Кәсіпкерліктің негізгі белгілері мыналар: Өндірушінің экономикалық дербестігі, оның құрал-
жабдықтарға меншік иесі болы және бәсекелестік нарықтық ортада қызмет жасауы.
Біздің Республикада осындай жағдайларды қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі. Кәсіпкер қай
кезде де шешімді өз бетінше қабылдайды, белсенді, жаңалыққа жаны жақын, оның тез іске
асыруға бейім, тәуекелшіл, тапқыр, батыл адам. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен бірге мына
ұғымдарды да білу қажет: Бизнес – бизнесмен, кәсіпкерлік – кәсіпкер, коммерция – коммерсант,
менеджмент – менеджер.
Іс қимылы мен тұрмыс әрекетіне сәйкес кәсіпкерліктің екі түрі болады:
1. Бұрынғы классикалық кәсіпкерлік – шаруашылықтың қолда бар ішкі ресурстарын тиімді
пайдалана отырып нәжижелі болуды көздейтін кәсіпкерлік.
2. Қазіргі заманғы кәсіпкерлік – қолда бар пайда көзін емес, әр түрлі жаңа мүмкіндіктерді
пайдалануға негізделген.
Демек бірінші түрі қолда барға бағытталса, екінші түрі мүмкіндіктерге бағытталған яғни
жаңашыл, ізденімпаздық кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарай жеке, ұжымдық, мемлекеттік, біріккен кәсіпкерлік болып
бөлінеді.
ІІ. Бүгінгі экономикалық өмірде шаруашылық жүргізудің, ұйымдастырудың, дамудың, кішігірім
шағын формасы үлкен маңыздылыққа ие болды. Бүгін де шағын кәсіпорындар өндірістерде де,
ауылшаруашылықтарда да, құрлыстарда да, ғылыми ұйымдарда да әсіресе халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету саласында қарқынмен дамуда.
Шағын кәсіпорын екі түрлі бағытта дамуда: Жаңа кәсіпорын ашу. Бұрыннан жұмыс істеп тұрған
кәсіпорыннан бөлініп шығу жолы. Екеуіне ортақ жай кәсіпорынды ашу туралы шешім қажет.
Жаңадан кәсіпорын ашу үшін жеке бір азаматтың арызы немесе бір азаматтың жиналысының
шешімі немесе басқару органының бұйрығы керек. Ал бұрыннан жұмыс істеп тұрған
кәсіпорыннан бөлініп шығу жолымен болса еңбек ұжымының келісі мен шешімі қажет. Одан
кейінгі саты шағын кәсіпорынның жарғысын дайындау. Бұл негізгі құжат. Осыған сәйкес
кәсіпорынның шаруашылық қаржылық қызметі ұйымдастырылады. Жарғыда кәсіпорынның түрі,
оның аты, тұрған жері, мекен-жайы, кәсібінің түрі көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |