«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет4/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

Бет парағы.
Бет парақ жұмыстың алғашқы парағы болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.
Бет парақта келесі мәліметтер келтіріледі:

  • ғылыми жетекшінің аты-жөні, тегі.

Бет парақты курстық жұмыс парақтарының жалпы нөмірленуіне енгізеді. Бет парақта парақ нөмірі қойылмайды.
Мазмұны(жоспар).
Мазмұны – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты қисынды талдап, түйінділерін таңдағанының маңызды көрсеткіші. Сапалы ойластырылып, құрылған мазмұны (жоспары) көбінесе жұмыстың құрылымы, мазмұны, бөлімдерінің қисынды байланысы тәуелді болады. Жоспар сапасы жұмыс мазмұны мен оның бағалануына айтарлықтай ықпал етеді.
Студент жұмыс мазмұнын ғылыми жетекшімен алдын ала келісу қажет.
Курстық жұмыстың мазмұны(жоспары) кіріспені, барлық тараулардың, параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, қорытындыны, қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды.
Кіріспе.
Кіріспеде автор төмендегі құрылымдық элементтерді сипаттауы тиіс:

  1. таңдалған тақырыптың өзектілігі;

  2. педагогикалық ғылымдағы таңдалған тақырып бойынша зерттелу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);

  3. жұмысты жазу барысында шешілетін мақсат пен міндеттер;

  4. курстық жұмыстың пәні мен нысаны;

  5. оны құру қисыны – бөлімдері, параграфтар бойынша курстық жұмыстың құрылымы түзіледі.

Жұмыста мәселеден туындайтын зерттеу мақсаттары мен міндеттері нақты анықталуы тиіс. Зерттеу мақсаты қандай да бір мәселені шешуден тұрады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін нақты мәселелер қойылады.
Тәртіп бойынша, нысан – бұл белгілі педагогикалық категория немесе жұмыста зерттелетін мәселе. Зерттеу пәні – бұл объектінің белгілі аспектілерінің неғұрлым нақты сипаттамасы. Зерттеу пәні объектке қарағанда неғұрлым тар түсінік болып табылады. Пән объектінің бөлігі, элементі болып табылады.
Кіріспе көлемі 1,5-2 парақты құрайды.
Төменде «Құрылыс саласы бойынша кәсіби білім алатын төменгі және жоғары курс оқушыларын оқыту әдістемесіндегі ерекшеліктер» атты тақырыптағы курстық жұмыстың кіріспе мазмұнына үлгі келтіріп отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет