-Қ-
Қан кету- зақымданған қан тамырларынан қаннның шығуы.
Қар басу- табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, кейде адамдар құрбандықтарына, малдың қырылуына, материалдық құндылықтарының жойылуына әкеледі
Қар көшкіні- бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қауіп-қатер- ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.
Қауіпсіздік- сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.
Қоздырғыш – анаэроб, топарықта ұзақ уақытқа дейін спора түрінде сақталуы мүмкін. Адам ағзасына топырақтан, жануар ішегінен тағамдық өнімдер арқылы түседі. Ауа түспеген жағдайда бактериялар көбейіп, қатты бактериалды у – токсин бөлуге қабілетті болады.
Қорқыныш - өзін-өзі сақтап қалу инстинктінің пайда болуымен түсіндірілетін қорқыныш сезімі.
Қышқыл жаңбыр- күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық, физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |