі үшін шаруалар 3 жыл еңбек өтілі бар коммунисттен ұсыныс алуы керек еді, ал сол жылдары ауылдарда ондай коммунистер қатарының болмағаны кері әсер етті.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында РКП/б/-ның таптық сипаты өзгеріп, оның қатарындағы зиялылар мен жұмысшылардың орнын шаруалар легі толықтырып, маргиналдар партиясына айналды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында миллиондаған жазықсыз адамдардың қуғын-сүргінге ұшырап, жапа шегуі - сауаты жоқ шаруалар арасынан шығып, самодержавиелік билік әдісімен қаруланған номенклатураның ісі деген қорытынды жасауға болады.
Әдебиеттер


  1. Абдоллаев Н. Кеңес мемлекеті номенклатурасының тарихынан. // Отан тарихы №2. 2005.

  2. Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30 годы. /Из истории организационно- полити-ческого развития Компартии Казахстана. -Алма –Ата: Казахстан, 1991. 54-57 б.

  3. Ванецкий Н.А. Ликвидация. Сталин, Троцкий, Зиновьев: фрагменты политических судеб. / 1989.7-19 б.

  4. Осипов В.П Полномочный орган ЦК РКП /б/ в Казахстане. -Алма –Ата: Казахстан, 1979.- С.91-98 б.

  5. Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30 годы. /Из истории организационно- политического развития Компартии Казахстана. -Алма –ата: Казахстан, 1991.-С.70-78 .

РЕЗЮМЕ


В статье говорится о трудностях, которые встречались на пути создания Компартии Казахстана.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы өлкедегі Коммунистік партия қатарына қазақтарды тартудағы атқарылған іс-шаралар жайында айтылады. Автор осы жұмыстардың атқарылуындағы қиыншылықтар мен кедергілерге тоқталған.




Қазақстанның ірі су жүйелері: Каспий теңізі мен Арал теңіздеріндегі балық аулау кәсіпшілігі
Сыдықов А. –магистрант (Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
Балық қазақ халқының ежелден бері жеңсік асы ретінде, тағам түрлерін әзірлеуде пайдаланылып келеді. Кейінгі кездері оның тағамдық құндылығы бұрынғыдан да арта түсті. Бұның себептері балықтың құрамында адам организміне қажетті белок, май, углевод және т.б. элементтер бар. Балық жалғыз қазақ халқы емес, барлық елдің тағамында да үлкен орын алады.

Республикада балықтың 140 түрі бар /1, 4б./. Біз бұл мақаламызда Қазақстанның ең ірі су жүйелері Каспий теңізі мен Арал теңізін мекендеген балық түрлерін аулау кәсіпшілігіне тоқталмақпыз.Каспий теңізінің терістік-шығыс бөлігі мен Арал теңізінің терістік бөлігі біздің республикада орналасқан /2, 3б./.

Каспий теңізі (оны ерте заманда Хвалин теңізі деп атап келген) дүние жүзіндегі мемлекет және құрлық аралық экономикалық байланыс пен климат қалыптастыруы жағынан маңызы күшті, табиғи қоры мол, тұйық көл. Суының тұздылығы аз, небары 12-13 промил. Ол меридиандық бағытта 1 200 километрге созылып жатыр, ені 200 километрден 560 километрге дейін барады. Теңіз бетінің аумағы 422 мың шаршы километрге жуық, көлемі 77 мың текше километр шамасында, орташа тереңдігі 184 метр /3, 10-17б./.

ХIX ғасырдың 50-жылдарында Ресей 24 миллионға жуық пұт балық ауласа, соның 50 пайызы Каспий теңізінің үлесіне тиеді. Отандық балық аулау шаруашылығында теңіз ерекше орын алады. Мысалы, 1913 жылы мұнда 6,2 миллион центнерге жуық балық және теңіз аңдары ауланды. Бұл сол кездегі Россияның ішкі су қоймаларында ауланған барлық балықтың 67 процентін құрады. Мұнда 1936 жылы 5 миллион центнер, 1956 жылы 4,4 миллион центнер балық ауланса, яғни КСРО-да ауланған барлық балықтың 1936 жылы 30,6 проценті, 1956 жылы 15,8 проценті осы теңізден ауланды.

1930 жылдан бермен қарай Каспийдің деңгейі 2 метрдей төмендеген. Ал мұның балық қорына ықпалы өте қолайсыз болды. Өйткені Каспий теңізінде балық аулау кәсіпшілігі көбінесе келіп-кетіп тұратын балықтарға негізделген, ал бұл балықтар өсіп-өну үшін өзенге (оның төменгі сағасына) және теңіздің белгілі аумақтарына өтіп отырады. Сондықтан өзен сағасының өзгеріске ұшырауы балықтардың дағдылы өрістерін ауыстыруға мәжбүр етеді. Демек, бұл олардың өсіп-өнуіне де қолайсыздық туғызады.

Каспий теңізінің ерекшеліктерін төмендегідей кестемен көрсетуге болады:


Кесте – 1.

Сын-сипаты

Солтүстік Каспий

Орта Каспий

Оңтүстік Каспий

Ауданы

80 мың км2

138 мың км2

148 мың км2

Көлемі

406 км3

Теңіздің 1%



26000 км3

Теңіздің 1/3%



51000 км3 Теңіздің 1/3%

Тереңдігі

Орташа тереңдігі - 5 м

Орташа

тереңдігі -2,3 м



1025 метрге дейін

Мұз қату көрсеткіші

4 ай

Қатпайды

Қатпайды

Тұздылығы

0-12 %

12,7-12,9 %

12,9 % дейін

Қыстағы судың

орташа


температурасы

-0,5'C

3-7'C

8-10'C

Кестеден байқағанымыздай, теңіздің солтүстік бөлігі өзінің континенттік климатымен және термиялық жағдайымен, ауа температурасының ауытқуымен және жауын-шашынның тапшылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да казак-орыстар теңіздің сол жақ жағалауындағы мол байлықты жыртқыштықпен қысы-жазы аулады.

Теңізде қорытпа, бекіре, итбалық, шоқыр, қаракөз, табан, көксерке, сазан, жайын, ақбалық, минога, лосось, берш, алабұға, қызыл балық, т.б. балықтардың өте мол қоры болады /4, 25 б./.

Бекіре – етінің дәмділігі үшін көп ауланған, ұзындығы 2 метр, салмағы 48-64 кг. жетеді. Уылдырығын шашарда маусым айынан бастап тамыз айына дейін өзенге (Еділ) өтеді. Келесі сәуір, мамыр айларында теңізге қайтып оралады. Ал өзенде өсіп-өнген шабақтары 15-20 см болғанда теңізге келеді. Аталған қызылбалық тұқымдастар ұсақ жәндіктермен, олардың жұмыртқаларымен, моллюскалармен қоректенеді /5, 17-22 б./. Каспий теңізі бекіре тұқымдас балықтарға өте бай. Елімізде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың 70 проценттен астамы осында өндіріледі.

Жайық өзенінде кездесетін жыртқыш балық туралы алғаш рет мақала жариялаған А.В. Попов болды. Оның 1897 жылы Орыс география қоғамының Орынбор бөлімшесінің «Известиясында» «Заметка о миногах, водящихся в реке Урал и его притонах» атты мақаласы жарық көрді. Бір қызығы, бұл балық туралы А.В. Поповтан кейін ешкім нақты зерттеу жұмыстарымен айналыспаған.

Каспий теңізінің солтүстік жағалауларына балық өнеркәсібінің алпауыттары Гордиев, Сапегин, Смирнов, Абазов, Шляхов, Милованов, Ильин, шығыс жағалауларына Шараев, Дубков, Афанасьев иелік етсе, Жайық өзенінде Морозов, Кутузов, Чошпахов сияқты көпестер үстемдік етті /6, 31 б./.

Қазақтардың балық аулау кәсіпшілігі солтүстік және орталық Каспийдің шығыс бөлігінде, Астрахан облысының шекарасынан бастап шығысқа қарай Орал және Ембі өзендерінің сағаларына дейін, Маңғыстау түбегінің жағалауымен одан әрі Суз мүйісіне дейінгі аймақты қамтиды. Жағалық бойдың ұзындығы 1900 километрге созылады. Осы балық кәсіпшілігінің ауданын шартты түрде Солтүстік, Орта және Оңтүстік деп үш ауданға бөледі. Солтүстік және Орта аудандар Солтүстік Каспийді, ал Оңтүстік аудан Орта Каспийді қамтиды.

Солтүстік ауданның суы тайыз келеді, оның орташа тереңдігі 3 метр, ал терең жері 7 метрден аспайды. Бұл аудан Орал, Каспий бассейнінде балық аулау және балық қорын көбейтуде басты орын алады. Мұнда Орал-Каспий бассейнінде ауланатын балықтың 70 процентке жуығы өндіріледі. .

Орталық және Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік аудан түгелдей қатып қалады, мұз желтоқсанның бас кезінен келесі наурызға дейін жатады. Бірақ балық аулау қыста да тоқтатылмайды. Қыста мұз астынан қарабалықтар мен қаракөздер ауланады, ал ерте көктемде мұз түскенге дейін қаракөз, ақмарқа, көксерке кейінірек табан, сазан, шоқыр, алабұға және бекіре тұқымдас балықтар ауланады. Сәуірдің аяқ кезінен бастап уылдырық шашу үшін Еділге майшабақ өтеді. Осы кезде ауа райы қолайлы болса майшабақ өте көп ауланады. Жазда және күздің алғашқы кезінде Маңғыстау тұсындағы теңіз қолтығында қарабалықтар (қаракөз, табан, сазан) және бекіре тұқымдас балықтар көптеп шоғырланады.

Орталық аудан Бұрыншақ мүйісінен басталып, Баутино поселкесіне дейін созылады. Бұл жердің суы тереңірек, тұздылығы да жоғарылай түседі. Солтүстік ауданға қарағанда мұнда балыққа азық боларлық су түбінде кездесетін жәндіктер аз. Соңғы жылдары осында суды тұщыландыру шаралары жүзеге асырылуына байланысты балықтың тұщы және жартылай тұщы суда өсетін түрлері тарап отыр, яғни өзіндік балық әлемі қалыптасуда. Бұл ауданда байырғы балықтар жоқ, олардың бәрі солтүстіктен және оңтүстіктен келген келімсектер, бұлардың мұнда болу мерзімі келу себептеріне байланысты. Мысалы, наурыз айының аяқ кезінен мамырдың алғашқы жартысына дейін уылдырық шашу үшін оңтүстіктен солтүстікке қарай шығыс жағалауды бойлап топ-тобымен шоғырланып Долгий майшабағы өтеді, бұларды Долгий аралының тұсынан көп аулайды. Орал және Волга өзендерінің сағаларына уылдырық шашуға бет түзеп шығыс жағалаумен сәуір айының орта кезінде Волга майшабағы, сәл кешірек Каспий майшабағы өтеді.

Сондай-ақ Орталық ауданда жылына екі рет, қыста ақпаннан наурыздың аяғына дейін және күзде итбалық (тюлень) ауланады. Мұнда теңізде ауланатын барлық балық пен итбалықтың 5-7 процентке жуығы алынады.

Оңтүстік аудан шамамен Баутино поселкесінен бастап Суз мүйісіне дейінгі алқапты қамтиды. Бұл арада судың тереңдігі 100-200 метрге дейін барады, әрі ащы болады, балық белгілі маусымда ғана ауланады. Мұнда жергілікті балықтан теңіз көксеркесін жыл бойы кездестіруге болады. Басқа балықтар – қарапайым килька, кефаль және майшабақ бұл ауданда тек маусымды кезде ғана болады.

Жазда Солтүстік Каспийде уылдырық шашқан килькалар Орталық және Оңтүстік Каспийге ойысқан кезде жолшыбай теңіз жағалауында көптеп шоғырланады. Осы кезде кильканы шағын сүзекілермен аулауға болады.

Жазда Оңтүстік ауданда анчоус килькалары (майшабақ тектес ұсақ теңіз балықтары) көптеп шоғырланатындығы байқалады. Әдетте бұлар 30-40 метрге дейінгі тереңдікте болады. Сондықтан ол 1950 жылға дейін ауланбай келді. Осы тереңдіктен анчоус килькаларын электр жарығының көмегімен арнаулы тор арқылы аулау игерілді. Орта есеппен жылына 230 мың центнер анчоус килькасы ұсталады.

Бекіре балықтар жазда өрістеп, қыста паналау үшін Оңтүстік ауданға көптеп шоғырланады. Бұлардың негізгі өрістері Ералы мен Кендірлі аумақтары. Бекіре балықтар бұл маңда көктемде, сондай-ақ күзде, оңтүстіктен солтүстіктен қарай шұбап көшкенде де көп болады.Балық аулауда, әсіресе оны өсіріп-өндіруде Орал-Каспий бассейні өзендерінің үлкен маңызы бар. Олардың ішіндегі ең бастысы – Орал өзені, бұл теңізге құяр жерінде бірнеше салаға бөлінген. Ал бұл жағдай балықтың өсіп-өнуіне өте қолайлы келеді.

Наурыз айынан бастап-ақ Орал өзеніне мұз астымен ақмарқа, мұз түскеннен бастап мамыр айына дейін көксерке мен қаракөз жүреді. Сәуірдің аяқ кезінен табан, сазан, бекіре, шип, алабұға мен шоқыр өтеді. Бұл балықтарды Жайықтан көктемде, жазда және күзде өзен сүзекісімен, ал қыста құрма аулармен аулайды. Еділ өзенінің кәсіпшілік маңызы орасан зор, сонымен бірге ол балықты өсіріп-өндіріп, оның қорларын толықтыру ісінде де шешуші роль атқарады. Калмыков поселкесінен Орал қаласына дейінгі оның орта ағысында және одан жоғарырақ бекіре тұқымдас балықтар қыстап шығады да, көктемде уылдырық шашады.

Теңіз ауданының өзендеріне тән ерекшелік – оларда су асты өсімдіктері қалың өседі де, балықтың жүріп-тұруына бөгет жасайды. Мұнда табан, сазан және қаракөз уылдырық салады. Бұл аудандағы өзендерден балық көктемде су жайылғанда және жазда ауланады.

Ембі өзені теңізбен тек көктемде су тасыған кезде және оның үстіне жел оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта болғанда ғана жалғасады. Ембінің сағасында көлдер тізбегі көп, оларға уылдырық төгу үшін көктемде қаракөз келеді. Ембінің теңізбен байланысының тұрақсыздығы салдарынан біраз балықтар және олардың шабақтары осы көлдерде қалып қояды. Оларда балық тек оқта-текте ғана ауланады.

Солтүстік Каспийде және оған келіп құятын өзендердің атырауларында бүкіл Каспий бассейнінде мекендейтін бағалы балықтардың (бекіре, табан, көксерке, сазан, қаракөз және басқалар) 75-80 процентке жуығы ауланады.

Каспий теңізінде балық әлемінің түр-түрі 97-ге жетеді. Мұнда карп тұқымдас балық түрі өте көп. Бұғанақ балықтардың 32 түрі, майшабақтың 22 түрі бар.

Каспий теңізіндегі кәсіпшілік маңызы бар балықтар – алабұға, бекіре, шоқыр, ақбалық, Каспий лососьі, қаракөз, көксерке, табан, сазан, шортан, ақмарқа, майшабақтың бірнеше түрлері. Кәсіпшілік маңызы бар балықтардың көпшілігі жартылай көшпелі болып келеді.

Арал теңізі дүние жүзіндегі ең ірі көлдердің ішінде үшінші орын алады. Аралды әдетте теңіз деп атағанмен ол көл. Арал теңізінің көлемі түбектермен қоса есептегенде 65 мың шаршы километр. Теңіздің ұзындығы 500 километр, ал енінің ең кең жері 300 километрге дейін барады. Теңіздің орташа тереңдігі 23 метрге жетеді.

Орта Азияның аса ірі екі өзені – Амудария мен Сырдария осы Арал теңізіне құяды. Теңіздің солтүстік жағынан келіп құятын Сырдария өзені бассейнінде Қамыстыбас, Ақшатау көл жүйелері бар, бұлар 314,3 шаршы километр алқапты суландырады. Сырдарияның суы жайылатын аймақта аумағы 106 шаршы километр алаңды алып жатқан көптеген көлдер бар.

Арал теңізіндегі судың ағысы мен бағыты, ғалым Берг (1908) анықтағандай, Солтүстік жарты шардың көптеген көлдеріндегідей емес, мұнда сағат тілінің ізімен жүріп отырады.

Арал теңізінде кәсіпшілік маңызы бар балықтар көшпелі және жартылай көшпелі болып келеді, олар тұщы сулы аумақтарда уылдырық шашады. Осығын байланысты бұл балықтар үшін сырдария өзені мен оның атырауындағы көлдердің ерекше үлкен маңызы бар, өйткені мұнда қоректік заттар өте көп. Сырдария өзенінің атырауы 175 шаршы километр аймақты алып жатыр. Мұнда негізінен табан, сазан, қаракөз балықтары өсіріледі. Атыраудағы уылдырық шашатын су қоймасының жалпы көлемі 110 шаршы километрге жуық, бұл 10-15 миллиондай балықтың уылдырық шашуына мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан аймағындағы балық шаруашылығының дамуына өзіндік әсерін тигізген осы – Арал теңізі. Онда Жайық казактарының балық аулауы 1775 жылдан бастау алады. Осы жылы Жайықтың казактары азық-түлік мақсат үшін теңізден алғаш рет балық аулайды. Алғашқы кезде теңіздегі балық аулау тек азық-түлік мақсатында жүргізілді. 1898 жылы 12 ақпанда Қазан университетінің профессоры Н.Ф. Катанов «Киргизы, их прошлое и настоящее» атты дәрісінде Арал көлінде итбалық та кездесетінін атап өтеді.

Аралда балық кәсіпшілігін дамыту үшін 1905 жылы темір жолдың салынуы күшті түрткі болады. Темір жол қатынасының ашылуына байланысты Арал теңізінен балық аулау ісі кеңінен өрістей түсті. Арал теңізінен 1907 жылы жөнелтілген балықтың жалпы бағасын 2 миллион сомнан кем емес деп есептеуге болады. Сонымен азық-түліктің көлемі мен бағасы Қаратеңіз және Мурманск балық шаруашылығының өнімділігі мен бағасына қарағанда Арал теңізі алқабында жоғары екенін көрсетеді /7, 43 б./.

1909 жылы Арал теңізі бекетіндегі бір пұт балықтың (қоныстанушылар басқармасының жазбалары бойынша) бағасы төмендегідей:


Кесте - 2.

Балықтың түрлері

Бағасы

Сазан

90 тиыннан 2 сом 40 тиынға дейін

Табан мен торта

50 тиыннан 1 сом 40 тиынға дейін

Жайын

1 сом 60 тиыннан 3 сомға дейін

Қаяз

2 сомнан 3 сомға дейін

Шабақ

5 сомнан 7 сомға дейін

Шортан

60 тиыннан 2 сомға дейін

Ақмарқа

1 сом 50 тиыннан 3 сомға дейін

Көксерке

1 сом 50 тиыннан 2 сом 50 тиынға дейін

Мәселен, 1910 жылы 334 мың центнер балық ауланды. Балық аулау кәсіпшілгінде теңіздің оңтүстік бөлігі маңызды роль атқарады, барлық өндірілетін балықтың 65 проценті осында ауланады.

Арал теңізі бассейнінде бекіре, лосось, табан, сазан, көксерке, шортан, алабұға тұқымдарына жататын 20 түрлі балық бар. Бекіре балықтары тобынан Арал теңізінде тек шип кездеседі. Аралда карп тұқымдас балықтар басым келеді. Карп тұқымдас балықтар – табан, сазан, қаракөз, шемая, қаяз, ақмарқа, ақкөз, чехонь, қызылқанат, аққайран, мөңке және Түркістан қаязы. Ақкөз балық теңіздің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде көп болады. Чехонь бүкіл теңізге бір мөлшерде тараған. Қызылқанат Сырдария атырауындағы көптеген көлдерде ауланады. Аққайран мен шортан мұнда өте аз.

Алабұғаның үш түрі – көксерке, алабұға және таутан балық кездеседі. Көксерке теңіздегі ең тұрақты балық. Оның үлесіне бүкіл теңізде ауланатын балықтың 1,7 проценті келеді. Алабұға мен таутан балық сирек ұшырайды және ешқандай кәсіпшілік маңызы жоқ..Арал теңізінде ауланатын балықтардың ішінде сазан басқа су қоймаларымен салыстырғанда бірінші орын алады, ал Аралдың өзінде табаннан кейінгі екінші орында.

Арал теңізінің солтүстігінде балық аулаудың маусымды кезеңдері: қаңтар айында теңіздің едәуір бөлігін мұз басады да, балық мұз астынан ауланады. Балықшылар қаңтарда теңізді тастап балықты Сырдария атырауындағы көлдерден аулайды. Көлдердің көпшілігінде табан ауланады және ол теңіз балығынан әлде қайда ұсақ келеді. Табаннан басқа мұнда чехонь, сазан және қаракөз де ұсталады. Қыста Сырдария мен оның сағасына таяу аймақтардан қыстаған табан алынады.

Қазақстан жерінде су көздері өте көп. Біз жоғарыда қарастырған Каспий теңізі мен Арал теңізінен де басқа барлық өзендер мен көлдерге балық түрлері таралған. Су жағасына орналасқан жергілікті халық негізінен балық аулаумен айналысады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. -Алматы: Қайнар, 1973. - 191 б.

  2. Телеуғалиев Т. Балық аурулары. -Алматы: Қайнар, 1967. - 128 б.

  3. Күленов К. Қазақстанның балық байлығы. -Алматы: 1967. - 212 б.

  4. Биологическая продуктивность Каспийского моря. -М.: Наука. 1974. – С. 25.

  5. Томасийчук Н.П. Промысловые рыбы Волго-Каспия. -М. 1951. – С. 17-22.

  6. Рыбные богатства Казахстана. -Кзыл-Орда, 1923. – С. 31.

  7. Добросмыслов А.И. Города Сыр-Дарьинский области. -Ташкент, 1912.- С. 43.

РЕЗЮМЕ


Статья посвящена рыбному промыслу Каспийского и Аральского морей и истории промысла. Автор описывает крупные виды рыб, их распространение, сезон ловли.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Каспий және Арал теңіздерінен балық аулау кәсіпшілігі жайында айтылған. Ауланатын балықтардың түрлеріне және кәсіпшілік тарихына да тоқталған.


Проблемы изучения англо-шотландских отношений
Токенова А. – магистрант (г.Алматы, КазНУ имени аль-Фараби)
В изучении истории международных отношений особое место занимают англо-шотландские отношения в средние века. С конца ХҮ века Европа вступила в новый период международных отношений. К этому времени в ряде стран завершается территориальное объединение и складываются условия для образования феодально – абсолютистских государств.

Политическая карта Европы была отражением глубоких социально-политических перемен, характерных для ХҮІ века и обусловленных процессом генезиса капитализма. Возникновение капиталистического уклада сопровождалось постепенным формированием наций, ростом значения национальных интересов отдельных народов. К началу ХҮІ века Англия, Франция, Испания, Португалия, Дания и Швеция уже достигли значительных успехов в складывании государственного единства.

С рождением абсолютистских монархий на первый план выступали противоречия между большими государствами, к которым примыкали средние и мелкие страны. Столкновения между государствами перерастали в общеевропейские конфликты, в которых, однако, не допускалось преобладание какой-либо одной страны. Именно англо-шотландские отношения стали одним из важних проблем в истории международных отношений. Отмечая приоритеты исследования всемирной истории, доктор исторических наук, профессор К.Т.Жумагулов подчеркивает также необходимость изучения прошлого и настоящего различных регионов земного шара, прослеживая взаимосвязь народов, государств, эпох, культур в глобальном всемирно-историческом процессе, начиная с древности, средних веков и вплоть до наших дней /1/. Поэтому изучение данной темы вызывает большой интерес и не теряет своей актуальности и сейчас.

Историографический анализ работы был сделан на основе изучения широкого круга работ, имеющихся по данной теме. Те или иные вопросы англо – шотландских отношений привлекали к себе внимание многих исследователей советского периода. Англо – шотландские отношения в ракусе международных отношений рассматриваются в трудах Ю.Е.Ивонина /2/, С.Д.Сказкина /3/, а также в «Истории дипломатии» /4/. Авторы этих исследований дают всесторонний анализ англо –шотландским отношениям, уделяя при этом большое внимание абсолютизму Тюдоров.

Особенности абсолютизма Англии и ее влияние на внешнюю политику подробно рассматриваются в работах А.В.Исаенко /5/, В.В.Штокмар /6/, М.М.Ябровой /7/, Дж.Тревельян /8/, в статье Н.М.Мещеряковой /9/. В целом в советской историографии разрабатывались в большей мере проблемы, связанные с абсолютизмом. Что касается англо-шотландских отношений, то здесь ученые ограничиваются лишь общими, краткими обзорами, представленными в научных статьях. Необходимо отметить, что основательных исследований, связанных с рассматриваемой проблематикой пока еще нет. Работы, вышеперечисленных авторов, в основном представлены в виде статьей. Это обусловлено тем, что идет процесс изучения и накопления материалов по истории англо-шотландских отношений.

В казахстанской историографии проблемами всемирной истории занимается доктор исторических наук, профессор К.Т.Жумагулов /10/. Историографический обзор трудов также выявляет актуальность данной темы.

Основным источником для более полного понимания существа проблемы является сборник документов «Англия в эпоху абсоютизма» под редакцией Ю.М.Сапрыкина /11/, где даются интересные сведения о англо-шотландских отношениях, в частности имеются документы, которые характеризуют основные направления деятельности Тюдоров в отношении Шотландии.

Следующую группу источников составляют произведения знаменитых мыслителей –гуманистов, это работы Бэкона Фрэнсис /12/, Томаса Мора /13/.

Таким образом, представленные группы документов, являются источниками по изучению предложенной темы и решению поставленных в работе целей и задач.

Во внешней политике Англии видное место занимает ее отношения с Шотландией. Шотландия в XVI в. была самостоятельным королевством. В ее горной части господствовали феодально-патриархальные отношения; товарное производство развивалось медленно, городов было мало; жители занимались скотоводством и охотой и жили еще родовыми общинами - кланами. Южная Шотландия развивалась быстрее, население ее наряду со скотоводством занималось и земледелием, а товарное производство развивалось интенсивнее, чем на севере. Особенно быстро складывались и укреплялись связи с экономически развитой Англией; в Южную Шотландию переселялись многие англичане.

Вследствие слабых экономических связей между областями страны процесс политического объединения Шотландии в XVI в. еще не закончился, отсутствовала даже единая денежная система. Экономически слабая, раздираемая внутренней борьбой Шотландия стала объектом захватнических устремлений Англии, а также Франции и Испании.

Особенно активной в борьбе за Шотландию была Англия. В XVI в. с усилением в Англии абсолютизма Тюдоров их стремление подчинить своей власти слабого соседа весьма возросло. Успехи капиталистического уклада в Англии и развитие ее внешней торговли делают Шотландию выгодным источником сырья, особенно шерсти, и емким рынком для сбыта английских товаров.

Усилия первых Тюдоров оттеснить своих соперников в борьбе за влияние в Шотландии и разорвать традиционный франко-шотландский союз не имели успеха. В своей шотландской политике они использовали два способа - установление династических связей со Стюартами (царствовавшей в Шотландии династией) и вооруженные вторжения на ее территорию и войны с ней. В 1502 г. Генрих VII Тюдор выдал свою дочь Маргариту замуж за шотландского короля Якова IV и короли даже договорились между собой о мире на вечные времена. Тем не менее это не изменило положения и Генрих VIII провел несколько войн с Шотландией и выиграл ряд сражений. Намеченный брачный союз его наследника, будущего английского короля Эдуарда VI с Марией Стюарт не состоялся. Дворяне Шотландии разделились на сторонников французов и сторонников англичан; они обычно поддерживали тех, кто больше им платил /5, с.121/.

В 1542 году король Шотландии Яков V умер. Шотландская корона перешла к его малолетней дочери, правнучке Генриха VII Тюдора, Марии Стюарт. Ее отправили во Францию, где воспитали католичкой, а Шотландией в качестве регентши стала управлять мать королевы - Мария Гиз, представительница могущественного во Франции рода Гизов. В Шотландию были введены французские войска, которым удалось изгнать английскую армию. В результате страна подпала под власть французской короны, французские войска заняли важнейшие крепости, а высшие должности в государстве оказались в руках французской знати. Особенно укрепились французы в Шотландии после того, как Мария Стюарт стала женой короля Франциска II.

В это время в Шотландии усилилось движение за кальвинистскую реформу церкви. Кальвинизм получил широкое распространение не только среди горожан, но и среди значительной части феодалов (особенно на юге), которые рассчитывали при помощи Реформации завладеть церковными богатствами и использовать пресвитерианский строй новой церкви для усиления своих позиций в борьбе против Стюартов, отдавших страну под власть католической Франции. Был создан союз кальвинистов - Конвенант. Идеологом шотландской Реформации стал Джон Нокс (1514-1572), бывший священник англиканской церкви, который эмигрировал во время католической реакции из Англии и прожил несколько лет в Женеве среди кальвинистов. Нокс в своих проповедях призывал к свержению королевы-католички и добивался объединения Англии с Шотландией.

Когда в Шотландии вспыхнули народные выступления против католической церкви, кальвинисты начали военные действия против французов. Этим воспользовалась Елизавета Тюдор. Она помогала шотландским кальвинистам оружием и деньгами, рассчитывая с их помощью не только подчинить Шотландию, но и избавиться от опасной претендентки на английскую корону в лице своей кузины Марии Стюарт. Папа римский и католические державы связывали свои планы свержения Елизаветы с престола с возведением на престол Марии Стюарт, которая, по их расчетам, должна была навсегда покончить с Реформацией в Англии. В 1559 г. Мария и ее муж приняли титул английских королей. В ответ на это Елизавета послала свой флот против Шотландии, который помог шотландским кальвинистам одержать победу. В 1560 г. в Эдинбурге был подписан договор, по которому французские войска выводились из Шотландии и власть в стране переходила к совету из 12 представителей аристократии (5 из них назначались парламентом, а 7 - королевой), объявлялась свобода вероисповедания, а Мария Стюарт и ее муж должны были отказаться от своих прав на английскую корону. Шотландский парламент поспешил ввести в стране пресвитерианский строй церкви, а также приступил к секуляризации церковных богатств, раздавая большую их часть аристократии /16, с.76/.

Таким образом, в конце 60-х годов XVI в. французское влияние в Шотландии ослабло и у власти оказались проанглийские элементы из кальвинистов.

ЛИТЕРАТУРА



  1. Жумагулов К.Т. Проблемы изучения Всемирной истории в Республике Казахстан. // Отан тарихы. -2001. - № 3. – С.78-80.

  2. Ивонин Ю.Е. Становление европейской системы государств. Англия и Габсбурги на рубеже двух эпох. Минск, 1989.; Ивонин Ю.Е. У истоков европейской дипломатии нового времени. Минск, 1984.

  3. Сказкин С.Д. Из истории социально-политической и духовной жизни Западной Европы в средние века. М., 1981.; Сказкин С.Д. Международные отношения в Европе в конце ХҮ и первой половине ХҮІ в. / Из истории социально-политической и духовной жизни Западной Европы в средние века. М., 1981.

  4. История дипломатии. 2-изд. / под ред. В.А.Зорина, В.С.Семенова, С.Д.Сказкина, В.М. Хвостова. М., 1959. Т.1.

  5. Исаенко А.В. Английская королевская реформация ХҮІ века. Орджоникидзе, 1982; Исаенко А.В. Пуританская реформация в Англии в ХҮІ – начале ХҮІІ века. Орджоникидзе, 1980.

  6. ШтокмарВ.В. Очерки по истории Англии ХҮІ века. Л., 1957; Штокмар В.В. Экономическая политика английского абсолютизма в эпоху его расцвета. Л., 1962.

  7. Яброва М.М. Очерки истории колониальной экспансии Англии в эпоху первоначального накопления. Саратов, 1966.

  8. Тревельян Дж. М. Социальная история Англии. М., 1959.

  9. Мещерякова Н.М. Основные черты генезиса капитализма в промышленности Англии ХҮІ – первой половины ХҮІІ в. // Проблемы генезиса капитализма. М., 1978.

  10. Англия в эпоху абсолютизма (Статьи и источики). / Под ред. Ю.М.Сапрыкина. М., 1984.

  11. Бэкон Фрэнсис. Новая Атлантида. Опыты и наставления нравственные и политические. 2-изд. М.,1962.

  12. Мор Томас. Утопия. М., 1978.

ТҮЙІНДЕМЕ

Автор мақалада ағылшын–шотланд қатынастарының зерттелу деңгейін қарастырады.

РЕЗЮМЕ


Статья посвящена проблемам изученности англо-шотландских отношений.


Қазақтардың Моңғолия жеріне қоныстануы
Төлеухан Зияш - магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Монғолия қазақтары негізінен Қытайдың Алтай аймағындағы керейлердің бір бөлігі. Олардың Монғолия жеріне қоныстануының да өзіндік терең сыры бар. Олар алғаш Алтайдың теріскей бетіне ауа көшіп, Моңғол жеріне қоныстана бастағалы бері міне, 130-140 жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде небір қиыншылығы мен қуанышы бірдей аумалы төкпелі ауыр жылдарды артта қалдырды.

Қазақтың атамекенін тастап,алыс жақын шет елдерге үдіре көшуінің алғашқы себебі тарихта “Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама” деп аталып қалған жоңғар қысқан 1720-1750 жылдардың аралығы. Бұл жылдарда керей қазағы Сыр бойына ығысып одан Алтай, Іле; Тарбағатай немесе Шығыс Түркістан өлкесіне келіп мекендейді /1/.

”Ақтабан шұбырындының” ауыр апаты кезінде Жоңғар феодалдарының қарулы қолы қорғануға мұршасы келмеген бейбіт елді шауып- шаншып, қырғындап., үй мүлкін тонап, малын айдап кетті, тірі қалғандары атамекені мен мал мүлкін тастап қашуға мәжбүр болды. Осылайша қазақ диаспорасы алғаш Шығыс Түркістанда қалыптасса, кейін біртіндеп, Моңғол жеріне әртүрлі жағдайлармен қоныстана бастады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, абақ керейдің кейбір рулары Моңғол жеріне малдарын отарлатып, жазда жайлауда, қыста қыстауда болып, кейін біржола қоныс аудара бастады. Біздің бұл қорытындымызды көптеген тарихы мәлеметтермен дәлелдеуге болады.

Ә.Мініс, А.Сарай 1960 жылы жазған еңбектерінде қазақтардың Моңғол жеріне қоныстануын өз еңбектерінде былай деп жазады: Қазіргі Баян-Өлгей аймағының қазақтары ХІХ ғасырдың екінші жартысында немесе 1868-1869 жылдардан бастап, Қобда өлкесіне біржола қоныстана бастады /2/.

Тарих ғылымының докторы Қ.Зардыхан керейлердің кейбір руларының Моңғолияға мекендегені жайлы көптеген тарихы деректерге сүйене отырып, «қазақтың бір тобы Алтайдың Қобда бетіне асып-келіп, моңғол жеріне мекен ете бастаған тұсы сөзсіз 1860 жылдар деген қорытынды жасайды /3/.

Жергілікті кейбір ғалымдардың еңбектерінде керейдің Жантекей, Шеруші рулары 1860 жылдардан бастап, Қобданың шұрайлы жерлеріне жайылым іздеп қоныс аудара бастағанын айтады. Қазақтардың Моңғол жеріне қоныстауына тек жер мәселесі ғана емес басқада әртүрлі факторлар әсер еткен.

Бір бүйірден орыс, екінші бүйірден Қоқан қысқан Х1Х ғасырдың басы, осы қысылтаян заманда қазақтар өзінің бұрыңғы ата мекені Тянь-шаньның солтүстік өңіріне көптеп қоныс аударуға мәжбүр болған. Керегесінің көгі қанмен өрілген Шығыс Түркістан жерінде сан қилы сұмдықтардан үріккен елдің бір бөлігі Моңғолия, Түркия тағы басқа елдерге үдіре көшті.

Қазақ көшінің үшінші бір ағыны Ресейдің империялық саясатына қарсы қазақ, қырғыздың 1916 жылғы Ұлт азаттық қозғалысының тұсы. Осы бір “жігіт бермеу” ереуіліне қатысқан адамдардың алды дарға асылып, орыстың оғына ұша бастағанда қазақтың бір шеті келешек ұрпағының күйі үшін Қытайға, Моңғолияға босты /3/.

Қазақ өз басына шаңырақ көтерген соңғы бес ғасырда алты мәрте (1723 жылғы ақтабан шұбырынды, 1750 жылдардағы керей көшкен, 1916 жылғы дүрбелең, 1929-32 жылғы аштық пен жұт, 1932-37 жылғы саяси құғын сүргін) жан сауғалап, жат жерге үдіре көшуге тура келді /15/. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны үшін жазаланушылардан жәбір көрген Қаракерей наймандар Қыран Ертіс арқылы Қобда бетіне асты (4). Бұл жайлы ғалым Зардыхан былай деп жазады; …осындай жазмыш тағдырмен найманның бір тобы 1916 жылы Щуй, Жайсаңын тастап Қытай асып, кешікпей 1919-20 жылдары моңғолға келіп мекендеген болатын. Ата жұрты қазақ елінде хан жарлығына қарсы тұрып қырғын көрген осы топ моңғол жеріне келген соң 1937-38 жылдары “Қазан төңкерісінің қашқыны” атанып және саяси- қырғынға ұшыраған.

Ресей патшалығының 1916 жылы Қазақ елінен жұмысшы және әскер алуға қабылдаған жарлығы қазақтарға үлкен қайғы әкелгендіктен халық оған наразылық көрсете бас көтереді. Басқыншы, басымшылыққа төзе алмаған қазақтар атамекендерін тастап шет елге ауа бастайды. Олардың көпшілігі жастар еді /4/.

Баян-Өлгей қазақтары әр бір жылдары, қилы-қилы себептермен Шығыс Қазақстан, Ресейдің Қос-ағаш, Шығыс Түркістаннан келген ағайындармен толығып отырды. Мәселен, 1916, 1920, 1932-жылдарғы нәубет салдарынан Қазақстаннан көптеген отбасылары келді /4/. Ел-жұртынан айырылған қалың ел жаңа ел, жаңа жерге үйреніп еңсесін көтеріп, есін жиғанға дейінгі ұзақ жылдарды тағы да көшумен өткізді. Қазақтардың Қытайдан Қобдаға өтіп көшуінің бір себебі қытайдың ішкі саяси жағдайы ауырлауына байланысты болды. Қытайда 1850-1865 жылдары атақты Тайпиндардың көтерілісі шыққан еді. Сондай-ақ мал шаруашылығындағы қазақтар үшін малды өсіру, оны аман сақтап қалу, өріс-қоңыс мәселесі, жайылым жағдайы да қазақтарды Алтайдың теріскей бетіне яғни, Қобда бетіне ауа көшуіне ықпал етті. Ел билеушілер, сұңғыла адамдар ең алдымен “жұрт шалып” Қобда қойнауларын бақылап қайтысып жүрді.Кейіннен бір жола Қобда бетіне қоныс аударуға шешім қабылдады. Осы көтеріліске қазақтар басқа аз ұлттармен бірдей қатысты. Сонымен қатар Қобда бетіне әуелі мал отарлатып кейде жайлап келіп-кетіп жүрген қазақтар бұл өлкенің шөбі шүйгін, суы мол жайылымдарының қолайлы табиғатын, халықтың сиректігін көріп кетіп жүрді. Бұл жай керей тайпасының жекелеген руларының Қобда бетіне ауа көшуіне түрткі болды /5/.

Қазақтар Алтай тауын асып көшіп келген негізгі себеп жерге байланысты еді. Көшпелі рулардың өндірісінің негізгі құралы болған жер мен жайылым мәселесі ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап батыс Моңғолияда ерекше жолға қойылды /6/.

Ғалым Зардыхан Қинаятұлының “Жылаған жылдар шежіресі” /7/ атты кітабында Моңғолия қазақтарының қоныстауын “Керейлердің көші 1860 ж-дан басталып, 1911 жылғы мұңғұлдың ұлт азаттық қозғалысының жеңісі және мұңғұл қазақтарының арасында “Жалама айдаған жылдар” деп аталатын 1912-1913 жылдарға дейін жалғасқан”- жазды. 1911-1912 жылдары Моңғолияның ұлт-азаттық қозғалысының нәтижесінде орнаған моңғолдың Боғдахандығы өкіметіне қазақ қол қойған хат жолдап моңғол елі тәуелсіз болғанына алғысын білдіріп, Боғда хандық мемлекетінің әрбір шешімін толық орындайтынын мәлімдейді /8/.

Қазақ халқының жарты ғасыр бойы өз жерім болса деген арманы орындалып, 1912 жылғы Боғда жарлығы бойынша қазақтар алғаш рет Моңғол азаматы тұрғысынан моңғолдармен тепе-теңдік жағдайында жер меншігіне ие болуға құқық алды.

Осылайша өзге елде өсіп-өніп келген қазақ диаспорасының зерттеуге тұрарлық өзіндік тарихы қалыптасты.


әдебиеттер

  1. Ұлықпанұлы Б. Дэлүүн қазақтарының тарихы мен шежіресі. -Өлгей.1998.

  2. Ә.Мініс, А.Сарай. МХР БӨ аймағы қазақ халқының тарихынан. -Өлгей.1960

  3. Зардыхан Қ. Жылаған жылдар шежіресі. -Алматы, Мерей, 1995. 43 б.

  4. Зардыхан Қ. Моңғолия қазақтары. // Көш газеті. 1999. №4.

  5. Хурметхан М. Моңғолиядағы қазақ субэтносының қалыптасуы мен дамуы. -Алматы-Ұланбатор. 1997ж. 177 б.

  6. Сарай А. Революциядан бұрыңғы Моңғолия қазақтары. -Өлгей. 1992, 18б.

  7. Зардыхан Қ. Инаятұлының “Жылаған жылдар шежіресі”. -А., Мерей,1995.

  8. Қинаятұлы З. Жалама айдаған жантүршігерлік жылдар. // Қазақ елі газеті, 1998, №42.

РЕЗЮМЕ

В статье исследуются история и пути переселения казахов в Монголию.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазақтардың Монғолияға қоныс аудару тарихы мен жолдары қарастырылған.




Патшалық Ресейдің 1867-1868 жылдардағы реформасының Қазақстанға тигізген зардаптары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет