2. Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Соның
ішіндегі негізгілері: оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі; бөлімшелердегі
қызметкерлердің саны; жабдықтардың қуаттылығы; өндірістік қорлардың құны; өнім шығару
көлемі; мамандандыру және механикаландыру деңгейі; күрделі қаржының құрылымы.
Өндіріс құрылымын ары қарай дамытудың жолдары: Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
Негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау; Кәсіпорындарды
жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жасау; Өндірісті ірілендіру арқылы
қуатты ғылыми өндірістік ұйымдар ұйымдастыру. Техника мен жоғары сапалы технологияны
дамыту; Өндірістің тиімділігін арттыру.
Өндірістік процесс шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналуына бағытталған еңбек
процестерінің жиынтығы. Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек
процесінің үйлесуін және өндірістің матиралдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін
қамтамасыз ету қажет: Технология сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз,
жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырысын қорғау.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
1. Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
2. Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі.
3. Өңделетін матиралдармен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің
барлық сатысынан өткен ең қысқа жол.
4. Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе
тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Шығарылатын өнімнің түріне, өндіріс көлеміне, жабдықтардың түріне, операцияларға жұмсалған
еңбек, өндіріс кезеңінің ұзақтылығына және т.б.факторларға байланысты өндіріс жеке дара,
сериялы және жалпы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |