Финикий жазуынан тараған алфавит түрлері мынадай: - арамей жазуы және архаикалық грек әліпбиі.
арамей жазуынан араб, парсы, ауған; соғды, ұйғыр, моңғол;
еврей жазуы тарайды.
- архаикалық грек бұтағынан шығыс грек пен батыс грек жа-
зуы шығады. Шығыс грек жазуынан гот, армян; византия-сла-
вян жазуы (кирилше мен глаголша); грузин жазуы пайда болған.
Батыс грек бұтағынан итальян; этрусс – латын әліпбиі дамиды.
Қазіргі батыс еуропа халықтарының жазуына негіз болған
латын графикасы грек әліпбиінен шығады. Гректер әліпби ойлап
таппаса да, бар әліпбиді жетілдіру жағынан алда болды. Грек
алфавитінің тек b, g, d, z, k, l, m, n, p, v, t әріптері ғана семит ды-
быстарымен бірдей. Қалған әріптер шыққан жазуынан өзгеше
сипат алды.
Гректер әліпби жетілдіруде мынадай өзгерістер жасаған:
а) семит тілдеріндегі кейбір дауыссыздар таңбасымен дауыс-
тыларды беріп, әліпбиге дауыстыларды енгізді;
ә) семит тілдерінің кейбір дыбыс әріптерін басқаша
қолданды;
б) рh, ps, kh, х сияқты әріп тіркесін қосты.
Грек әліпбилерінде алеф, хе, вав, иад, айин әріптері дауысты-
ларды беруде қолданылған.
алайда грек әліпбиінің және соның негізінде пайда болған
латын алфавитінің кемшілігі әріптердің аздығы болды, яғни ла-
тын әліпбиі мен батыс еуропа халықтарының тілінде сәйкестік
болмады. Француз тіліндегі 18 дауысты, 17 дауыссыз, ағылшын
тіліндегі 13 дауысты, 24 дауыссыз, неміс тіліндегі 15 дауысты,
18 дауыссыз латын алфавитінің 26 таңбасына сәйкес келмеді.
Сондықтан неміс, француз тілдерінде диакритикалық
таңбалар қолданылды. Француз әліпбиінде <а>, <о>, <е> 143
графикалық тәсілмен, ал ағылшын жазуында 658 тәсілмен
беріледі.
латын графикасын қабылдауда мынадай кемшіліктер орын
алды: әртүрлі дыбыстарды бір графемамен беру, мысалы, фран-
цуз тіліндегі стаңбасы <к> мен <с> фонемасын берді, неміс
тіліндегі s әрпі <з> және <с>дыбыстарын береді. Әріптер (диг-
рамма, триграмма) тіркесі пайда болды. мысалы, ш дыбысы
француз тілінде сh, ағылшын тілінде sh, итальян sc, неміс тілін-
де sch графтары арқылы беріледі.
латын графикасының 26 әрпін пайдаланған тек ағылшын жа-
зуы, ал неміс, француз, голланд, швед, итальян, испан, португал,
румын, чех, венгер, поляк тілдері диакритикалық таңбаларды
қолданды, итальян, фин, поляк жазуында латын әліпбиінің
барлық әрпі жоқ. Бұдан графика ережелері қиындады. Сөйтіп,
латын әліпбиін қабылдаған бірде-бір жазуда бір әріп-бір фонема
қағидасы ұсталынбады. Оны в.а.истриннің еңбегіндегі мына
кестеден көруге болады (1-кесте):
1-кесте – латын жазуына негізделген әліпбилерді салыстыру