Келісілді ббқ төрайымы «Фармация және ФӨТ»


Тиісті құжаттама - сапаны қамтамасыз ету жүйесінің принципі ретінде



бет36/67
Дата01.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#493765
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
gxp сессия-1 2

21. Тиісті құжаттама - сапаны қамтамасыз ету жүйесінің принципі ретінде.
Құжаттама 15 бұйрықтың 3ші қосымшасы 5тарауда қарастырылған. Бұйрық атауы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» GPP
 Тиісті құжаттама сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және осы стандартқа сәйкес жұмыстың негізгі элементі болып табылады. Өндірушінің сапа менеджменті жүйесінде қолданылатын құжаттама мен ақпарат тасымалдаушылардың әр түрлі түрлері нақты белгіленген. Құжаттама әртүрлі нысандарда, соның ішінде қағаз, электронды немесе фотографиялық ортада болады.
Қолданылатын құжаттама жүйесінің негізгі мақсаты-дәрі-дәрмектер сапасының барлық аспектілеріне тікелей немесе жанама әсер ететін барлық қызметті құру, басқару, бақылау және тіркеу.
Құжаттарға қойылатын талаптар:

  • Толықтығы (ақпарат толық жазылуы керек)

  • Анықтылығы,түсініктілігі

  • Қатесіз жазылуы керек

  • Қолжетімді болуы керек

  • Расталуы

  • енгізілген деректерді жоюға болмайтындай етіп жасалуы тиіс.

Жазбаша түрде қолы күні жазылуы тиіс. Электронды түрде жіберуге болады
Осы стандарттың талаптарын орындауға және олардың сақталуын тіркеуге арналған құжаттаманың 2 негізгі түрі бар:
Реттеуші(регламенттеуші) – нұсқаулар (нұсқаулар, талаптар)
тіркеуші – жазбалар (есептер)
Бірінші құжаттама ережелердің талаптарын орындау үшін, яғни реттеуші құжаттама.
Екінші құжаттама ережелердің сақталуын тіркеу үшін, яғни тіркеу құжаттамасы. 
Сыртқы құжаттар ішкі құжаттарды әзірлеу және келісу үшін қолданылады. 
Ішкі құжаттар – қызметкерлердің жұмысы үшін.
Реттеуші құжаттама-бұл белгілі бір ұйымның,жүйенің және т. б. қызметін реттейтін нормативтік және әдістемелік құжаттар, материалдар. Реттеуші құжаттардың өзі 2ге бөлінеді. Ішкі және сыртқы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет