Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет92/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

джанджу (шуда). 


ш дыбысының орнына с дыбысын айту: талыс, қысыр. 
д дыбысының орнына т дыбысын қолдану: дәуә емес тәуә (түйе), бүгде 
емес бүкте (қанжар). 
д дыбысының орнына й дыбысын қолдану: қадық емес қайық
ғ дыбысының айтылмай түсіп қалуы: чумғақ емес чумуқ (шымшық 
торғай, қара торғай), тамғақ емес тамақ
Демек, ХІ ғасырдың ортасында қолданылған қыпшақ тілінің 
фонетикалық негізгі көрсеткіші – дж(ж), с, т, й дыбыстарының 
қолданылуы мен ғ(г) дыбысының айтылмай түсіп қалуы болып отыр. 
Осы фонетикалық ерекшеліктер бүгінгі қазақ тілінің бойында 
сақталған. 
Көне қыпшақ жазба ескерткіштерін жүйелеу де маңызды мәселе. Көне 
қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер негізінен ХІ-ХҮІІ ғасырлар 
аралығын қамтиды. Оларды жазу үлгісіне қарай бес топқа бөлінеді: 
1) Готикалық көне шрифтімен жазылған ескерткіштер (ХІІІ – ХІҮ 
ғасырлар). 
2) Араб әрпімен жазылған мұралар (ХІ -- ХІҮ ғасырлар). 
3) Армян жазуымен берілген мұралар ( ХҮ – ХҮІ ғасырлар). 
4) Орыс әліпбиімен жазылып қалған деректер (ХІ—ХІІІ). 
5) Шығыс Европа аймағын мекендейтін кейбір халықтардың тілінде 
сақталып қалған және сол елдердің өзіндік жазу үлгілерімен берілген 
сөздер (адам аттары мен жер-су аттары т.б.). 
Сонымен қатар ескерткіштер белгілі бір саяси - әкімшілік орталықтарда 
туып, солардың талап-тілектеріне сай жазылып отырғандықтан, қазақ 
ғалымдары (Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М.) шартты түрде 
мынадай топтарға бөліп қарастырады: куман қыпшақтарының тілінде 
жазылған ескерткіштер, половец қыпшақтарының тілінде жазылған 
ескерткіштер, Орта Азия қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, 
Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Мамлюк 
қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Армян колониясының 
тілінде жазылған ескерткіштер.
Біз осы айтылғандарды ескере отырып, ескерткіштерді ХХ ғасырда жеке 
–жеке болса да зерттеп, құнды пікірлер айтқан ғалымдардың тұжырымдарын 
басшылыққа алып, мынадай екі үлкен топқа бөліп қарастырамыз: 
1) Көне қыпшақ ауызекі сөйлеу тілінде жазылған ескерткіштер. 
2) Көне қыпшақ жазба ескерткіштері. 
Көне қыпшақ ауызекі тілінде жазылған ескерткіштері тобына өз 
заманының ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін бойына жинақтаған, 
қыпшақтардың тарих сахнасына шығып, гегемондық рөл атқарып тұрған 
кезінде ХІІ – ХІҮ ғасырларда жазылған «Кодекс Куманикус» (Кумандардың 
кітабы), «Терджуман турки уа араби» (Түркіше – арабша тәржіма ), «Китаб 
ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап)., 
«Китаб ат-туһба аз-закия фи луғат ат-туркийа» (Түркі тілі туралы жазылған 
ерекше сыйлық), «Китаб-бұлғат әл-муштақ фи-лұғат ат-түрік вал-қыпшақ» 
(Түрік пен қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренушілер үшін жазылған кітап»), 
«Әл-каванин әл-күллия ли-дабт әл-лұғат ат-түркия» (Түркі тілдерін үйрену 


үшін жазылған толық құрал), «Китаб ад-дурра ал-мудия фил-лұғат ат-түркия 
алат-тамам вал-камал» (Түркі тілі туралы жан-жақты және толық аяқталған 
інжу-маржан кітабы), «Аш –Шудур ад-даһабия вал-қита ал-ахмадия фил-
луғат ат-түркия» (Түркі тілдері туралы жазылған алтын тізбе»). т.б. 
жәдігерліктерді жатқызамыз. 
Көне қыпшақ жазба ескерткіштері қатарына Алтын Орда дәуірінің құнды 
әдеби мұрасы, Низамидың парсы тілінде жазған осы аттас поэмасының еркін 
аудармасы, Құтып ақын жырлаған «Хұсрау мен Шырын» поэмасын 
жатқызуға болады. А. Зайончковский «Хұсрау мен Шырын» поэмасының тілі 
қыпшақ диалектісінде жазылған деп тұжырымдаған. Ескерткіштің тілінде 
қыпшақ элементі өте айқын көрінеді деген пікірді А.М.Щербактан да 
кездестіреміз. Алтын Орда әдебиетінің ХIY ғасырдағы аса көрнекті 
өкілдерінің бірі Сайф Сарайидың «Гүлстан бит-түрки» поэмасы да осы 
топқа кіреді. Белгілі түріктанушы Э.Н.Наджип ақын өз шығармаларын 
қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қазақ халқының негізін 
құраған ру тайпаларынан шыққанын ерекше атап көрсетеді. Алтын Орда 
дәуірінде ХІҮ ғасырда дүниеге келген құнды жәдігерліктің бірі Хорезмидің 
«Мұхаббат наме» поэмасы да осы қатарда. Аталмыш поэма қазақ тіл 
білімінде аз да болса зерттеліп көне түркі жазба ескірткіштерінің тіліне, 
жалпы тіл тарихына арналған кітаптарда біраз пікірлер жинақталды. Ал өзбек 
әдебиетінің тарихында өзбек әдебиетінің көркем туындыларының бірі 
ретінде қарастырылды. Ғылымда бұл поэманың тілі туралы сан түрлі 
пікірлер орын алған. Мәселен, Кюпрюлюзаде алтынордалық-шағатай тілі 
десе, А.Н.Самойлович Хорезм мен Алтын Ордадағы Жошы ұлысының әдеби 
тілі дейді. Ал Э.Н.Наджип ұйғыр, оғыз тілдерінің әсеріне ұшыраған қыпшақ 
тілі десе, С.А.Аманжолов А.Яссауи тіліне жақын, қазіргі өзбек және қазақ 
тілінің аралығындағы тіл деп таныса, А.М.Щербак ескі өзбек әдеби тілінің 
бір түрі деп топшылайды. Біздің пікірімізше «Мұхаббат-Наме» тілінде 
қараханидтік жазба әдеби тілінің азын-аулақ ықпалы байқалғанмен, көне 
қыпшақ тілінде жазылған. Бұл мұрағаттың қазақ тіліне жақындығы мен басқа 
түркі тілдермен байланысын анықтауда лексикалық, морфологиялық, 
фонетикалық белгілерге ерекше көңіл бөлген жөн.
Аталмыш топқа енетін құнды жәдігерліктің бірі-Махмуд бин Али ас-
Сараидың “Нахдж әл-Фарадис” шығармасы. Біздің дәуірімізге бұл 
ескеркіштің бірнеше көшірмесі жеткен. Мұрағаттың лексикасы мен 
грамматикасында кейбір көне элементтердің, атап айтсақ тіс арасынан 
шығатын шуыл дыбыс з мен сөз соңындағы ғ дыбысы, көне жалғаулардың 
кездесуі өз дәуірінің заңдылығы. Шығарманың тілінің түсініктілігі оның 
басқа тілдерге қарағанда қыпшақ тіліне жақын екенін аңғартады. 
Аталмыш ескерткіштердің тілін көне қыпшақ тілі деп тұтас алып 
қазіргі қазақ тілімен лексикалық деңгейде салыстыра зерттесек көптеген 
ортақтықтар мен сабақтастықтар айқын көрінеді. Негізінен Алтын Орда 
дәуірі тұсында жазылған әдеби шығармалардың дені аралас тілді болып 
келген. Б.Сағындықұлы жазба жәдігерліктер тіліндегі сөздерді үш топқа 
бөліп қарастырады: 1) оғыз тобындағы тілдерге тән сөздер; 2) қарлұқ-


ұйғыр тобындағы тілдерге тән сөздер; 3) қыпшақ тобындағы тілдерге тән 
сөздер. 
Мысалы, Оғыз тобындағы тілдерге ғана тән сөздер: бағырсуқ (іш) Г, 
Мн; алын (маңдай) ХШ, НФ, Г; бул- (тал-) ХШ, НФ, Г, Мн; көлкә 
(көлеңке) ХШ, Г, Мн; кәндү (өз) ХШ; өртүклү (жасырын) ХШ, НФ, Г, Мн; 
соған (жуа) Г; утан- (ұял-) Г, Мн; чоғ (көп) ХШ, НФ, Г; қарынча 
(құмырсқа) ХШ, Г; қурт (бөрі) Г; йарын (ертең) Г; йылдырым (найзағай) 
ХШ, НФ т.б. 
Қарлұқ-ұйғыр тобындағы тілдерге тән сөздер: асиғ (пайда) ХШ, НФ; 
андағ (сондай) ХШ; белгүр- (білім-) ХШ, НФ, Г, Мн; пуш- (өкпеле-) ХШ, 
НФ; ишан- (нан-) ХШ; билә (көмектес септігінің мағынасын береді) ХШ, 
Г, Мн; ойағ (қырағы) ХШ, НФ, Г; кеслән (кесіртке) ХШ; көсә- (тіле) ХШ; 
сүчуг (тәтті) ХШ; сүркә- (сүрт-) ХШ, НФ; тегүр- (жеткіз-) ХШ, Мн; телур 
(ақылдан адас-) ХШ, Мн; уча (арқа) ХШ; йорут- (жарық ет-) ХШ, Мн; т.б. 
Қыпшақ тобындағы тілдерге тән сөздер: бақлан (бағлан) ХШ; басын- 
(басын-) ХШ; бақыр (жез) ХШ; байағы (баяғы) Г; болмачы (болмашы) ХШ; 
ентик- (ентік-) ХШ; ем (ем) ХШ, НФ; ерик- (ерік-) ХШ; ен- (ен-) ХШ, НФ, 
Мн; еңра- (еңіре-) ХШ, Мн; иркил- (іркіл-) ХШ, НФ; йимән- (имен-) ХШ; 
күң (күн) ХШ; кери (кері) ХШ, Г; сүңгү (сүңгі) ХШ, Г,НФ; чық (шық) ХШ; 
сал- (сал-) ХШ, Г, Мн, НФ; таңсұқ (таңсық) ХШ, Г; тый- (тый-) ХШ, Г; 
тәбрән- (тебірен-) ХШ, Г; талпы- (талпын-) ХШ, НФ; таңырқа- (таңырқа-) 
ХШ; тун (түн) ХШ, НФ; үрк- (үрік-) ХШ, Г; қавурт (қауырт) ХШ, т.б. 
Бұл келтірілген деректерден байқағанымыздай ескерткіштердің тілінде 
оғыз, қарлұқ-ұйғыр, қыпшақ элементтері аралас келіп отырған. Бірақ 
қыпшақ элементтері басым, жиі кездеседі.
Қазіргі таңда түркі лексикологиясының алдында тұрған маңызды 
міндеттердің бірі жекелеген тілдерді синхрондық тұрғыдан да, диахрондық 
тұрғыдан да кешенді зерттеуге алу. Тарихи-салыстырмалы әдіске сүйенген 
зерттеу ғана бүгінгі тірі тілдің тарих қойнауында қалған жазба 
жәдігерлікке алыс-жақынын, туыс-жекжат екенін анықтай алады. Қандай 
да бір тілдің лексикасы басқа тілдік категориялардан қашанда бұрын 
сөйлейді, мол ақпарат бере алады. Көрнекті ғалым К.М.Мусаев “Когда 
говорят, что язык представляет собой кладовую истории народа – его 
носителя, прежде всего имеется в виду его лексика, которая 
непосредственно реагирует на все изменения в жизни народа” деп 
тұжырымдайды [5,23б]. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің байырғы сөздік 
қоры ұлт тарихымен, жалпы түркілік тарихпен сабақтаса қалыптасты. 
Қазақ тілінің лексикасы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен, одан әрі 
жалпы түркі тілдерімен толық не ішінара лексика ортақтығымен 
ерекшеленеді. Қазақ жұрты жеке ұлт болып қалыптасқанға дейін түркі 
халықтарының ортақ арналарымен жүріп өтті. Қазақ лексикасы жалпы 
түркілік қабаттан өрістейді. Оның негізі, сөздік құрамы, фоно-
морфологиялық құрылысы ежелгі түркі тілінен бастау алады. 
Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы түркілік қабат түбір және тарихи 
сөздерден тұрады. Олардың ата түркі дәуіріндегі жалпытүркілік ежелгі 


түрін салыстырмалы-тарихи негізде жаңғырту арқылы байырғы қалпына 
келтіруге болады
Келесі қабат - қыпшақтық қабат. Қазақ тілінің лексикасы қазіргі 
қыпшақ тобындағы тілдермен толық не жартылай ортақтығымен, 
ұқсастығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қазақ тілінің қыпшақтық 
лексикасының сілемдерін қыпшақ тіліне тікелей қатысты орта ғасырлық 
жазба ескерткіштер тілінен де іздеген жөн. Жазба мұрағаттар лексикасын 
зерделей қарасақ қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен, қала берді қазақ 
тілімен ортақ, тұлғасы да, мағынасы да сайма-сай лексикалық 
параллельдерді оңай анықтаймыз.
Пікіріміз мәйекті болу үшін ортақ сөздердің тізімін жасайық. 
Зат есім сөздердің қатары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет