Кiрiспе I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi



бет8/8
Дата25.02.2016
өлшемі310 Kb.
#20714
1   2   3   4   5   6   7   8

Осылайша жүргiзiлген ақша несие саясатының арқасында 2007 ж. валюталық қатынастарды толық либерализациялауға қол жеткiземiз деп күтiлуде. Валюталық шектеулердi азайту шаралары отандқ қаржы нарығының өсуiне, қаржы құралдарының дамуы мен нақты секторға қаржы ресурстарын тартуға әсер етедi деп күтiлуде.


3.2 Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық

бағамы.

Валюталық бағам-бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын объективтi құндық қатынастарына негiзделiтiнi баршамызға белгiлi. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бөлiп қарауға болады:


  • саяси-саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. Ал бiздiң Қазақстан республикасында бағамның қалыптасуына ықпал ететiн саяси факторлардан кемшiлiк көруге болмайды. Елiмiздегi саяси тұрақтылық оған оңды әсерiн ғана тигiзедi;экономикалық, халықаралық тәжiрибеде анықталатын экономикалық тiктөртбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы мен инфляцияның төменгi қарқыны (жылына 10%-ке дейiн) жұмыссыздықтың төменгi деңгейi (жылына 8% дейiн), дүниежүзiлiк нарықтағы тепе-теңдiк; Экономикалық фактордың да тиiмдi жақтары дәр қазiргi жағдайда ел экономикасында орын алып отыр.

  • Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғауға ұмтылыс және т.б.

Валюта бағамдарының динамикасы ақша бiрлiктерiнiң сатып алу қабiлеттерiне, инфляция қарқынына сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететiн төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейiндегi айырма, валюталық нарық қызметтерi мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттiк реттеу, дүниежүзiлiк нарықтағы валютаға деген сенiмдiлiк дәрежесiне байланысты.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.

Фундаментальдi факторлар орта мерзiмде әрекет ететiн ұлттық экономиканың жағадйының негiзгi макро-экономикалық көрсеткiштерi болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макро-экономикалық статистиканың мәлiметтерiн бiлдiредi. Мынадай негiзгi факторлар бар: сатып алу қабiлетiнiң парибетi бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнiм, нақты пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi, жұмыссыздық деңгейi, инфляция, төлем балансы, өнеркәсiптiк өндiрiс индексi, iскерлiк оптимум индексi.

Техникалық талдау-бұл бағамды жүргiзу графигiн талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесiдей типтерiн ажырата бiлу керек: сызық, кесiндi графиктерi, жапон шамдарының крестиктер-коликтер графигi. Валюталық бағамның қозғалысын толқынға ұқсас болып келедi және онда бiр жерде жоғарыласа, екiншi бiрде төмендеу байқалады.

Қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгiзуi мүмкiн. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (фарс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердiң сөздерi, валюталық инвестиция.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқавалюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екi ақша бiрлiгiнiң қатынасын анықтауға мүмкiндiк бередi. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекiткенде жанама баға белгiленiмi қолданылады. Ол мынадай мағынаны бередi: шетел валютасының белгiсiнiң бiр сомасы (мысалы, 1,10,100,1000 бiрлiк), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерiсiн көрсету үшiн қолданылады. (мысалы, 1USD=136,312KzT) жаңа баға белгiленгенмен көп қолданбайды.

АҚШ-тың iшкi айналымында жанама баға белгiленiмi немiс шекарасына қатысты қолданылады.

Валюталық баға белгiленiмiнiң түрi валютаның жағдайына, боның курстық деңгейiне әсер етпейдi, өйткенi валюталық бағамның мәнi, өзгермей тек формасы ғана өзгередi.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тiркеуден тұратын баға белгiлеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негiзiнде егер банк валютаны сатса, сатушыынң бағамы бекiтiледi, ал егер валютаны сатып алса, сатып алушыынң бағамы бекiтiледi.

Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктiң шығындарын жабу үшiн қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта боатын нақты жағдайы және валюта статусына мәлiле көгемiне, компанияның немесе банктiң статусына байланысты өзегередi.

Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар халықаралық төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалады. Сауда-өнеркәсiп клентурасы үшiн валюталар котировкасы банкiмен кросс-курс негiзiнде бекiтiледi. Кросс-бағам бұл екi валютаның, олардың үшiншi валютаға қатысты есептелiнетiн бағамнан шығатын қатынасын бiлдiредi. (Көбiнесе АҚш долларына) .

Сатушылар және сатып алушылар бағамдары ресми бюллетендерде жарияланады.

Ендi осы ресми бюллетендерде жарияланған валюта бағамдарына талдау жасап көрейiк. Ол үшiн осы теңгенiң қазiргi жағадйныа кiшкене тоқталып өтелiк.

Ұлттық Банктiң теңгенi айналымға енгiзiп, мықты валютаға айналдыру үшiн атқарған жұмыстары бiрқатар. Бұгiнде теңге сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды да қолданылып жүр. Үкiмет пен ұлттық Банктiң ұстанған саясаты 10 жылда екi рет өзгердi. Бастапқыда Банк валюта нарығында басқару режимiн ұстанып отырды. Қандайда бiр ауытқулар болған кезде жағдайды түзету үшiн шұғыл шаралар жүргiзiледi.

Теңгенiң тұрақтылығы, соынмен қатар мемлекеттiң алытн валюталық қорына да байланысты. Теңге айналымға енген тұста елiмiздiң алтын валюталық қоры 500 миллион АҚШ долларын құрады. Қазiргi таңда ұлттық қордағы қаражатты қосқанда елiмiздiң халықаралық қаржы қоры 7,8 млрд. АҚШ долларын құрап отыр, яғни бұрынғыдн 15 есе көп.

1999 жылы Қазақстан республикасының үкiметiмен ұлттық Банкi теңгенiң шетел валюталарына шаққандағы бағамды анықтайтын еркiн түрде режимге өтудi жөн көрдi. Бұл режим экономикасы нарықтық болып танылған елдерге тән. Сол мезетте Қазақстанның экономикасыда нарықтық заңдармен өмiр кештi, сондықтан валюта саясатының өзгеруi уақыт күтiрмейтiн маңызды мәселеге айналды.

Айналымға енген күнi теңгенiң 1 долларға шаққандағы бағамы 4 теңгеден сәл асса, 1999 жылдың сәуiр айында көрсеткiш 120 теңгеден асып түстi. Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамының өзгеруi келесi сызбада келтiрiлген.



Сызба N1. Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамының өзгеруi.



Ендi бiз теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамының өзгерiсiн және өзгеде валюталарға шаққандағы өзгерiсiне талдау жасап көрелiк.

Кесте-3

Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамының өзгерiсi


Валюта атауы

Жылдардағы бағамның өзгерулерi




2002

2003

2004

1 австрия доллары

190,91

107,65

107,56

1 ағылшын фунт стерлингi

260,18

255,89

256,15

1 дат кронасы

24,09

24,22

24,21

1 БАЭ дархамы

38,56

39,27

39,02

1 АҚШ доллары

141,62

144,22

136,55

1 ЕВРО

179,35

180,23

180,83

1 Канад доллары

111,03

110,11

111,03

1 Кувейт доллары

480,26

489,41

486,59

1 Норвег кронасы

22,84

21,41

21,47

1 Сауд Арабия риялы

37,76

38,46

38,22

1 Сингапур доллары

83,57

84,76

84,32

1000 түрiк лирi

0,11

0,10

0,10

1 Швед кронасы

19,58

19,85

19,91

1 Швейцар франкi

114,90

115,49

116,02

100 Оңтустiк Корея вонасы

12,00

12,05

12,02

10 Жапон иенi

13,33

13,49

13,41

1 Қытай юаны

17,11

17,42

13,41

1 СДР

112,16

213,49

212,22

1 Қырғыз сомы

3,20

3,26

3,24

1 Латвия латы

267,01

269,57

269,01

1 литвия литы

51,96

52,22

52,40

1 Молдаван лейi

10,79

11,27

11,03

1 Ресей рублi

4,91

4,93

4,90

1 Украин гривнi

26,54

27,04

26,88

1 Эстон кронасы

11,47

11,52

11,56

Кестеден байқап отырғанымыздай соңғы жылдарда төл теңгемiздiң тұрақтанғанын көруiмiзге болады. бұған µлттық Банктiң валюта нарығында қалыптасқан жағдайды толық бақылауға алып, сонымен бiрге, банк жүйесiне реформа жасап, халықаралық стандарттарға сәйкестендiруге баса назар аударып отырғаны себеп болып отыр.

µлттық банктiң негiзгi мiндетi ұлттық валютамыздың iшкi және сыртқы тұрақтылығын сақтау. Осы тұрғыдан алғанда µлттық банк өз м iндетiн жоғары деңгейде атқарып отыр деп айта аламыз.

Ал ендi бiз тек қана теңге мен доллардың валюталық бағамына талдау жасап ондағы өзгерiстердi анықтайық:

Кесте-4


Валюта

Жылдардағы өзгерiстер

Ауытқу




2003

2004



АҚШ доллары

155,75

136,55

-19,20

Бұл жердегi айырманың, яғни ауытқудың үлкен екенiн көрiп отырмыз. өткен жылмен салыстырғанда теңгемiз өзiнiң құнын 19,20 теңгеге арттырып отыр. бұл әрине ең алдымен елiмiзде экономикалық жағдайға байланысты болып отыр. Казақстан Республикасының экономиканың өсiу 2,1% құрайды. Қазiргi кездегi ұлттық банктiң ұстанып отырған саясатының дұрыс екендiгiн көрсетiп отыр.



ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жұмысты қорыта келе ақша реформаларын жетiлдiру мәселесi қайсы бiр қоғам үшiн кезек күттiрмес мәселе екенiн айта кеткiмiз келедi. Дипломдық жұмыста ақшаның тарихы, мәнi, қызметтерi туралы жазылды. Бұл “өткендi бiлмеген кенекке қадам жасай аламйды” деген қағидаға сүйене жүргiзiлдi. Ал елiмiздiң тарихында жүргiзiлген ақша реформаларына талдау жасай отырып, оның себептерiн, кемшiлiктерi мен ерекшелiктерiн анықтадық, сонымен қатар нәтижесiне баға бердiк. ТМД елдерiндегi ақша реформаларының ерекшелiгiне тоқталдық. Бұл жүйеннi ретке келтiрудегi ең маңызды мәселе бұл дұрыс ақша неси саясатын жүргiзу екенi даусыз. А) ақша несие саясатының болашақтағы бағдары Қазақстан Республикасындағы валюта режимiн ары қарай либерализациялау болып табылады. Ал, бұл капиталдың сыртқа шығарылуңы мен кемуiн валюталық бақылаумен реттеудi өзгертедi. Капиталды сыртқа шығаруды либерализациялау капитал қозғалысына байланысты кейбiр валюталық олперациялар түрлерi бойынша лицензияланбайтын операциялар шеңберiни кеңейту немесе лицензиялаудан бас тартудың кезеңдерiн қамтиды. әр бiр елдiң ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын объектмивтi құндық қатынастарына негiзделетiнi белгiлi. Бағамдардың қалыптасуына ықпал ететiн үш факторды бөлiп қарастыру қажет:

-саясат;

-экономика;

-психология;

Валюта бағамдарының динамикасы ақша бiрлiктерiнiң қаблеттiлiктерiне инфлияция қарқынына алып атарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттiк реттеу, дүние жүзiлiк нарықта валютаға деген сенгiмдiлiк дәрежесiне байланысты болды.


Қазақстандағы жоғары қарқынды инфлияға қарсы күресте пайдалануғңа мүмкiндiк беретiн келесi бiр факторға шет ел Валютасына деген шектеген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Сондықтанда елiмiзде жүргiзiлiп отырған ақша несие саясатына баға берiлiп, оның ерекшелiктерi қарастырылып, боның негiзгi көрсеткiштерiне болашаққа болжам жасалынды. Жалпы алғанда елiмiздегi ұлттық банктiң ұстанған ақша-несие саясатын қолдай келе келесiдей ұсыныстар жасауға болады:


  1. валюталық қатынастарды толық либерализациялауға қол жеткiзу қажет;

  2. теңгенiң сыртқы және iшкi тұрақтылығын сақтау бойынша iс-шараларды күшейту;

  3. теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамын тұрақтандыру;

  4. теңгенiң еркiн айналысқа түсуiне ел экономикасын жақсарта отырып жол ашу.

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi

  1. ҚР президентiнiң жолдауы

  2. Зоп. ұлттық банк туралы

  3. Экономикс

  4. Леврушина “ДКБ”

  5. Сейiтқасымов Ақша, несие, банк

  6. Аубакиров “Экономикалық теория”

  7. Ильясов “ДКБ”

  8. Бюлеттень бухгалтера 2003ж.

  9. Экономика және статистика 2003ж.


  10. Егемен Қазақстан 25 қазан 1996 ж.

  11. Егемен қазастан 13 қараша 1998 ж.

  12. Шымкент келбетi 7 қараша 2003 ж.

  13. Сұхбат N32 10 тамыз 2003 ж.

  14. ЮКГБ N1, январь 2003 г.

  15. Банки Казахстана, N12-2001г.

  16. Банки Казахстана N2-2004 г.

  17. Экономист N11 2003 г.

  18. Шымкент келбетi 2003ж. Қараша 4.

  19. Сұхбат 10 тамыз 1994 ж.

  20. Банки Казахстана –N 2. 2004ж.

  21. Банки Казахстана N 12. 2001ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет