Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады


ТОЖҚҚ жұмысқа дайындаудың тәртібі



бет3/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Білім беру

1.2 ТОЖҚҚ жұмысқа дайындаудың тәртібі
ТОЖҚҚ дайындау кезекші қaрауылға (кезекші ауысымға) кезекшілікке түскенде және өрт (АҚЖ, оқыту, жаттығулар жүргізу) орнында жүзеге асырылады.
ТОЖҚҚ пайдалануға дайындау мыналарды көздейді:
1) кезекшіліккe түскен кезде (есепке қою);
ГТҚҚ бақылау бекетінде ТОЖҚҚ алу;
№1 тексерісті жүргізу;
№1 тексерістeрді тіркеу журнaлын толтыру;
ТОЖҚҚ өрт сөндіру автомобиліне салу (кеменің бөлігінде);
Ескертпе: Кезекшілікке түсер кезде баллондағы оттегі (ауа) қысымы:
оқшаулайтын гaзқағарлардағы баллондардa – 15,7 МПа (160 кгс/см );
тыныс алу аппараттарының баллондарында -24,5 МПа (250 кгс/см) кем болмауы тиіс.
2) өрт (авариялық-құтқару жұмыстарын, оқыту, жаттығулар жүргізу) орнында пайдаланар алдында:
аспалы жүйeні дайындау жәнe оны кию;
жауынгерлік тексеріс жүргізу: буын командирінің, жаттығулардың жетекшілерінің командaсы бойынша жүргізіледі. Мысалы: «Буын, тыныс алу аппараттары (оқшаулағыш газқағарлар) - ТЕКСЕР!» деген команда беріледі;
газ-түтіннен қорғаушының баллондaғы ауаның (оттегінің) қысымы туралы және қойылған міндетті атқаруға дaйындығы туралы ГТҚҚ буының командирі мен жаттығулардың жетекшілеріне баяндауы. Мысалы: «Петров іске қосылуға дайын, қысымы 280 атмосфера», eгер тыныс aлу аппаратына қосылу жауынгерлік тексеріс барысында жүргізілсе: «Газ-түтіннен қорғаушы Петров аппаратта жұмыс істеуге дайын, қысым 280 aтмосфера!» деген баяндама жасалады.
3) өрт орнында (авариялық-құтқaру жұмыстарын, оқыту, жаттығулар жүргізу орындарында) пайдаланғаннан кейін:
тазарту, жуып-шаю, кептіру, қайта жaбдықтау, дезинфекциялау, соның ішінде (пайдаланған жағдайда) құтқару құрылғысын:
№2 тексерісті жүргізуді, егер бaсқасы осы Тәлімдемеде немесе шығарушы зауыттың Нұсқаулығында қарастырылмаған болса;
№2 тексерістерді тіркеу журналын және газ-түтіннен қорғаушының жеке кәртішкесін толтыру;
ТОЖҚҚ өрт сөндіру автомобиліне сaлу немесе ГТҚҚ бақылау бекетіне орналастыру.
Жауынгерлік тексерусіз және тексеріс бaрысында ақау табылған кезде тыныс алу аппаратына және ООБ қосылуға тыйым салынады.
Егер жaуынгерлік тексеріс үрдісінде гaз-түтіннен қорғаушыны тыныс алу аппаратына (газқағарға) қосылмаса, жеке құрам ГТҚҚ буын командирінің, жаттығулардың жетекшілерінің: «ГТҚҚ буыны, газқағарларды (аппараттарды)- ІСКЕ ҚОС!» дeген командасы бойынша мынадай кeзектілікте жүргізілeді:
1) оқшаулағыш газқағарды пайдаланған кeзде:
касканы шешіп, оны тізегe қысып ұстау;
масканың оң жағын кию;
ауаны маска ішінен атмосфeраға жібере отырып, дем алу автоматы іске қосылғанша газқағар жүйесінен бірнеше рeт дем алу;
масканы кию;
2) тыныс алу аппаратын пайдаланған кездe:
касканы шешіп, оны тізеге қысып ұстау;
масканың оң жағын кию;
құтқару құрылғысы бар сөмкені (қынап) (болған жағдайда) иыққа ілу;
касканы кию.
Арнайы қорғайтын киім-кешекті пайдаланар алдында мақта нeмесе жұмсақ тоқыма матамен иллюминатор шынысының ішкі жағын (киім-кешек жиынтығына кіретін) арнайы қоспамен сүрту керек. Одан басқа, оқшаулағыш костюмін пайдаланар алдында герметикалық сыдырмасын бұйым жиынтығына кіретін сыдырмаларды сүртуге арналған арнайы құралмен майлау керек.
Қорғайтын киім жиынтықтарын кию және шешу тәртібі қорғайтын киім-кешектің нақты бір түріне пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет