- Ө -
Өмір сүру қауіпсіздігі – қолайсыз жағдайларда қауіпсіздікті сақтап қалуды қамтамасыз ететін және үйрететін оқулық әдістеме; адамның қоршаған ортасының қалыпты жағдайы.
Өмір-тіршілік қауіпсіздігі- адам өміріне төнетін жалпы қауіп- қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми сала.
Өрт- ол адамдар, жануарлардың қаза болуына, материальдық игіліктердің жойылыуына әкеп соғатын, бақылауға келмейтін жану процестері.
Өртті бумен сөндіру- жанып жатқын заттарға оттегінің келуін шектеу. 35% бу отқа жинақталса жану тоқтайды. Бұл әдіс шағын өртті тез сөндіруге болатын оңай әдіс. Өртсөндіргіш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар пайдаланылады: су; құрғақ және майда құм; киіз, ауыр жүн, мауыты немесе сукно (жанған затқа ауа жібермеу). Жанған жерді жабу процессі.
Өртті газбен сөндіру- көмірқышқылмен галоидтелінген көмірсутегімен сөндіру. Сұйық түрінде көмірқышқылы баллоннан шыққан соң, қар тәріздес болып -78,5 С қатты күйге айналады.ал қызғанда газ түріне айналады. Істеп тұрған электр қондырғыларды сөндіруде қолданады. Қол өртсөндіргіші жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |