Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері
Бақылау сұрақтары:
1. Бұршақ тұқымдас дақылдарды зақымдайтын фитофагтардың түрін және отряды мен тұқымдасын сипаттаңыз.
2. Бұршақ бітенің дамуы мен көбеюінің ерекшелігі қандай?
3. Бұршақ тұқымдас дақылдардың қатты қанаттылар отрядына жататын фитофагтардың даму циклін және зақымдауының өзгешелігін сипаттаңыз.
4. Бұршақ жемісжемірі мен бұршақ немесе акция көбелегінің биологиясының ерекшелігін және оның зияндылығын көрсетіңіз.
5. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын тізіп сипаттаңыз.
Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – phytonomus uariabilis Hbst.(Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera- қоңыздар отряды).
Дене тұрқы – 4,5-5,5 мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңып болып келген. Қоңыздардың алдынғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдердің денесінің ұзындығы – 10 мм шамасындай, денесінің түсі жасыл, басы қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында және топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы температура жоғарылаған кезде жаздық үзіліске кетеді. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Негізінен дернәсілдер көп зиян келтіреді. Гүлдердің, сонымен қатар жапырақтардың бүршігін кеміреді, өсімдіктің жоғарғы бөлігінің солуын тудырады және өсу нүктесіне зияе тигізеді. Есейген жастағы дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен, үлдің түйнегімен қоректенеді.
Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскелері кем дегенде 500 м алыс болуы қажет. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде – 3-8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде – 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |