ІІ БӨЛІМ
42-бап
Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді.
43-бап
-
Осы қабылданған Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындаудағы қол жеткен жетістіктерін қарау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитет құрылып, ол төмендегі көзделетін функцияларды орындайды.
-
Комитет жоғары адамгершілік қасиеттерімен және осы Конвенция қамтитын саладағы біліктілігімен жұртқа танылған он сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелерін қатысушы мемлекеттер өз азаматтары қатарынан сайлайды және жекелей түрде қатысады, сонымен қатар географиялық әділ бөлінуіне, сондай-ақ басты құқықтық жүйелерге көңіл бөлінеді.
-
Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттер ұсынған адамдар тізіміне енгізілгендер қатарынан жасырын дауыспен сайланады. Әрбір қатысушы мемлекет өз азаматтары қатарынан бір адамды ұсына алады.
-
Комитеттің алғашқы сайлауы осы Конвенция күшіне ену күнінен алты айдан кешіктірмей өткізіледі, бұдан сон-екі жылда бір рет өтеді. Тіпті болмағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір сайлау күнінен төрт ай бұрын қатысушы мемлекеттерге екі ай ішінде өз кандидатураларын ұсыну жөнінде хат жолдайды. Бұдан соң Бас хатшы қатысушы мемлекеттерді көрсете отырып, олардың ұсынған адамдарын алфавиттік тәртіппен тізімдей отырып, бұл тізімді осы Конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне тапсырады.
-
Сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Хатшының шақыруымен болатын қатысушы мемлекеттердің отырыстарында жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің қатысуы кворум болып саналатын осындай отырыстарда, ең көп дауыс алған және қатысып отырғандар санының абсолюттік көпшілік дауысын және дауыс беруге қатыстырылған қатысушы мемлекеттер өкілдері санының басым көпшілік дауысын алған кандидат, Комитет құрамына сайланған болып табылады.
-
Комитет мүшелері төртжылдық мерзімге сайланады. Кандидатуралары екінші рет қайта ұсынылған жағдайда, олардың қайта сайлануға құқығы бар. Бірінші сайлауда сайланған бес мүшенің өкілеттік мерзімі екі жылдық кезеңнің аяғында аяқталады; осы бес мүшенің аты-жөнін бірінші сайлаудан кейін, дереу жеребе арқылы отырыстың Төрағасы анықтайды.
-
Комитеттің қайсыбір мүшесі қайтыс болған немесе жұмысты тастап демалысқа шыққан жағдайда, я болмаса ер немсе әйел адам қандай да бір өзге себеппен Комитет мүшесінің міндеттерін одан әрі орындай алмайтын болса, оны ұсынған қатысушы мемлекет қалған мерзімге Комитет құптаған жағдайында, өз азаматтарының ішінен, басқа сарапшыны тағайындайды.
-
Комитет өзінің меншікті рәсім ережелерін белгілейді.
-
Комитет өзінің лауазымды тұлғаларын екі жылдық мерзімге сайлайды.
-
Комитет сессиялары, әдетінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде, немесе Комитет белгілеген басқа ыңғайлы жерде өтеді. Әдетінше Комитет сессияларын жыл сайын өткізеді. Комитет сессиясының ұзақтығы анықталады және ол қажет деп табылған жағдайда Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің кеңесінде Бас Ассамблея құп көрсе қайта қаралады.
-
Комитет өз жұмысын осы Конвенцияға сәйкес тиімді түрде жүзеге асыруы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы қажетті персонал бөліп, материалдық қаражат беріп отырады.
-
Осы Конвенцияға сай тағайындалған Комитет мүшелері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы белгілеген ретпен және шарт бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының қорынын берілетін, Бас Ассамблея бекіткен сыйақы алады.
44-бап
-
1.Қатысушы мемлекеттер Конвенцияда танылған құқықтардың
бекітілуін қалыптастыру бойынша қадағаланған шаралары және осы құқықтарды жүзеге асыру барысында қол жеткізген прогресс туралы баяндамаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы арқылы Комитетке:
а) тиісті қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жыл бойы;
ә) бұдан кейінгі уақытта, әр бес жыл сайын тапсырып отыруға міндеттенеді.
-
Осы бапқа сәйкес тапсырылатын баяндамаларда осы Конвенция бойынша міндеттерін орындау дәрежесіне ықпал ететін, әрине егер де олар бар болса, факторлар мен қиындықтар сөз етіледі. Сондай-ақ баяндамаларда Комитет сол елде Конвенцияның іске асып жатқандығын толығымен түсіндіруді қамтамасыз ететін жеткілікті ақпарат болуы тиіс.
-
Жан-жақты ең алғашқы баяндамасын Комитетке тапсырған қатысушы мемлекетке осы баптың 1“ә” тармағы бойынша кейін тапсыратын баяндамаларында, ертерек сөз болған негізгі ақпаратты қайталаудың қажеті жоқ.
4.Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияның жүзеге асуына қатысты қосымша ақпаратты сұрата алады.
-
Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяға тапсырылады.
-
Қатысушы мемлекеттер өз елдерінде баяндамаларының кеңінен жариялы болуын қамтамасыз етеді.
45-бап
Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу мақсатында:
а)мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының
Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары - өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның
ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан
жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда
Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады;
ә) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы
мемлекеттердің баяндамаларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді.
б)Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады.
в)Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда
қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды.
ІІІ БӨЛІМ
46-бап
Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық.
47-бап
Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
48-бап
Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
49-бап
-
Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
-
Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжаты сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
50-бап
1.Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы ұсыныстарды қарау және оларды дауысқа салу мақсатымен қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын
білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы мемлекеттерге жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай конференцияның шақырылуын қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының
аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға бекітуге тапсырылады.
2.Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.
3. Түзету, күшіне енгеннен кейін, оны қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті болып қала береді.
51-бап
-
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық мемлекеттерге жібереді.
-
Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ескертпеге жол берілмейді.
-
Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді.
52-бап
Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшының хабарламаны алғанынан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
53-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның депозитарийі болып тағайындалады.
54-бап
Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінінің мағынасы бірдей осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
Осыны куәландыру үшін, төменде қолдарын қойған өкілетті өкілдер өздерінің тиісті үкіметтері атынан қажетті түрде алған уәкілеттіктеріне сай осы Конвенцияға қолдарын қойды.
2 қосымша
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) баланың) бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
2 заңды өкiлдерi - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала;
4) жетiм бала - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
5) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;
6) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны;
7) қамқоршылық - он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны;
8) патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушiсi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенiң нысаны;
9) баланың әлеуметтiк бейiмделуi - өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;
10) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар - бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрдегi қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар;
11) мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар - мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызмет көрсетулердi, нормалар мен нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткiштер;
12) өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
2. Осы Заңның бала құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн нормаларының күшi кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтық әрекет қабiлеттiлiгiн толық көлемiнде алған балаларға қолданылмайды. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз. ҚР АК (17-баптың 2-тармағы).
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың
құқықтары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiлiне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкiлдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
2. Некеден және некесiз туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
2. Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және олар қолданылмауға тиiс.
2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары
1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;
3) бала құқықтары кепiлдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;
4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жәрдемдесу;
5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және:
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға;
3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген.
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi өкiлеттiктерi
1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне:
1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау;
2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн, оның денсаулығы мен имандылығын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң басым бағыттарын таңдау;
3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу;
5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
6) баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiң халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;
7) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласындағы балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiн айқындау жатады.
2. <*>
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:
1) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, отбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттiк, жергiлiктi бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;
5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;
6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегi тағам өнiмдерiнiң өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепiлдiк бередi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз ).
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және қалыпты өсiп-жетiлуiне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |