Кiрiспе I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi



бет5/8
Дата25.02.2016
өлшемі310 Kb.
#20714
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Президенттiң Жарлығымен екi кұн өткен соң айырбас мерзiмi 1993 ж. 1 қыркұйек айына дейiн ұзартылып, айырбас шегi бiр адамға 100 мыңға дейiн ұлғайтылды. Ресейдегi ақша реформасы ескi үлгiдегi ақшаларды ТМД елдерiне, оның iшiнде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол бердi. 1992 ж. Бiрiншi жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға ағылшыннң “Харрисон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтiп, 1993 ж. 1, 3,5,10,25,50 және 100 теңгелiк ақшалар Қазақстанға жеткiзiледi. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесi бар.

1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев ”Қазақстан Республикасына ұлттық валютаны енгiзу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта-теңге енгiзiлдi.


КСРО Мембанкiнiң және 1992-1993 жж. Ресей үлгiсiндегi қазыналық және банктiк билеттердi айырбстау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегiнде ақша айырбастай алды. Айырбас бiр рет қана жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатқа белгi соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзiм iшiнде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiн құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiннiң заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексердi. Комиссияның шешiмi бойынша бұл қаражаттар мерзiмнен бұрын босатылды. 15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi аралықта халық теңгемен және рубльдермен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететiн тұлғалардың ақшалай түсiмдерi кұнделiктi қабылданды: теңгеде-шексiз, 1961-1993 жж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегi ақшаларды 1993 ж. шiлдедегi ақшалай түсiмдердiң орташа шамасынан аспайтыны сомада, 1,3 коэффициентке түзетiлген шамада қабылдады. Кәсiпорындардың баланстарындағы рубльмен берiлген активтер мен пассивтер екi күн iшiнде (15-16 қарашада) қайта есептелiндi. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтердi қайта есептеу кезеңiнде банктер клиенттермен операциялар жүргiзбедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп кеттi. Соған сәйкес баға мен жалақы да өстi.

Инфляцияның өсуi бiршама iрi ақша купюраларын қажет еттi. 1994 ж. бастап 200,500,1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар бiртiндеп айналысатын шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегi монетелар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы жүз жылдық мерейтойының құрметiне 100 теңгелiк күмiс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында ”Жiбек жолы” жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,24 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың тегелiк алтын монеталар кiрдi. Жиынтық 816 доллар тұрды. Сонымен Қазақстан теңгесi соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бiршама тұрақты валюталар қатарына кiредi.

Қазақстанға ұлттық валютаның сәттi енгiзiлуi, әрi қарай оның сыртқы және iшкi тұрақтылығын қамтамасыз етудi талап етедi.

Ал ендi осы жүргiзiлген реформаларды өзара салыстырып, олардың ерекшелiктерi мен кемшiлiктерiн бiз келесi кестеден байқауымызға болады.


Кесте-1

ҚР-дағы ақша реформаларына талдау

Ақша реформалары жүргiзiлген жылдар.

Реформаға себеп болған жағдайлар.

Реформаның ерекшелiктерi.

Реформаның кемшiлiгi

Реформаның нәтижесi.

1

2

3

4

5

1922-24 ж.

Бюджет тапшылығы

Екi кезенде жүргiзiлуi червонецтiң жалғыз тұрақты валюта болуы.

Екi валютаның қосарлы айналысы.

Мыс валютаның келуi.

1947 ж.

Соғыс зардаптарын жою, бюджет тапшылығы.

2%-дық заемға конверсиялануы.

Бөлшек сауда бағаларын төмендетудi ескермеуi.

Рубльдiң шығуы, ақша қызметтерiнiң маңызының артуы.

1950 ж.

Айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу.

Рубльдiң алтындық құрамының 0,222168 г. таза алтынмен белгiлеуi шетел валюталарына қатысты бағамның анықталуы.

КСРО мемлекеттiк банкiнiң түзету енгiзуiнiң қажеттiлiгi.

Рубльдiң қатаң белгiленген алтындық құрамы оның халық аралық есептесулерде пайдалануын кеңейттi.

1961 ж.

Баға масштабының ұсақ болып қалуы.

Баға масштабын iрiлендiру және рубльдiң алтындық құрамын көтердi.

Шетел валюталарына бағамның жоғарылауы.

Ақша есебi техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi.

1993 ж.

Ескi үлгiдегi ақшалардың Қазақстанға ығысуына жол берiлуi.

Жаңа төл теңгенiң айналымға енгiзiлуi. “Хариссон” фирмасында жасалған 11 дәрежелi қорғанысы бар.

Ақшаны аиырбастауға аз уақыт мерзiмiнiң берiлуi.

Тұрақты төлем құралының айналымға енгiзiлуi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет