МБ-1.3. Кәсіпорынның құрылымы және оны жетілдіру жолдары
1. Өндірістік құрлым түсінігі және оның түрлері
2. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдіру жолдары.
1. Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды, өнімдерді шығаратын
процесс. Өндірістің
дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және басқада мақсатпен
жасалатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайынан көруге болады. (Еңбек құралы –
техникалар өндіретін; Еңбек заты – шығарылатын өнім.)
Кәсіпорынның құрылымы: өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді.
Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық
процестердегі олардың өзара
байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекеті.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі – жұмыс орны, учаскерлер, цехтар
саналады.
Өндірістік құрылымға әсер ететін негізгі факторлар: Шығарылатын өнімнің түрі
мен сипаты,
мөлшері; Өндірістің ауқымы (көлемі); Кооперациялау деңгейі.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері(жұмыс
орны,бөлім,қызмет),олардың ара қатынасы және өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын
бөлімшелер.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі бөлігі болып
цех саналады.
ЦЕХ - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі
бір жұмысты атқаратын
буын. Цехтың үш түрі болады:
1. Негізгі 2. Көмекші 3. Қосалқы
Негізгі цехта сатуға әзірленетін дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға құрал-
жабдықтарды жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға қайта
өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар
және басқада жұмыстар жатады, яғни
орау, тасымалдау, түсіру жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: