Кiрiспе I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi


Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi



бет2/8
Дата25.02.2016
өлшемі310 Kb.
#20714
1   2   3   4   5   6   7   8

Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.

Ғалым экономистердiң арасында алтынның ақшалай тауар ретiнгi ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi ұшiншi бiреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.


Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi (қоғамдық белгiлерi) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақта алтын дүние жүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.

1.2 Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi

жағдайдағы дамуы.


Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi-бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, дұниежүзiлiк ақша. Ақша құн өлшемi ретiнде. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiс жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнның өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана құн өлшемi бола алады. Бұндай тауар болып өнiм өндiруiне қоғамдық еңбекке жұмсалған, құнды қорғайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi-ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi. Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi. Тауар бағасын өлшеу ұшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар, кез-келген тауарлар санын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi. Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiндегi ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша (алтын, күмiс, мыс) айналасында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық саны ақша бiрлiгiне бекiттi.

Алғаш монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келедi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.

Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылық бар. Құн өлшемi мемлекетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билiгiне тәуелдi және құнды емес тауар бағасын көрсету ұшiн қызмет етедi.

Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тромск унициясына (31,1г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973 жылдардағы долларды девалевациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.

Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.

Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.), нәтижесiнде арнайы алтын бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу қызметi нарықтық баға масштабы негiзiнде орындалады.

Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ.

Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қорғау ақшалардың пайда болуы, ақша ажырауына алып келдi.

Ақшаның келесi қызметi бұл айналыс құралы ретiндегi қызметi. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.

Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу мен сату актiсi ерекшеленедi уақытысы мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiнде қызмет етедi.

Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк, оперативтiк, коммерциялық сауда тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуiне тиым салынбаған.

Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:



  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғаллысы;

  • оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

  • ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар-ақша белгiлерi орындайды.

Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсiндiрiледi.

Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бiр ақша бiрлiгi бiр-несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажетi сонша аз болады.

Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, бұл олардың құнсыздануы, яғни инфляцияға алып келедi.

Ақшаның келесi қызметi-төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғалысымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасынан көрiнедi. Олар өткiзу процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кем жүруi мүмкiн.

Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысында ғана емес, сонымен бiрге қаржы несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтауға болады:



  • тауарлар мен қызметтердi мiндеттемелер;

  • еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;

  • мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;

  • банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мендеттеме;

  • сақтандыру мiндеттемелерi;

  • әкiмшiлiк-сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары.

Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сатып алу мен сатуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет