Квалифицирленген медициналық көмек – жарақаттанған, ауру адамдардың өмірін сақтап қалу мақсатында емдеу орындарында квалифицирленген мамандар арқылы жүзеге асатын емдеу-профилактикалық іс-шаралары жиынтығы.
Клиникалық өлім - өшіп бара жатқан өмірден биологиялық өлімге өту жағдайы. Өлімнің соңғы сатысы. Демалудың және қан айналымының толық тоқтауымен сипатталады. Клиникалық өлімнің ұзақтығы – 5 минут.
Кокаин – ақ үсті ұнтақ, оны иіскеуге болады, көбінесе оны ерітіндікүйінде венаға құяды.
Коллапс- өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады.
Көктайғақ – жер беткейінде немесе зат беттерінде пайда болатын мұз қабаты. Әдетте мұзтайғақ 0-ден -30гр температурада байқалады.
Күйік – бұл электр тогының, химиялық заттардың, жоғарғы температураның әсерімен организм клеткаларының зақымдануы.
Достарыңызбен бөлісу: |