2. Айналым қаражаттары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар
үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.
1. Кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін жұмсайды. Бұл сатыда айналым
қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
2. Алынған айналым қоры өндіріс процесіне тікелей өтіп алдымен өндірістің қосалқы қорларына
және жартылай фабрикаттарға содан соң аяқталмаған өндіріс процесі - дайын өнімге айналады.
3. Дайын өнім сатылады. Нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласына айналыс аясына яғни,
қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып,
жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бір мезгілде айналының барлық үш сатысыда айналымда
болуы мүмкін. Яғни, бір нәрсе бір мезетте сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан
сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімді
сатуды қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаттарының айналымын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштері болады. Олардың
ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражатының айналымдылығының коэфиценті.
Қақ
═
Өқ /АҚ
орт
Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнім құны; АҚ
орт
- сол кезеңдегі айналым қорының орташа
құны; Егерде өткізуден алынған түсім бір жылға есептелесе, онда айналым қаражатының орташа
қалдығы да бір жылға алынады.
Кәсіпорын құрылған кезде айналым қаражаты жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады.
Олар тауарлы өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін
жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Айналым қаражаты
ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Орнықты пассивтерге жататындар: 1.
аударымдар. 2. Аванс және өнімге жартылай ақы бойынша тапсырыс берушілерге қарызы. 3.
Салықтардың түрлері бойынша бюджетке қарызы.