Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет94/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

Төрт – төрт. [ХШ, НФ, Мн, Г] Бу китабны төрт баб үзә қылдық — Бұл 
кітапты төрт тараудан құрадық.
Алты — алты. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қачан ким алты йашқа йетти ол шах, 
қамуғ йөнләрни аңлаб болды агах – Шахқа алты жас толғанда, ол барлық 
жөн-жосықты түсініп, аңғарымпаз болды. 
Он – он. [ХШ] Йәтиб он йашқа кеш бағланды белгә - Он жасқа келіп 
беліне қорамсақ байланды. 


Тоқсан –тоқсан. [НФ] Тақы пайғамбар аләйхи-с-сәлам тоқсан тевә 
нишан қылды – Пайғамбар алейхи-с-сәлам тоқсан түйені белгіледі. 
Етістік сөздер қатары: 
Айыр-айыр. [ХШ, Г] Тутуб мискин кишиниң пәнжәсиңи, айырмық күч 
билән айны хатадур – Байғұс, кедей кісінің қолынан ұстап, күшпен айыру - 
үлкен әділетсіздік. 
Ал – ал. [ХШ, НФ, Г] Хидайат нұрыны көңлүмдин алма, йана мени 
қараңғулуққа салма – Жол көрсетуші нұрды көңілімнен алып, мені тағы 
қараңғылыққа тастама. 
Ем – ем. [ХШ] Сүт әммәзмән бар ағызымда отуз тиш – Сүт ембеспін, 
аузымда отыз тісім бар. 
Бар – бар. [ХШ, НФ, Мн, Г] Бир ким әрсә барды тақы Фатимақа хабар 
берди – Бір адам барып Фатимаға хабар берді. 
Басын – басын. [ХШ] Қонақмән теб басынмаңыз бизни - Қонақпын деп 
бізді басынбаңыз. 
Кет – кет. [НФ, Мн, Г] Көңүлдин сабр көздин уйқу кетти – Жүректен 
сабыр, көзден ұйқы кетті. 
Көм – көм. [ХШ, НФ] Бардылар бир чуқур қаздылар ол әтни анда 
көмдиләр – Барып бір шұңқыр қазып, етті соған көмді. 
Күл – күл. [ХШ, НФ, Мн, Г] Бұл латифа сұлтанға хуш келди дағы 
күлди – Бұл әңгіме сұлтанға ұнады, ол күлді. 
Ойна – ойна. [ХШ, НФ, Мн, Г] Кел әй сақи кетүргил, бада-и наб, күлә 
ойнайу ичсүнләр бу асхаб – О шарап құюшы, әкел мөлдір шарапты, мейлі 
достар күліп, ойнап ішсін. 
Орна – орна. [ХШ, НФ] Тамуғнуң хайбаты көңлүмдә орнады – 
Тамұқтың қорқынышы көңілімде орнады. 
Өл - өл. [НФ, Г] Ирақдан тирак келгинчә йылан захмлы ер өләр – 
Ирактан дәрі келгенше, жылан уымен уланған ер өлер. 
Сайра – сайра. [ХШ, Мн, Г] Чечәксән банда сайрар бұлбұл үңдур – Сен 
гүлсің, ал сенің үстіңде сайраған бұлбұл – сенің құлың. 
Табыл – табыл. [Мн, Г] Табылғай мақсудум табқуңда – Сенің 
қызметіңде менің мақсатым табылғай. 
Қайна - қайна. [ХШ, НФ, Мн] Тақы от чибчуқ кувәч ичиндә қайнаса әт 
тақы харам турур – Егер сол шымшық қазан ішінде қайнаса, ол етті жеуге 
болмайды. 
Қана - қана. [НФ] Тақы йүзи қанады – оның беті қанады. 
Ескерткіштер тілінде қазақ тілімен толық лексикалық параллель бола 
алатын етістіктер өте көп. Олар негізгі және туынды, көмекші, салт, 
сабақты, болымды, болымсыз тұлғаларында ұшырасады. 
Үстеу сөздердің қатары: 
Ең - ең. [Г] Ең әксүк – Ең кедей. 
Аз – аз. [ХШ, НФ, МН, Г] Жүмлә сахабалар қондылар ол йәрдә сув аз 
әрди – Барлық сахабалар қонды, ол жерде су аз еді. 
Былай – былай. [ХШ] Сәңә хукм етиб аймазмән былай қыл – Саған 
бұйрық бере алмаймын, былай қыл. 


Көп – көп. [ХШ, НФ, Мн, Г] Көңүл бахрында көп гәвхәрлариң бар – 
Сенің жүрегіңнің теңізінде көп гауһарлар бар. 
Тағы – тағы. [Мн] Қылур Ааййубны михнәт бәлә йар, тағы от ичрә 
Азар отдын асрар – Ол Айюбиді азаптың досы қылды, ол Азарды тағы 
оттан құтқарды. 
Қайра - қайра. [ХШ, НФ] Тақы жумла қайра Мадинаға қайыттылар – 
Және бәрі қайра Мәдинаға қайтты. 
Бұл мәліметтерден байқағандай ескерткіштер тілінде күшейткіш, 
мөлшер, сын-бейне үстеулері орын алған. 
Есімдіктер қатары: 
Анда – анда. [ХШ, НФ, Г] Үч күндин соң анда кәлгәйсән - Үш күннен 
соң анда келерсің. 
Мұнда – мұнда. [ХШ, НФ, Мн, Г] Мухаббат-нама сөзин мұнда биттим – 
Мұхаббат-наме поэмасын мұнда бітірдім. 
Ол – ол. [ХШ, НФ, Мн, Г] Ол йазуклы сөкти йарамас сөзләр сөзләди – 
Ол жазықты сөкті сұлтанды, жарамас сөздер сөйледі. 
Мен – мен. [ХШ, НФ, Мн, Г] Мен асру бенава – Мен өте бақытсызбын. 
Сен – сен. [ХШ, НФ, Мн, Г] Ичим күйди сениң чаксыз назыңдын – 
Сенің шексіз назыңнан ішім күйді. 
Қайсы - қайсы. [Г] Бир залим хаким бир алим ергә сорды ким 
ибадатлардан фазилрәж қайсы турур – Бір залым хакім бір ғалымнан 
сұрады: құдайға құлшылық қылудың қайсы дұрыс. 
Бұл деректерден байқағандай жәдігерліктер тілінде сілтеу, жіктеу, 
сұрау есімдіктері қолданылған. 
Көмекші есімдер қатары: 
Ара – ара. [ХШ, НФ, Г] Тикәнләр арасында гүл төрәтти – Тікендер 
арасында гүл жаратты. 
Арт – арт. [ХШ, НФ, Г] Ол йигит бир карван артына түшүб кетти – Ол 
жігіт бір керуен артына түсіп кетті. 
Аст – аст. [ХШ, НФ, Г) Сениң атақ ағыр таш астындан тәрбренгинчә 
кәрәк мәним атам жәннәткә кирмши болғай – Сенің әкең ауыр тастың 
астынан қозғалғанша, менің әкем жаннатқа кіріп болады. 
Маң - маң. [ХШ] Йақын бу маңда бар бир йахшы бағым, бүтүн ол бағда 
тиккәйләр отағым – Осы жақын маңда менің жақсы бағым бар, шатырды 
сонда тігейік. 
Орта – орта. [ХШ, НФ, Мн, Г] Тәкмә бир ай ортасында үч күн руза 
тутғыл - Әр айдың ортасында ораза тұт. 
Мұндай ортақ сөздер қазақ халқының, оның тілінің пайда болуына 
негіз болған этногенетикалық, глоттогенетикалық құбылыстарының 
тамыры. Көне қыпшақ жазба ескерткіштерін зерттеудегі өзекті мәселе 
жекелеген сөздердің тарихын, этимологиясын қазіргі тілдік деректер 
негізінде зерделеу болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет