Инфекциялық аурулар- оларды белгілі бір қоздырғыштар таратады, ауруға шалдыққан организмдерден сау организмдерге жұғады және індетке (эпидемия) бейім келеді.
Иприт- теріні күйдіріп, іріңдететін улы заттардың бірі. Сарымсақ иісі бар, сарғыш, қара қошқыл түсті сұйық зат. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адам терсіне оңай сіңеді. Адам терісі 2-3сағ. қызарады да, жараға айналып, 20-30 күн бойы жазылмайтын жара пайда болады.
-К-
Канал – жасанды түрде жасалған судың қысымсыз ағысын қамтамасыз етітін объект.
Капилляр- жүрекке қайта бара жатқан қан айналымы
Карантин- 40 күнге дейін ауруларды бөлек ұстау, инфекционды аурудың таралуын алдын алу және жою мақсатында ұйымдастырылатын санитарлы-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жиынтығы.
Катастрофа – адам өмірін қиятын, айтарлықтай материалдық зиян келтіретін және тағы басқа ауыр салдарлары болатын ірі апат.
Кататравма – жоғарыдан құлағанда пайда болатын жарақат.
Достарыңызбен бөлісу: |