Зона (зақымдалалған) – зиянды химиялық және биологиялық заттардың белгілі бір мөлшерімен зақымдалған аумақ.
-И-
Изоляция (инфекционды аурулар) – адамзатқа зиянды заттардың таралуын алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар.
Иммобилизация– омыртқа жотасы, басқа да мүшелердің сынуы кезінде гипс, танғыш материалдарды қолдану арқылы тұрақты тыныштық жағдайын тудыру.
Иммунитет – адам организміне енген бөтен белок, клеткаларды жоюға немесе шығарып жіберуге бағытталған организмнің қорғаныс шараларының жиынтығы. Пайда болуына байланысты Иммунитет жасанды және табиғи болып жіктеледі.
Инсектицидтер– зиянды шыбын-шіркейлермен күресте пайдаланылатын химиялық заттар.
Инсульт– ми ұлпасының өлімін туғызатын бас миында қан айналысының бұзылуы.
Интоксикация – ағзаның қоршаған ортадан түсетін улармен не болмаса адам ағзасында өздігінен пайда болатын улармен улануы.
Инфаркт – қан айналысының бұзылуы нәтижесінде белгілі бір аумақтың жансыздануы.
Достарыңызбен бөлісу: |